7


  • Учителю
  • Урок казахского языка Мемлекеттік мерекелер. Зат есімнің тәуелденуі

Урок казахского языка Мемлекеттік мерекелер. Зат есімнің тәуелденуі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ қазақ тілі «10» желтоқссан 2013 жыл

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік мерекелер.Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беру, яғни заттың , қандайда бір нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту,

қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты:: адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, түсіндіру, талдау,.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ жауап: Зат есім дегеніміз не?

Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?


Кім? Кімдер?

Не? Нелер?

жолаушы

қалалар

кітапханашы

метро

тұрғындар

көше

азамат

даңғыл

елбасшысы

сиыр

оқушылар

жылқы


Перфокартаны толтыру, жекеше жұмыс :


Атау

септік

Ілік

септік

Барыс

септік

Табыс

септік

Жатыс септік

Шығыс

септік

Көмектес септік

Қалаға


Біздің


Көшелерде


машинамен


қонақүй


астананы


мұражайдан

3.Жаңа материалды қабылдауға дайындық.

Сабақтың тақырыбына қызығушылығын оятуға байланысты жұмыстар.

  1. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

  2. мәтінмен танысу : Мемлекеттік мерекелер


Қазақстан Жоғарғы кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Бұл күн-Қазақстан тарихына «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Сондықтан да 16 жетоқсан-бүкілхалықтық мереке. Бұл республикасының барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды. Тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.

Кесте: 16-17 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

1-2 қағтар-Жаңажыл.

8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні.

22 наурыз-Наурыз мерекесі.

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні.

9 мамыр-Жеңіс күні.

4 маусым- Қазақстан Республикасының рәміздер күні

30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.


Грамматикаға көшу.


Ортада тәуелдену деген сөз шықты. Бұл зат есімнің тәуелденуі . Зат есімнің жаңа бір қасиеті. Мақсатымыз зат есімді тәуелдеп үйрену.


Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.

Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.


Тәуелденудің түрлері

Жақ

Тәуелді заттың иесі

Тәуелдік жалғаулы сөздер

Жалғаулары

жекеше

көпше



Оңаша тәуелдену

І


ІІ

ІІІ

менің


сенің

сіздің


оның


ел-ім,бала-м


ел-ің, бала-ң

ел-іңіз, балаңыз

ел-і, бала-сы

ел-дер-ім


ел-дер-ің

ел-дер-іңіз


ел-дер-і

-м,-ым,-ім


-ң,-ың,-ің

-ңыз,-ңіз

-ыңыз,-іңіз

-сы,-сі,-ы,-і



Ортақ тәуелдену

І

ІІ


ІІІ

біздің

(біздердің)


сендердің


сіздердің


олардың


ел-іміз,

бала-мыз


ел-ің,

бала-лар-ың

ел-іңіз, балаңыз

ел-і, бала-сы

ел-дер-іміз


ел-дер-ің


ел-дер-іңіз

ел-дер-і

-мыз,-міз

-ымыз,-іміз

-ың,-ің,-ң


-ыңыз,-іңіз

-ңыз,-ңіз

-сы,-сі,-ы,-і


Тапсырма: Тәуелдік жалғаулы сөздердің қандай сөзбен байланысатынын естеріңе түсіріп, берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.

Үй, киім, , Отан, мереке.

Жақ

үй

киім

Отан

мереке

Оңаша

І

ІІ


ІІІ

үйім

үйің

үйіңіз

үйі


Ортақ

І

ІІ


ІІІ

үйіміз

үйің

үйіңіз

үйі


Тапсырма.

Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар.


Қуанышым,әкеміз, кітабың, дәптері, үстеліңіз, мектебіміз, ұстазың, туысқанымыз, досыма, баласы, көршіңіз, інім.

Үлгі: қуанышым-қуанышымыз,...............

Әкеміз-әкем,................

Деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

І деңгей тапсырмасы. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.

ІІ деңгей тапсырмасы. Құрамында ортақ және оңаша тәуелденген зат есімдері бар өзің білетін өлең шумақтарын жатқа жаз. Қалаған бір сөзіңе фонетикалық талдау жаса.

Сабақты қорытындылау (оқушылармен бірге)

-тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.

- бір не бірнеше заттың бір ғана затқа я адамға меншікті екенін білдіру оңаша тәуелдену;

- бір не бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру ортақ тәуелдену дейді.

Үйге тапсырма. 4-жаттығу.73 бет .Ережені , кестені оқу.72 бет





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал