7


  • Учителю
  • Поурочный план по казахской литературе на тему “Ы. Алтынсарин. “ӨЗен” (5 класс)

Поурочный план по казахской литературе на тему “Ы. Алтынсарин. “ӨЗен” (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»Сабақ мақсаты: Ы.Алтынсари өмірі мен шығармашылығына шолуМіндеті:1. «Өзен» өлеңінің құрылысына талдау.Өзен, көлдің адамға пайдасын ашу.2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу,тілін дамыту, өз бетінше ізденуге дағд
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»

Сабақ мақсаты: Ы.Алтынсари өмірі мен шығармашылығына шолу

Міндеті:

1. «Өзен» өлеңінің құрылысына талдау.Өзен, көлдің адамға пайдасын ашу.

2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу,тілін дамыту, өз

бетінше ізденуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.

3.Оқушыларды елін,жерін сүюге,табиғат құбылыстарының пайдасы және оны

қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білім беру

Сабақ әдісі: мәнерлеп оқыту, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану

Көрнекіліктер: портерті, шығармалары, тірек сызба, суреттер

Пәнаралық байланыс: география


Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

III.Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты айтылады.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі

2.Оқулықта берілген Ы.Алтынсарин туралы мәліметпен жұмыс жүргізіледі.

Оқушылар берілген мәтінді оқып шыққан соң, бір-біріне кезек-кезек сұрақтар

қояды. Сұрақтар мен жауаптар қысқа да нұсқа болуы керек.

3.Тақтада берілген тірек сызба арқылы оқушылар Ы.Алтынсарин туралы

баяндайды:

Қоғамдық қызметі

Туған ортасы

Шығармалары

Білімі

Әдебиеттегі орны

4.«Өзен» өлеңімен жұмыс:

1) өлең мәтіні үнтаспадан оқылады, оқушылар өздері мәнерлеп оқиды.

2) өлеңнің тақырыбы, идеясы анықталады.

3) теңеу мен эпитет табылады.

3)сөздікпен жұмыс.

5. өлең бойынша қарастырылатын сұрақтар мен тапсырмалар:

1) өлең құрылысында қандай ерекшеліктер байқадыңыздар?

2) өлең мазмұнын қара сөзбен жащып шығыңдар.

3) суретші болсаңдар табиғатты, оның құбылыстарын қалай бейнелер едіңдер?

4) өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?

IV.Сабақты бекіту

«Өрмекші» оқыта үйрету ойыны. Оқушылар топтарға бөлінеді.1.2.3деген белгілерді кеуделеріне тағып алады. Әр үстелде тапсырмалар жатады. (тапсырмаларды деңгейге бөліп те жасауға болады) Оқушылар кезек-кезек әр үстелдің тапсырмасын орындайды, үлгергендерінше жауаптарын жазып қалдырады. Оларға белгілі бір уақыт беріледі. Осылайша әр топ барлық үстелдің тапсырмасын орындап шығуы керек.Ойын соңында мұғалім жауаптарды тексеріп, бағалайды.

№1 үстелдің тапсырмасы

1) Ы.Алтынсарин қашан, қай жерде дүниеге келген?

2)Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?

№2 үстелдің тапсырмасы

1) Ыбырайдың әке-шешесі туралы не білдіңдер?

2)Ағартушылық жұмысы туралы не білесіңдер?

№3 үстелдің тапсырмасы

1) Ыбырай шығармаларының тақырыбы не?

2) Проза саласында қандай шығармалар жазды?

V.Сабақты қорытындылау

Қазақстанның қандай өзендерін білесіңдер?

Өздерің шомылған өзенді, көлді әңгімелеңдер.

Өзеннің адам игілігіне жарап жатқанын баяндап жаз.

VI.Үйге тапсырма

Ақын өмірін оқу, тың деректер жинау, «Өзен» өлеңін жаттау.

Сурет салу

VII.Бағалау


топтар

1-үстел тапсырмасы

2-үстел тапсырмасы

3-үстел тапсырмасы

4-үстел тапсырмасы

қорытынды

1-топ


2-топ


3-топ



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал