- Учителю
- Дені саудың -жаны сау Өзін -өзі тану
Дені саудың -жаны сау Өзін -өзі тану
Мектеп: №142 орта мектеп Мерзiмі:__23.04.2016 ж.
Тақырып: Жаны саудың - тәні сау
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер :тазалық, салауаттылық, ұқыптылық, адалдық
Мұғалiм Сутенова Индира Сыныбы: 3 Оқушылар саны:6Сабақтың
мақсаты: Балалардың «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейте
отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
• Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңызынн
түсіндіру;
• Денсаулығын сақтай білу іскерліктерін дамыту;
• Денсаулығын бағалауға тәрбиелеу;
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,видео жазбалар)
үнтаспа
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру
2.Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Дәптермен жұмыс: 1- тапсырма: «Ең жақсы тілек» өздерің ең жақсы
көретін адамдарға арнап тілек жазу.
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз
«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі»
Л. Карлейль
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен
айтады.
5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы :
« Қандай тілек жақсы ? » әңгімесін оқып беру.
-
Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
-
Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
Балаларға «Жаның сұлу болса » тақырыбына шағын әңгіме жазу.
7.Топпен ән айту.
«Жас дәуірдің түлегіміз»
Сөзі:Е.Өтетілеуов
Әні:И.Нүсіпбаев
8.Үй тапсырмасы :
Р.Әбілқадырованың «Қандай тілек жақсы?» әңгімесін оқу.
9. Соңғы тыныштық сәтi Жағымды күйге келу