7


  • Учителю
  • 9-сыныпқа арналған диктанттар жинағы

9-сыныпқа арналған диктанттар жинағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ТҰСАУ КЕСУ

Әдетте, сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген. Өйткені, баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы, дәл осы тұсау кесуге байланысты деп сенген.

Сәбидің тұсауын кесу үшін әркім өз мүмкіндігіне қарай жол-жоралғы жасайды. Тума-туыстарын, көрші-көлемдерін шақырып дастархан жаяды, тіпті мұндай қуанышты оқиғаға той да жасайды.

Тұсауы кесілетін сәбидің аяғы қара-ала жіппен байланады. Жіптің ақ немесе қара болуы, баланың келешек өмір жолында қара күштер мен ақ ниеттер кездесуі мүмкін деген жорамал еді.

Содан соң ата-анасының өтініш жасаған адамы сәбиге өз тілегін айтып, батасын беріп, әлгі жіпті қияды.

Тұсау кесуді баланың ата-анасы кез-келген адамға жүктемей, өздері сыйлайтын, еті тірі, жүрісі түзу жандардан өтінеді. Мұнда да баламыз сүрініп-қабынбайтын, жинақы, ұқыпты болсын деген тілек жатыр.

Тұсауы кесілген сәби өзінен үлкен балалардың тобына қосылып, жүруге үйреніп, ойынға араасады.

Жиналған көпшілік баланың ата-анасына: «Балаңның қадамы құтты болсын!» - десіп құттықтайды.

Ата-ананың сол күнгі сыйлы қонағы - тұсау кескен адам болады. (152 сөз).



ӨНЕР АЛЫПТАРЫ

Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген, сирек, сый қонақ - өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Үстінде қара мақпал, кең, женіл шапаны бар. Омырауы ағытылған, "сері жаға", ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті қытайы жібек кемзалы бар. Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де, жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады.

"Мен келемін! Ѳнер әкелемін! Танымай көрші, андамай бақшы! Сай-сүйегің босамай, алпыс екі тамырың иімей көрші!"... деп бас идіре ән төккенде, ән емес, нұр төккендей. Әлемнің жүзінен жауыздық зұлымдығын қуып әкетіп, қиялда болса да дүние бетін, Арқа жүзін сан сұмдыктан тазартып бара жатқандай. Ол ән асқақ есіп соққанда, кекшенің қалың сыпсын қарағайы - мынау әнші басындағы оқалы тақияның жібек шоғындай болып, теңселіп барып, тѳгіле жапырылып, жол береді, бас иеді... Арқаның қара түні де мынау ақын үстіндегі қара мақпалдың бетіндей майда, мейір түні болады... Сонда ел жүзі де осы ақын жүзіндегі жылтырап көрінген нұрға толғандай болады.

(161 сөз)


ШЫН БАҚТЫҢ АЙНАСЫ

Жаңа ғана аяғымды басып, тілім жаңа шыққан кезде, өзім құрбы балаларды бауырымнан жақын көріп ойнаушы едім. Сөйтіп жүріп қарнымның ашқанын, күннің батқанын білмей қалушы едім, сол тіпті сүйікті ойын әм жанымдай көретін жас құрбыларыма махаббатым, үйге келгендегі ата-анам сақтап қойып берген тәтті тамақ пен әлпештеп еркелеткені, сол ѳлшеусіз қызық бағым! Кайдасың! Қайда кеттің?

Ол кезде ѳзімізден жасы үлкендерден қорқыңқырап именетініміздің, аулақ жүргіміз келетінінің себебі не еді? Тіпті білмеуші едім. Енді білдім, шын білдім. Нанбасаңыз төменгі жазылған өмірімнін сырынан байкаңыз. Біраз уақыттан соң карасам, бізден жасы үлкенірек балалар асыр салып, асык ойнап, ұтысып жатыр. Ай жарыкта "Ақсүйек" ойнап жарасып, күрес салып алысып жатыр. Оны көрген соң бүрынғы жер шұқып "құдық" деп, тас ойып "қора" деген ойнымнан мынау тіпті кызық кѳрініп, мен де соларға араласып кеткенім ғой!

Жас балалықтан-асық ойнауға аяқ басқан кезімде кез болған бір іс бар­ды. Оны айтпай кеткенім жарамас, көңілім сүймей зорлықпен болған іс еді. Ата-анама жанымдай көріп қалған махаббатым алғаш бұзыла бастауға себеп болған да сол еді. (158 сөз)

ӘН

Сәлмен ат үстінде теңселе түсіп, ыңылдап келеді. Қазақтың осы бір ұшы- қиыры жоқ шұбырып таусылмайтын ұзын сонар баяу әуендерінің бірі сияқты.

Ән- көңілдің күйі ғой. Сәлмен әнімен серігінің ұққаны да, осындай көңіл күйдің зары, көңіл құсының талпынысы еді. Бұл білмейтін бір жасырын сыр бар сияқты. Сәлмен әнді жалғыз салғанымен, тағы біреу қасында қосылып, сырласып келе жатқандай. Серігі оны көрмесе де, аяулы жан екенін сезеді. Мінезі жайдары, көңілі кең, жүрегі таза, ісі де, сөзі де орнықты, жүріс- тұрысы да қылықты, өзі де сүйкімді жан болу керек. Сөз жоқ, сондай адам. Әйтпесе, мына ән, мына ырғақ, адамның жүрек қылын жайлап шерткен биязы әуен шымырлап бойға тарап, басқа ұра ма?! Сәлмен барлық сырын сол адамның алдына жайып салып, мұңын шаққандай, ақылдасқандай болады. Ол адамның да Сәлменге айтары аз емес сияқты. Сондықтан болар, ән де бітпей келеді, айтылар сыр да айтылып таусылар емес, әлі де жалғаса бермек, созыла бермек...

  • Ау, Сәлмен, ән не туралы? - деді серігі қатарласа беріп.

  • Ән ауыл туралы, сары дала, кең жазық туралы, сол жазықта бұлаңдап өскен ерке қыз туралы. ( 171 сөз)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал