7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахской литературе на тему Қадыра Мырзалиева 'Кәрі Қыран'

Открытый урок по казахской литературе на тему Қадыра Мырзалиева 'Кәрі Қыран'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тренерлерінің қолдауы арқылы мұғалімдермен wiki беттерін қолдана отырып, сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Акатова Айжан Аманжоловна

Оқушы саны-21

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Зеленобор мектеп-гимназиясы


Сабақтың тақырыбы

Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран»

Сілтеме

Әдебиет 5-сынып

Жалпы мақсаты

1.Қадыр мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталады,

"Кәрі қыран"өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашады.1

2.Өлеңді талдайды,соның нәтижесінде өз бетімен жұмыс істеуді,

саралауды, бүтіннен бөлшекті айыруды үйренеді.

3. Өмір сүрудің мәнін түсініп,өзінше бір қорытынды жасайды.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

СТО (ой шақыру, топпен жұмыс, 5жолды өлең,кластер,тест-конкурс)

Міндеттер:


1. Жаңа тақырыпты түсінулерін анықтау;

2. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;

3.Ақын мұрасын біле жүру, қадірлеу, болашақ ұрпаққа жеткізу.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Осы сабақтан кейін балалар бұрынғы білгендері мен жаңа білімді байлан-а алып, соның нәтижесінде өмірге қажетін алады.

2.Топтық жұмыстың маңыздылығын қажеттілігін түсінеді. .

3.Әр оқушы өзінің топта қажеттілігін сезінеді.

4.Сыныпта достық қарым-қатынас орнайды.

Тапсырмалар

Жұппен.топпен жұмыс істеуге дағдыландыру..


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру. топқа бөлу, сәлемдесу

Шаттық шеңберінде бір-біріне тілектер айтқызу

Балалар топқа бөлінгеннен кейін,топ басшылары сайланып,бағалау парақтары таратылады;


Үй жұмысы:

Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы:

Қалихан Ысқақ "Қоңыр күз еді"

"Тест-конкурс"

1.Әңгіме неше бөлімнен тұрады?

А) 3 В)5 С) 7 Д) 9

2.Әңгіменің негізгі кейіпкері болып табылмайды?

А) Алматай В) Қасым С) Сары әйел Д) Маймұрын

3. "Неге екенін өзім де білмеймін алғашқы күннен-ақ ..... маған қатты ұнап қалды" Ол кім?

А) Алтын В) Жарықжұлдыз С) Маймұрын Д) Алматай

4.Қасым оқыған құпия кітаптың аты?

А)Шұғаның биігі В) Шұғаның белгісі

С)Шұғаның бейнесі Д) Шұғаның бейіті

5. "Қазақтың чеховы" деп Алматай кімді меңзеді?

А) Б.Майлинді В) Мектеп директорын

С) Жарықжұлдызды Д) Қасымды

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?


I.Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл»

Қыран дегенде ойларыңызға не келеді?

көбеюі


қорегі

Қыран

түрлері

Қасиеті

Сабақтың эпиграфы:

Қыранша өмір сүрген қандай бақыт!

Қандай бақыт қыранша өле білген!


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетіл-у )


II.Мағынаны тану

1.Қадыр Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

«Сөздер сөйлейді»


1935 жыл Орал,Жымпиты «Балдырған» журналы

Қадыр Мырзалиев5 қазан 40

«Пионер» 2011

журнаы


1990 ж 15 том аудармашы Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы

2. Қадыр Мырзалиевтың «Кәрі қыран» өлеңімен танысамыз.

(мәнерлеп оқылады)

2. Түсініксіз тіркестер мен сөздер слайд арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі.

Қырағы көз- көреген көз

Зәбірі-қорлығы

Бұлтартпаған-қашырмаған

Алмас шеңгел-өткір тырнақ

Пұшпақ- құстың сирақ жүні

Тірлікті тәрк ету- өмірді қию

Шау- кәрі, егде

3.Сергіту

«Кірпі» Қара жорға


4.Топтық жұмыс.

1-топ Бүркіттің жас кезі

2-топ Бүркіттің кәрі кезі

3-топ Өлеңге жоспар құру

4-топ Қыранға мінездеме

III.Ой толғау

І. Слайдтағы суреттермен жұмыс.


ІІ.Деңгейлік тапсырма

1. 5 жолды өлең «Қыран»

2. Эссе

Қыранша өмір сүрген қандай бақыт!

Қандай бақыт Қыранша өле білген!

Қорытынды:Сонымен балалар,біз бүгінгі сабақта Қадыр Мырзалиевтың

«Кәрі қыран» өлеңімен танысып,сол өлең арқылы өмір сүрудің мәнін түсіндік. Қыран сияқты биіктерді бағындырмасақ та ,адами құндылығымызды жоймай,адал жолмен өмір сүру бәріміздің парызымыз екенін ұқтық.

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау

Аты-жөні

Тіл байлығы

Топ.жұм.қат

Деңгейлік

тапсырма

қорытынды


Ұпай

Баға



Ең жоғарғы ұпай-3 8-9 ұпай-«5»

Орташа ұпай-2 6-7 ұпай-«4»

Төменгі ұпай-1 4-5 ұпай-«3» 5 мин

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Сабақ үйге тапсырма берумен аяқталады.

Үйге : Білгенге маржанды оқу

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...


Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?


Оқушы алған білімінің деңгейін оның топтық жұмысқа қалай қатысқаны арқылы, дербес сұрақтарға өз еркімен жауап бергені арқылы ,ынта қойып,

сабақ үстінде белсенділік танытқаны арқылы біле аламын.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

Бұл сабақта топты түстерге байланысты құрамын.Яғни 4 түрлі түспен(сары, қоңыр,жасыл,қызыл)4топқа бөлінеді.Сабақты жинақтау мақсатында топтарды оқушы деңгейіне байланысты ауыстырып, дарынды,орта деңгейлі, төмен деңгейлі балаларға жеке-жеке тапсырмалар беріледі.

Кері байланысты толтыру.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал