7


  • Учителю
  • Дара сөздер мен күрделі сөздер.

Дара сөздер мен күрделі сөздер.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пән мұғалімі: Талғатова Айгүл ТалғатқызыҮшағаш негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінәі мұғалімі Сыныбы: 6 класс Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Дара сөздер мен күрделі сөздер. Сабақтың мақсаты:а)білімділік: оқушыларға сөз түлғасы жэне дара сөздер мен
предварительный просмотр материала

Пән мұғалімі: Талғатова Айгүл Талғатқызы

Үшағаш негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінәі мұғалімі

Сыныбы: 6 класс

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дара сөздер мен күрделі сөздер.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға сөз түлғасы жэне дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы
толық түрде мэлімет беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.

б)тәрбиелік: дара және күрделі сөздерді күнделікті өмірде қалай дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, эңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту. Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, корытындылау.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
а)Оқушылармен сэлемдесу.
э)Кезекші мэлімдемесі.
б)Журнал бойынша түгелдеу.


Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)

а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сүраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеремін. ,.

б) Сұрақ кою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в) Дәптерлерін алмастырамын.

3)Жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин)

Сөздер қүрамы жағынан дара жэне күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана түбірден түратын негізгі жэне туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жол-дас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі бүл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас: түбірі- жол, -дас-жүрнак; аял-да-ма: түбірі - аялда, -ма -жүрнақ) түрады.

Екі немесе одан да көп түбірден күралган сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке-шеше, ауыл-аймац, ашу-дас, Қостура, бозторгай, цараторы, он үш сиякты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бүлар кемінде екі түбірден қүралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймац (ауыл жэне аймац), ашудас (ашу немесе ащы және тас), боз торгай (боз жэне торгай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостура (ңос~екі, шура-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына карай төрт түрлі бо-лады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ), тіркесті сөздер (шүбар ат, кара көк, жүз бес).

Сөйтіп күрделі сездер, бір жагынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, косарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.


Міне осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін тексеру мақсатында Абай шығармашылығындағы күрделі сөздер қолданысын оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдану жэне пракгикалық білім дэрежелерін одан эрі кеңейту, оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, тілін дамытып, дамыта оқытамын.


Жаңа білімді бекіту. (15 мин)

Әр топтан оқушылар шығып, өтілген тақырыпты пысықтайды.

Топтастыру стратегиясы

"Ғүлама" тобы

Бірікқен сөздер

"Ақын" тобы

"Данышпан" тобы

Біріккен Кірікен Ілгерінді Кейінді

Дара күрделі Түбір+Қосымша

Жалғау Жүрнақ


Сөз түлғасына қарай: түбір туынды, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, түбір тіркесті

Алгоритмдік деңгей


"Абай - ақын, данышпан, лирик" тақырыбын ашамыз.


Қызығушылықты ояту.

Топық жұмыс


1. "Ақын" 2. "Данышпан" 3. "Ғүлама"

Абай келбеті Абай жері Абай өмірі


Тапсырма. 1. Мәтін мазмұнын айту.

Мәтін ішінен күрделі сөздер іздеу.

Қосымша мәлімет айту.

Абай шығармашылығынан.

Абайдың табиғат лирикасы төңірегінде:
Жаз Күз Жазғытұры


Мәнерлеп оқу.

Күрделі, дара сөздерді табу.

Септік жалғаулы сөздерді табу.

Көптік жалғаулы сөздерді табу.

Тәуелдеуге:
Ауыл

Жылқы

Ел

(Әр қатардан 1 оқушыдан талдайды).


Оқулықпен жұмыс:

75-жаттығу жүмысының шарты төмендегідей: Төмендегі сөздердің кайсысы дара, кайсысы күрделі (»өздер екенін ажыратып айтыңдар.

76-жаттығу жүмысының шарты: Күрделі сез түрлеріне мысалдар тауып жазыңдар.


Қорытынды бөлім.

Үйге тапсырма: (3 мин)

77-жаттығу

Ереже жаттау


Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушылар бағаланады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал