- Учителю
- Абай'Қансонарда бүркітші шығады аңға'
Абай'Қансонарда бүркітші шығады аңға'
Қандыағаш қалалық
№4 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мамбеталина Дина Агалбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қансонарда бүркітші шығады аңға. ( Абай Құнанбаев )
Сабақтың мақсаттары:
а) Ақынның аңшылыққа байланысты өлеңінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
ә) Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.
б) Оқушыларды аңшылық кәсіптің ерекшеліктерімен таныстыру, туған жерінің
табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың көрнекілігі : «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты қабырға газеті. «Абай-бізді мәңгі тәрбиелеуші» атты буклет. «Ұлы Абай» атты фото-альбом.Сызба. Слайдтар. Техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып үш топқа бөлінеді.Әрбір топқа ат қойылады.
1-топ «Шежіре»
2-топ «Мұрагер»
3-топ «Атамұра»
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы.Бұл сабақта Абай туралы білетінімізді жинақтап, тұжырымдап, өлеңдерінің мазмұнымен танысамыз.
2. Үйге берілген тапсырмамен жұмыс:
- Бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы, себебі әр топқа Абай туралы материалдар жинақтау
тапсырылған.Қазір әр топ өзінің ізденіс жұмысын көрсетеді.
1-топ. «Шежіре» тобына Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген.(Бұл топ « Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты газет шығарды).
1-оқушы: Біздің «Шежіре тобы» Абай атамызға арнап «Өлді деугебола ма ойлаңдаршы,
өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты тақырыпта материалдар жинақтадық. (Абай туралы газетті іледі,қорғайды).
2-оқушы: Абай Құнанбаев 1845 жылы 28 тамызда Шығыс Қазақстан обылысында, Абай
ауданында, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Негізгі шын аты- Ибраһим,халық
қойған аты -Абай. Бала кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан оны әкесі Құнанбай
Семейге оқуға жібереді. Абай мұсылман медресесінде араб, парсы тілдерін үйренеді.
14 жасында құрбылар арасында аздап өлең шығарады.
3-оқушы: Абай Құнанбаев қазақ жастарын оқуға,білімге, өнерге шақырып, бірнеше өлеңдер жинағын жазды. 1886 жылы Абайдың «Адам болам десеңіз» атты өлеңі жарық көрді.
2-топ. «Мұрагер» тобына Абайдың қара сөздері тапсырылған.( 2-топ «Абай- бізді мәңгі тәрбиелеуші» деген тақырыпта буклет дайындайды.)
1- оқушы: Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары-«қарасөз» деп аталады. Жалпы саны-46 бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі
ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдылардан аулақ болуға үйретеді.
2- оқушы: Ұлы ақынның 1-ші сөзінде адам өмірін үш кезеңге бөлген. 1. Жастық шақ.
2. Орта кезең. 3. Кәрілік шақ. Ол осы кәрілік шақты қалай өткізсем деп сөз қозғаған.
Ақыр аяғында ақ қағаз бен қара сияны ермек қылып, артыма сөз қалдырайын деп шешкен.
3-оқушы: Абай 7-ші сөзінде жас баланың анадан екі түрлі мінезбен туатынын айтады.
Біреуі ішсем,жесем, ұйықтасам дейді.Екіншісі көрсем,білсем дейді.
3-топ: «Атамұра» Абайға 160 жыл толуына байланысты материал жинау тапсырылған.
1-оқушы: Ұлы Абайдың 160 жылдық дүбірлі тойы туған жерінде өтті.
2- оқушы: Қонақтар Жидебайдағы Абайдың мұражайында болды.Олар мұражайдан Абайдың аңшылық үшін пайдаланған құрал-саймандарын көрді.
3-оқушы: Қонақтар Абайдың жұмыс бөлмесімен танысты.
4-оқушы: Мұражайдағы Абайдың мінген көлігін тамашалады.
-Балалар, сендер өз іізденістеріңді сабақ барысында көрсете білдіңдер.
3. Жаңа материалмен жұмыс:
Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев туған әдебиетіне жаңа өрлеу дәуірін әкелді. Ол ақын, дастаншы, аудармашы, сазгер, ғұлама-ойшыл,гуманист, ағартушы
болды.Абай қазақтың көркем жазба әдебиетінің енгізін салды, әдеби тілін құлпыртып,
оны небір айшықты, бейнелі сөздермен байытты. Ақын тек қазақ емес, әлем әдебиетінің биігіндегі жеке-дара тұлға болды. Абай поэзиясы- имандылық, терең адамгершілік, ойшылдыққа баулитын поэзия.
Абай- халықшыл,сыншыл,шыншыл ақын болды. Қазақ әдебиетіне Сыншыл реализм бағытын алып келді.
-Енді Абай атамыздың өлеңдеріне тоқталайық.
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Дұрыс, балалар, енді сабағымызды әрі қарай Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға.» өлеңімен сабақтастырайық. Бұл өлең 1882 жылы жазылған екен.
Осы өлеңдегі табиғат көріністерін, өз сезімін және аңшылықтың қызулы, қызғылықты сәттерін суреттегенде Абай өзінің жаңаша қалыптанған ақындық мәдениетін танытады…
-Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
-Балалар, осы өлең ішінде сендерге таныс емес сөздер бар. Сол cөздермен танысайық.
4. Сөздік жұмысы:
1) Қансонар - жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі.
2) Ғанибет - бұл жерде: қызық, тамаша, көңіл көтеру мағынасында.
3) Аңдағанда - түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі, жүріс бағыты, аңдағайлап ұмтылу
мағынасында.
4) Томаға - бүркіттің екі көзін жауып тұру үшін кигізетін «бас киімі».
5) Қырымнан - бұл жерде: алыстан дегн мағынада.
6)Сегіз найза - бүркіттің тырнақтары.
7) Қырық пышақпен қыржыңдап - түлкінің тісін қайрап, айбат шегуі мағынасында.
Қаса- тілімізге арабтың «хас» айрықша, ерекше, шын мәнінде деген сөзінен сіңіскен. Бұл арада айрықша сұлу деген мағынада.
9) Үйірімен үш тоғыз - мәтел ретінде айтылатын сөз. Бұл жерде: бүркіт өстіп ала
бергей еді, олжалы бола берейік деген мағынада.
10) Бақпасаң - қарамасаң, көрмесең мағынасында.
11) Көлеңкесі - бұл жерде: суреті, елесі, бейнесі мағынасында.
12) Көкейіңе - көңіліңе, ойыңа мағынасында.
Өлеңді 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту, талдау.
5. Кітаппен жұмыс:
Композиция- сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан
қиыстырып тұратын тәсіл. Композициялық шеберлік - шығармалардағы барлық
бөлшекті бір ғана нәрсеге- негізгі идеяға- бағындыру.
Композицияны мына үлгіде қарастыруға болады:
-
Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы ).
-
Шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы.
-
Уақиғаның шарықтау шегі.
-
Уақиғаның аяқталуы (шешімі) .
6. Дәптермен жұмыс:
« Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициясын құрастыру:
-
Аңшының аңға шығуы.
-
Қыран құстың түлкіге шүйілуі.
-
Бүркіт пен түлкінің шайқасы.
-
Аңшының қанжығасының майлануы.
7. Өлеңді сатылай комплексті талдау:
/1. Өлеңнің аты: « Қансонарда бүркітші шығады аңға».
-
Авторы: Абай Құнанбаев.
-
Жанры: өлең
-
Әдебиеттің тегі: лирикалық өлең
-
2-шумақ
-
8-тармақ
-
11-12 буынды өлең
-
Аралас ұйқас: ( а-а-ә-а-б-а-а-б-а-а )
8.Топтастыру әдісі:
Абай- ақын,аудармашы, философ, ұлы ойшыл, композитор, ағартушы.
1845 жылы дүниеге келген. Шын аты - Ибраһим. Абай- реалист ақын.
9. Өлеңді талдату:
3-топқа өлеңнің 3-шумағын талдату.Өлеңге байланысты сұрақтар қою:
1. Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндің ?
2. Қансонар деген не ?
3. М. Әуезов « Абай - реалист ақын» дейді. Осы өлең арқылы оны дәлелдей аласыңдар ма ?
10. Сабақты қорытындылау:
-Сонымен балалар Абай аталарыңның « Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін оқи отырып, аңшылық кәсіптің өзіне тән қасиеттерін, ерекшелігін білдік.Балалар, біз сабағымыздың басында Абай туралы білетінімізді көрсеттік. Осыған тағы да алып қосарларың бар ма? Біз Абайды күнге теңейміз. Себебі біз Абай есімімен әлемге әйгіліміз. Абай өзі өлсе де артына көп мұра қалдырды. Өлең жырлары мәнді де мағыналы болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыз айтқандай:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
Сондықтан балалар, біз Абайды әрқашан жадымызда ұстаймыз. Сабағымызды Абайдың « Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңімен аяқтайық.