- Учителю
- Әдеби тіл және мәтін. Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі
Әдеби тіл және мәтін. Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі
Сыныбы:6
Сабақтың тақырыбы : Әдеби тіл және мәтін. Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметіКурчум ауданы,Қаратоғай орта мектебінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Сағиева Саягул Есеновна
Сабақтың мақсаты : а) Әдеби тіл,мәтін жайында түсінік беру. Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа ауд
ә) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тіл - адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.қоғамы үнемі
даму, жетілу үстінде
болады. Тіл қоғамда
туып, дамиды,
қоғамға қызмет етеді.
Өйткені қоғамдағы
өзгерістердің
бәрі тіл арқылы
көрініп, тіл арқылы
кейінгілерге беріледі.
Тілдің дамуының
өзі қоғамның даму
өзгерістеріне байла-
нысты.
Адамдар тіл арқылы
бір-бірімен хабарла-
сады, пікір алмаса-
ды. Адам өз ойын
жарыққа тіл арқы-
лы шығарады. Тіл -
адамдардың қарым-
қатынасының басты
құралы.
Адамзат өз
қолданысына қарай
тілдердің дамуына,
өрістеуіне ықпал
етеді.
Әлемдегі тілдер
сияқты қазақ
тілінің де
қалыптасу, даму
тарихы бар.
Тілдің шығуы мен
қалыптасуы және
даму кезеңдерін
тарихи тұрғыдан
қарастыру арқылы
біз тілдің тарихи
құбылыс екеніне
көз жеткіземіз.
Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? Жоғарыда көрсетілген кестені пайдалана отырып, «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.
Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : «Тілім,тірегім,соғып тұрған жүрегім!» тақырыбына шығарма жазып келу.
-
Пән аты: Қазақ әдебиеті
-
Сыныбы: 8
-
</<font color="#262626">Курчум ауданы,Қаратоғай орта мектебінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Сағиева Саягул Есеновна
Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарына ортақ әдебиеті. «Алып Ер Тоңға»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға ежелгі аңыз-жырлар туралы әдеби білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Ұлан - байтақ қазақ жері - ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі - біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай «түрік», «түркілер» атанған.
Сақтар біздің заманымыздан Моңғолия мен Дунай арасын мекендеген. «Сақ» сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ) т.б. Көшпелі сақтар жайындағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.
Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: « Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық - түлік мол болғай! » -деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VІІ -ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.
Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.
2. Алып- ер Тұңға туралы мағлұмат беру.
Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» кітабының (ХІ ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып-Ер Тұңға - Афрасияп, Тұранның (Түр елі - түріктер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл - айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде қалған тарихи тұлға.
Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.
Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп, ХІ ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа кірген
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Алып-Ер Тұңғаны жоқтау
Алып-Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды мА?
Заман өшін алды мА?
Енді жүрек жыртылар.
ІV. Үй тапсырмасын беру.
1. Заманымыздан бұрынғы жазу- сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып-Ер Тұңға» туралы мағлұмат.
2. Алып-Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VI. Сабақтың аяқталуы.