- Учителю
- Разработка урока по казахскому языку на тему: 'Қош келдің, Наурыз!' (5 класс)
Разработка урока по казахскому языку на тему: 'Қош келдің, Наурыз!' (5 класс)
Тақырып: Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың білім-білік , қарым-қатынасын , икем дағдыларын қалыптастыру;
Білімдерін жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу мен тәрбиені ұштастыру;
Оқуға деген қызығушылығын арттыру;
Мақал-мәтел, жаңылтпаштар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту;
Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, суреттер, коржын, киіз үй, ТҚЖ., марапаттау қағаздары,
Сайыстың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме? Балалар! Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі сайыста тек сәттілік тілеймін!
а) Ал, сайысты бағалау үшін сіздерді әділқазылармен таныстырайын:
1.
2.
б) Топтарды таныстыру:
в) Салт-дәстүрдің бір көрінісі ретінде бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын шашу шашайық.
ІІ. Негізгі кезең:
1-сайыс. «Тіл ширату»
- Жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Наурыз жылдың нешінші айы?
- Наурыз көктемнің нешінші айы?
- Наурыз сөзінде неше буын бар?
- Бүгін наурыздың нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Наурызда қандай мерекелер бар?
2-сайыс. «Үй тапсырмасы».
Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3-сайыс. «Көрермендер сайысы». «Сөзтізбек» ойыны.
Сөздің соңғы дыбысына сөз құрастыруы керек.
4-сайыс. «Жекпе-жек». Топбасшылар сайысы....
Қасиетті сандар:
1) Үш жұрт:
2) Жеті күн:
3) Үш анық:
4) Жеті қазына:
5) Үш бәйтерек:
6) Үш жұт:
7) Бес арыс:
8) Төрт ана:
9) Үш арсыз:
10) Жеті ата:
5-сайыс. «Жаңылтпашпен жаңылдыру».
1) Шеше кеше неше кесе сынды?
2) Шемішке шақсаң шақ, шапшаң шақ.
3) Сыныпта ақ бор бар, көк бор бар, көп бор бар.
4) Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.
Мұғалім оқыған жаңылтпаштарды оқушы жаңылмай айтып шығуы керек.
6-сайыс. «Шашыраңқы әріптер».
Әріптерді дұрыс орналастыра отырып, сөздер құрастыру.
-
раыузн
-
көмтек
-
нзжурыекөа
-
лұқба
-
рамемй
-
таба
-
йекәшбеш
7-сайыс. «Тіл - өнер» сайысы.
Жүргізуші: «Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге,ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда» - дегендей «Тіл-өнер» сайыс деп аталады.
Бұл кезеңде берілген сұрақтардағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі.
1. Жұт . . . ағайынды / Жеті- семь- seven/
2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/
3. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/
4. Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның - дедушка - grandfather/
5. Өнер алды қандай жол? /қызыл - красный- red/
6. Мысыққа ойын керек,
. . . өмір керек /тышқан - мышь - mause/
7. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен / кітап - книга - book /
-
Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді / су - вода - water /
-
Батыр туса - ел ырысы,
. . жауса жер ырысы. /жаңбыр - дождь - rain /
-
Ұста - пышаққа жарымас,
Етікші - . . . жарымас . /етік - сапог - a boot /
8-сайыс. «Мақал-сөздің маржаны».
Екі топ бір-бірімен кезектесе отырып мақал жарыстырады.
9-сайыс. «Сандар сыр шертеді».
Қоржыннан сандарды кезектесе отырып алып, сол санды сөйлете отырып, киіз үйді құруы керек.
10-сайыс. «Суретті сұрақтар».
Ауызша журнал (Слайд бойынша)
11-сайыс. «Қос тіл - қос қанатың».
Сөздік жұмыс
12-сайыс. «Блиц сұрақтар». Нақты уақытта сұрақтарға жауап береді.
-
Наурыз қай тілден алынған?
-
Наурыз сөзі нені білдіреді?
-
Наурызды қашан тойлаймыз?
-
Наурыз күні дайындалатын тағам?
-
Наурызкөже неше түрлі дәмнен жасалады?
-
Жылқы сүтінен жасалатын сусын?
-
Еттен жасалатын ұлттық тағамдар?
-
Бала алғаш мнетепке барғанда жасалатын той?
-
Көктемде алғаш шығатын гүл?
-
Төрт түлікке нелер жатады?
-
Көктемнің алғашқы мерекесін білесің бе?
-
Түйе сүтінен жасалатын сусын?
-
Көктемнің соңғы айы қалай аталады?
-
Сүт тағамдарына нелер жатады?
13-сайыс. «Ақырғы сайыс». Жоба құру.
ІІІ. Қорытынды.
Бүгінгі сайысты қорытындылау үшін сөз әділқазыларға беріледі.