- Учителю
 - ҚАзақ әдебиетінен М. Дулатовтың 'Шешенің балаларын сүюі'тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары 8-сынып
 
ҚАзақ әдебиетінен М. Дулатовтың 'Шешенің балаларын сүюі'тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары 8-сынып
|   Пәні: қазақ әдебиеті  |   Күні: 22.01.2015  |   8 - сынып  | ||
|   Сабақтың тақырыбы:  |   М.Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі  | |||
|   Мақсаты:  |   1. Өлеңнің идеясы туралы ұғындыру. 2. Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлі оқуға, жүйелі баяндауға, тұжырымдама жасауға дағдыландыру; 3. Ананы сүюге , құрметтеуге ,сыйлауға баулу  | |||
|   Күтілетін нәтижелер: 
  |   - Ақынның өмірі және шығармашылық жолын біледі. 
  | |||
|   Ресурстар:  |   Оқулық, жұмыс дәптері, бейнеролик,үнтаспа,ноутбук  | |||
|   Уақыты  |   Мұғалім әрекеті  |   Оқушы әрекеті  | ||
|   2-минут  |   І.Қызығушылықты ояту Үнтаспадан «Ана туралы жыр» әнін тыңдатамын. Топқа аналардың еркелететін сөздері арқылы бөлемін. 3.Үй жұмысын «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеремін.Топтардан кезекпен 1 оқушыдан ыстық орындыққа отырып,сұрақтарға жауап береді. 
  |   Оқушылар әнді тыңдайды.Топқа «Айналайын», «Алтыным», «Еркем», «Балапаным» сөздерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді. 1 оқушы ыстық орындыққа отырады. Қалған оқушылар оған сұрақтар қояды. Келесі топтардан да бір оқушыдан шығып, ыстық орындыққа отырады.  | ||
|   
 25 минут  |   ІІ.Мағынаны тану М.Дулатовтың өмірінен слайдтар арқылы мәлімет беріп өтемін. 1-тапсырма «Жылдар сөйлейді» оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып,жазушының өмір жолының әр жылына тоқталатынын түсіндіремін. 2-тапсырма «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқуды тапсырамын. 3-тапсырма «6 неліктен» стратегиясымен жұмыс. « Соқыр ана» бейнеролигін көрсетемін.Топтарға бейнероликтегі жазбаға «6 неліктен?»стратегиясымен әр топ бір -біріне сұрақтар қойып,жаууабын тыңдауды тапсырамын. 4-тапсырма «Еркін жазу» стратегиясымен жұмыс. «Анама лайықты құрмет көрсетіп жүрмін бе?» еркін жазу стр. бойынша өз ойларын еркін жазуды тапсырамын.  |   Оқушылар жазушы өмірінен мәлімет тыңдайды. 
 « Жылдар сөйлейді» тапсырмасы бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып,жазушының өмір жолының әр жылына тоқталады. «Шешенің балаларын сүюі»өлеңін мәнерлеп оқиды. 
 « Соқыр ана» бейнеролигін көріп,бейнероликтегі жазбаны көріп, «6 неліктен»стратегиясымен сұрақтар береді.Топтардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар «Анама лайықты құрмет көрсетіп жүрмін бе?» тақырыбында еркін жазу стр. бойынша өз ойларын еркін жазады. Топта оқиды.  | ||
|   
 10-минут  |   ІІІ.Ой толғаныс. «Әлемнің асылы» тақырыбында эссе жазуды, топ ішінде тыңдауды тапсырамын.Топта оқитын оқушыны белгілеу керектігін айтамын.  |   Оқушылар «Әлемнің асылы» тақырыбында эссе жазады.Топ ішінде тыңдап үздік эссені сыныпқа оқиды.  | ||
|   2-минут  |   Үйге М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі»өлеңін мәнерлеп жаттауды тапсырамын.  |   Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.  | ||
|   3-минут  |   Топтық бағалау. Кері байланыс.  |   Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Кері байланыс парағын толтырады.  | ||
 
Пән мұғалімі: Алтынбекова Г