- Учителю
- поурочный план по казахскому языку на тему 'Есімдіктің мағыналық түрлері'
поурочный план по казахскому языку на тему 'Есімдіктің мағыналық түрлері'
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырып: Есімдіктің мағыналық түрлері
SMART мақсат:
Сыныптағы оқушылардың кем дегенде 80 пайызы берілген қарапайым тапсырмалардың ішінде жартысынан көбін ешбір қатесіз есімдіктердің түрлерін ажырата, салыстыра алуы керек. Сабақтың соңында оқушылар есімдіктің мағыналық түрлерін меңгере отырып, есімдіктің мағыналық түрлерін жіктеуді, салыстыруды, ережелерді өздеріне құруды орындай алады.
Күтілетін нәтиже
Мұғалім
Оқушы
- барлық бала тақырыпты меңгереді;
- оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі
- білім берудің формасын оңайландырады
міндеттерін атқару;
- тапсырмалар бойынша бағыт-бағдар береді.
- қазақтың салт-дәстүрлерінің қолданылуын ұғынады;
-танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;
-мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;
-ойын нақты, қысқа жеткізе алады;
- өзін-өзі бағалайды
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: қазақ тілін тиімді оқыту әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктері: Кесте сызбалар, таблица (сілтеу есмдігі) суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика.
Технология: «Сатылай кешенді талдау» технологиясы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен амандасу
- сабаққа даярлығын тексеру
- сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға өздігінен анықтауға бағыт беру
ІІ. Қызығушылықты ояту
Байғазы дәстүрі қазақтың ежелгі ғұрпы саналады. Бұл салт бойынша әр адам үлкен жиынға, алқалы топқа өзінің әзірлігін, жөн-жоралғысын, той-таралғысын, өнер туындысын әкеледі.
Байғазы шарты бойынша сынып оқушылары ортаға шығып бір-біріне тілек айтады.
ІІІ. Қайталау оқу - анасы
Жеребе тартылады. Жеребе сұрақтары:
1. Есімдіктің нөмірі, ережесі, сұрағы
2. Есімдіктің құрылысына қарай түрлері
3. Есімдіктің мағынасына қарай түрлері
4. Есімдіктің түрленуі
5. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі
ІҮ. Мағынаны ажырату
-
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. Оның тәтті оралған мәні оятар. (Абай)
(Оның деген сөз сөйлемдегі қандай зат есімнін орнына қолданылған?)
-
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде сол ұлдарын жинапты (ертегіден)
(сол сөзі ненің орнына қолданылган?)
Ү. Оқулықпен жұмыс
ә) Берілген сөйлемнен сілтеу есімдігін тауып фонетикалық сатылай комплексті талдау жаса.
«Оның айтып тұрғаны шындықка жанасады» - деп, Асылхан өз інісін жақтады.
Фонологиялық талдау
- Оның
1. Жуан буынды сөз (о,ы жуан дауыстылар)
2. О - ның
۷ ۷
а.б б.б
3. О-ның - тасымалданбайды
4. Екпін - ның буынындағы
-ы~ға түсіп тұр
5. О + ның буын үндестігі бар
6. О + ның дыбыс үндестігі бар (ілгерінді ықпал)
Дыбысқа мінездеме
4 0 = 2
2 Δ
Дауысты дыбыстар.
І. Тілдің қатысына қарай:
2 (о,ы)жуан
2
жіңішке Ø
ІІ. Жақтың қатысына қарай:
1 (Оашык)
2
1 (ы қысаң)
ІІІ. Ерін мен езудің қатысына қарай:
2 1 (о еріндік)
1 (ы езулік)
Дауыссыз дыбыстар
Үн мен салдырдың қатысына қарай:
Δ Ø қатаң
2 Δ =
2 Δ (н, ң) үнді
Сергіту сәті: Сурет бойынша сөйлем құрастыру, сөйлемнен сілтеу есімдігін табу
1 - тапсырма: «Сен» жіктеу есімдігіне морфологиялық талдау жаса.
Сен
-
Бұл сөз екі құрамнан тұрады: Сен
-
Тұлғасына қарай- негізгі (себебі бір ғана түбірден жасалған)
-
Құрылысына қарай- дара
-
Сөзде 1 лексикалық, ] грамматикалық мағына бар.
-
Лексикалық мағынасы - адам есімінің орнына жұмсалатын атау.
-
Грамматикалық мағынасы- жалпы грамматикалық мағына- есімдік.
-
Кім? Деген сұраққа жауап береді.
-
Мағынасына қарай жіктеу есімдігі
2 - тапсырма: Семантикалық картаны толтыр
Мысал
Жіктеу
Сілтеу
Сұрау
Өздік
Жалпылау
Белгісіздік
Болымсыздық
Бұл
+
+
Күллі
Сіздер
+
Кейбіреулері
+
Бәрі
+
Қалай
+
Өзінен
+
Ешқашан
+
Біреу
+
Түгіл
+
Ешбір
+
ҮІ. Қорытынды. Тест тапсырмалары арқылы сабақты қорыту
1.Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр. Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.
А) толықтауыш, В) баяндауыш, С) пысықтауыш, Д) бастауыш, Е) анықтауыш.
2. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) дәнеме, В) бірдеме, С) кімде-кім, Д) әлде - кім, Е) біреу.
3. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған есімдікті көрсетіңіз Ол бізбен үнемі ақылдасады, кеңеседі.
А) ол, В) бізбен, С) үнемі, Д) ақылдасады, Е) кеңеседі.
4. Қате тәуелденген есімдікті табыңыз,
А) менің мынауым, В) сенің бұның, С) сіздің осыңыз, Д) оның мұнысы, Е) біздің олымыз.
5. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) менге, В) сенмен, С) сода, Д) бұдан Е) сенің.
6. Есімдіктің неше түрі бар?
А) 7, В) 5, С) 8, Д) 4, Е) 3.
7. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз?
А)анау, В) кім? С) сендер, Д) ешқашан, Е) өздері.
8. Сөйлемде есімдіктің қай түрі кездеседі? Бүкіл сынып оқушылары кешкі сағат беске жиналды.
А) жіктік, В) өздік, С) жалпылық, Д) болымсыздық, Е) белгісіздік.
9. Септеліп тұрған есімдікті көрсетіңіз.
А(осынау, В) әрине, С) маған, Д) кейбіреулер, Е) ештеңе.
10. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) өздері, В) өздеріңіздің, С) өзіңнен, Д) өзі, Е) өздерімізденсің.
Үйге тапсырма:
а) Есімдіктің мағналық түрлерін қолдана отырып, «Өмір ғажап» тақырыбындаЭССЕ жазу. (мәтін ішінен бір сөзге фонологиялық талдау жасау)
Бағалау: Бағалау парақшасы бойынша қорытындылау.
Әр тапсырмаларды 10 баллдық шкала бойынша бағалау
Тапсырмалар
«5»
«4»
«3»
Сұрақтарға жауап
Сатылай кешенді талдау
Семантикалық картаны толтыру
Тест жұмыстары
.