7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку 'Әдеп әлемі'

Урок по казахскому языку 'Әдеп әлемі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Абай атындағы №4 лицей мектебінің орыс мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мурзаконурова А.А.


Өнеге сағатының тақырыбы: Әдеп әлемі

Өнеге сағатының мақсаты:

  1. Балалар коллективіне айналдыру, таза тілдік ой жүйесін қалыптастыру;

  2. Біліктілік, танымдылық қасиеттерін дамыту;

  3. Ұлттық тәрбиені бала санасына сіңіре отырып кішіпейіл, әдепті еңбексүйгіш, адал болуға бағыт бере отырып имандылық тәрбиесіне үлес қосу.

Өнеге сағатының түрі: бағдарлама - сабақ

Көрнекілігі: Құрманғазының күйі «Адай» қолдан жасалған «бақша ағаштары» декорациясы, сөзжұмбақ: Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» әңгімесіне арналып салынған сурет; адамгершілік парыздары.



Кіріспе:

  • Бүгінгі өнеге сағатымыздың тақырыбы «Әдеп әлемі». Бүгін біз мемелекеттік тілде таза, әдемі, анық сөйлеуге жаттығып қана қоймай қазақ халқының жақсы әдет - ғұрыптарымен танысамыз. Айтатын ойымызды еркін жеткізуге, әңгімелесуге үйренеміз, есте сақтау қабілетімізді дамытамыз.



Жүргізуші:

  • Армысыздар, құрметті отандастар. Құрметті көрермен қауым.



СТА арнасынан «Айтуға оңай» атты бағдарламамызды бастаймыз. Бүгінгі хабарымызға қатысып отырған Сәтбаев қаласының лицей мектебінің шәкірттері. Хабардың демеушісі «Қазақ банкі» компаниясы. Хабардың жүргізушісі «СТА»

арнасының тілшісі Жандарбекова Аяна.



  • Бүгінгі хабарымыз әдеп әлеміне арналады.



Миша

  • Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанымда Алдымнан бір үлкен кісі шықты. Мен оған жол бердім. Сабақтан қолым боста дүкеннен нан, сүт әкеліп, үй шаруасына көмектесіп отырамын.

  • . Автобуспен келе жатқаныңда, үлкен адамдарға түрегеп орын беремін..

Үлкен кісімен қашанда «сіз» деп сөйлесемін. Ал, өзіңнің құрбы-құрдастарыңмен далаға серуенге немесе доп ойнауға пәлендей уақытта шығамын деп уәде етсең, әр адам уәдесінде тұру керек деп ойлаймын.

Міне, мұндай баланы жұрттың бәрі «әдепті бала» деп мақтан тұтады. Сонда «әдептілік деген не?»



Жанель

  • Әдептілік - адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым-қатынасының жалпы ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көргенділік, инабаттылық, кішіпейілдік және басқа да қылықтар жатады. Бұл қасиеттер халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасынан, қоғамның осы заманғы сипатынан туады және соны бейнелейді.

Саша

  • Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, татып ескерсе, дүниедегі жақсы - жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болғаннан адам білімді болады.

  • Человек не появляется на свет разумным. Он становится им, слушая людей, видя их дела, трудясь в поте лица. Он постепенно начинает отличать хорошее от дурного.

  • Человек набирается ума, запоминая слова мудрых.



Жүргізуші

Әдептің не екенін қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқысаң терең білесің.



Ира



Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланым шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер, мал шашпақ -

Бес дұшпанын білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көнсеңіз

Өзің үшін үйренсең.

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың, жылма - жыл

Біреу үшін үйренсең

Біреу білмес, сен білсең

Білгеніңнің бәрі - тұл.



Жанель

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан

Сен де - бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан!



Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.



Бастапқы екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа

Алдың - жалын, артың мұз

Барар едің қай жаққа



Пайданы көрсең бас ұрып

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып.

Майданға түспей бәйге алма.



Жүргізуші



Абай өсиет ғанибет екен. Енді жағымсыз қылықтарды әшкерелейтін өлеңдерін тыңдадыңыздар.



Инна

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң,

Кімді көрсем, мен сонан

Бетті бастым,

Қатты састым

Тұра қаштым жалма - жан

Өз ойыңда

Тұл бойыңда

Еш міні жоқ бендесіп,

Түзде мырзаң,

Үйде сырдаң,

Сөзі қылжаң еркесіп.



Сөз қыдыртқан,

Жұрт құтыртқан,

Антың, арын саудалап,

Бұтты - шашты

Үй санатты

Байдан атты алмалап

Су жұғарма,

Сөз ұғарма

Сыпыра жылмаң жел буаз?

Айтты - көндім,

Алды - бердім

Енді өкіндім - өзіме аз.



Света

Сабырсыз, арсыз, еріншек

Көрсе қызар, жалмауыз,

Сорлы қазақ, сол үшін

Алты бақан ала -ауыз

Өзін - өзі күндейді

Жақынын жалған міндейді,

Ол - арыздық белгісі

Ұятсынбай, ойланбай,

Қой дегенде тіл алмай

Іс қылмай ма ол кісі?

Бір - ақ секріп шығам деп

Бір - ақ қарғып түсем деп

Мертігеді, жатады

Ұрлықпен мал табам деп,

Егессе ауыл шабам деп,

Сүйтіп құдай атады.

Бұл нең десе, біреуге

Жоқ нірсені шатады

Құтылам деп ісінен

Бәрін көріп кісіден

Шығынға әбден батады.



Оля

Қазақ жерінде туып - өскен соң, мені қазақ халқының әдет - ғұрыптары қызықтырады. Қазақ халқының жақсы қасиеті тыйым сөздер арқылы балаларын жаман әдет, орынсыз қылықтан сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесіп өту - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі. Кім жалғастырады.



Миша

Табалдырықты баспа, отырма.

Тізеңді құшақтама.

Ата - анаңа қарсы келме.



Жанель

Дастарханда тамақты баспа.

Кімі мініне күлме.

Малды, ыдысты, тамақты теппе.



Жүргізуші

Енді Ыбырай тағылымдарын тыңдасақ,

Таза бұлақ,



Андрей

Үш жолаушы бұлақ басында кездесіпті. Бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреуі су шыққан жердегі үлкен тастың бетіне:

-Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол! - деп жазу жазыпты.

Олар бұл сөздің мәнін шешеді.



Миша

-Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің



Наташа

-Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе - дегені



Ира

-Бұлақ күндіз - түні тынбай ағады, тазаланып тұрады. Сен де осы бұлақтай ойың таза, ащык

болсын, -дегені.



Ира Б.

-Ойың таза болу үшін қазақ елінің салты жақсы істерге жетелейді. Адамдардың бір - біріне деген міндетті парыздары бар екен. Ол қандай парыздар?



Саша Т.

Адамдардың бір - біріне деген парыздар бар. Олар:

  1. Бір - біріне сәлем беруге;

  2. Шақырса баруға

  3. Кеңес сұраса - ақыл қосуға

  4. Сұрағына жауап беруге;

  5. Ауырып қалса - көңілін сұрауға міндетті.

Ира

  • Дұрыс, адамдар әрқашан бір - бірімен сәлемдесіп тұруы керек екен; Шақырса - кешікпей баруы керек; кеңес сұраса - пайдалы ақыл қосуы керек; Сұрағына жауап беруі керек; Ауырып қалса - көңілін сұрау керек.



Жүргізуші

Қандай керемет сөздер. Ал, енді, тағы да Ыбырай тағылымдарына жүгінсек. Бақша ағаштары.



Жанель

-Әке, мынау ағаш неге түп-түзу, ал анау ағаш неге қисық?



Андрей

-Оның себебі, балам, анау ағашты күткен, суарған, қисық бұтақтарын кескен. Сондықтан ол ағаш түп - түзу болып, жақсы өскен. Ал мынау ағашты күтуші болмаған, оған ешкім қарамай өз бетімен өскен, сондықтан ол қисық өскен.



Жанель

-Олай болса, бағу, тәрбиелеуде көп мағына бар екен ғой, әке.



Андрей

-Бағу, тәрбиелеуде көп мағына бар, мұнан көп ғибрат алу керек. Сен де осы ағаш сияқтысың. Сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтып отырсам, ақылды, жақсы бала болып өсесің. Ал, тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, ана ағаш сияқты қисық, жаман адам болып өсесің.



Арай

-Иә, тәрбие демекші. Қазақ мақалдарын айтсаңшы. Бірнеше ғасыр бұрын шықса да, дәл маған арналған сияқты. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады. Тағы қандай мақалдар бар?



Вова

Әдепсіз бала

Аяққа басылған шана

Көп біл - аз сөйле.



Наташа

Әдепті бала ата - ананы мақтатар.

Әдепсіз бала ата - ананы қақсатар

Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең



Ира

Әдептің не екенін. Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.



Жүргізуші

Сәтбаев қаласының оқушыларының тапқыр, ізденімпаз, өнерлі екенін бүкіл қала біледі. Осының дәлелі ретінде айтпағым, Миша сөзжұмбақтың бізге берері мол.



Миша

-Адамның жақсы қасиеттерін білсең, мына сөзжұмбақты шешуге болады. Ортасынан «әдепті» сөзін оқуға болады. Кім шешеді?



Жанель

Тәртіпті

Ақылды

Зерек

Сыпайы

Талапты

Кішіпейіл



Жүргізуші

-Рақмет, сіздерге арнап жас өнерпаздар өнер көрсетеді.

-Би

-Ән «Біз осындай болайық» (хор)



Қазақ тілі - ғажап тілі

Абай тілі - мұхтар тілі

Бізідң елде әр тілдерге

Үлкен құрмет көрсеткен

Әрқашан күн сөнбесін

Аспанна бұлт төнбесін

Тәуелсіз елімізде

Достық тіл жайнасын

Қазақ тілі - достық тілі

Әдептілік бізге үйреткен

Еркін елде білім алып,

Қияға біз ұшамыз.



Жүргізуші

  • Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасына қатысқан Сәтбаев қаласының Абай атындағы №4лицей мектебінің оқушыларына рахметімізді айта отырып, құрметті көрермендер, сіздерге көріскенше күн жақсы дейміз. Біздің мекен - жайымыз: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 114 а. Телефон номері: 3-33-96. Бізге хат жазыңыздар.



Қорытындылау

  • Балалар, бүгін барлығың үлкен дайындықпен келіпсіздер. Әсіресе, «Сәтбаев» арнасының тілшісіне алғысымызды айтамыз. Біз бүгін не үйрендік? Қазақ халқының тәрбие құралы - тиым сөздер, адамгершілік парыздарымен таныстық, Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін тыңдадық.

Миша құрастырған сөзжұмбақ арқылы адамдардың жақсы қасиеттерімен таныстық. Сонымен адамдардың жақсы қасиеттері бар екен?



  • Адамның жақсы қасиеттері: сыпайылық, әдептілік, зерек болу.

  • Индира, Сашаның қандай қасиеттері бар?

  • Саша сыпайы, тәртіпті, ақылды.

  • Дұрыс, жақсы.

  • Ал, енді балалар, Ыбырай Алтынсарин «Бақша ағаштары» әңгімесінде адамды неге ағашқа теңейді?

  • (почему человекасравнивает с деревом) Андрей

  • Ал, енді балалар, бүгінгі алған білімімізді тексеру мақсатында тестік жұмыс жүргіземіз. Оқушыларға тестік тапсырмалар таратылады. Мұқият оқып, дұрыс жауабын табыңыздар. Тапсырманы орындап болсаңыздар, өз жауаптарыңызды дұрыс жауаптармен салыстырыңыздар. Астына неше қате жібергеніңізді жазыңыз. Өткізіңіз.

  • Осымен бүгінгі «Әдеп әлемі» атты өнеге сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал