7


Диктант. «Дүкенде» (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Айы, күні, жылы.Сыныбы. 6 Сабақтың тақырыбы. Диктант. «Дүкенде»Сабақтың мақсаты: І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Диктант жазғызу арқылы сауатты
предварительный просмотр материала

Айы, күні, жылы.

Сыныбы. 6

Сабақтың тақырыбы. Диктант. «Дүкенде»

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән

дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын

қалыптастыру. Диктант жазғызу арқылы

сауаттылықтарын тексеру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларға жазғызу арқылы, жазу мәнерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: Оқу, жазу, аудару.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ.Диктант

Диктант тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

ІІІ Тақтамен жұмыс

Тақтаға бүгінгі күн мен диктантта кездесетін қиын сөздерді, тақтаға жазып қоямын.

Мысалы: Дүкеннің, отбасымызбен, зергерлік бұйымдар, орталықтары мен әмбебап дүкендерге.

ІV Дәптермен жұмыс

Диктант

Қаладағы дүкендер.

Біздің қаламызда дүкендер, әмбебап дүкендер, сауда үйлері өте көп. Үйіміздің қасында үлкен дүкен бар. Дүкен екі қабатты, іші кең, жарық әрі таза. Дүкеннің ішінде әртүрлі бөлімдер бар. Мысалы, нан, сүт бөлімі, ет бөлімі, азық - түлік бөлімі, жеміс пен көкөністер бөлімі және тұрмыстық заттар бөлімі.

Дүкеннің бірінші қабатында көкөністер мен жемістер бөлімі және нан, сүт, азық - түлік бөлімдері орналасқан. Ал, екінші қабатында ет бөлімі мен тұрмыстық заттар бөлімі бар. Біз отбасымызбен бірге үнемі осы дүкенге келеміз, себебі, мұнда біз барлық керегімізді табамыз.

Ал, киім, кеңсе заттары, зергерлік бұйымдар, ыдыс - аяқтар және тағы басқа заттар қажет болса, қаланың орталығындағы сауда орталықтары мен әмбебап дүкендерге барамыз.

V Қорытынды

Диктантты басынан бастап оқып, тыныс белгілерін қойғызамын.

VІ Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

VІI Үй тапсырмасы

Қайталау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал