- Учителю
- Философия және оның маңызы
Философия және оның маңызы
Сабақтың тақырыбы: Философия және оның маңызы.
Сабақтың мақсаты: Философия, дүниетаным, адамның дүниені танып-білуі, түсінігі, қабылдауы, сезінуі деген не? Осыларға жауап бере отырып, әр адамның іс-әрекеті солармен байланысты екенін түсіндіру. Мысал келтіре отырып, дүниетаным туралы нақтылы анықтама беру.
Сабақтың әдісі:
-
Сұрақ-жауап;
-
Жалпы пікірталас;
Сабақтың жоспары
-
Дүниетаным, дүниеге көзқарас.
-
Дүниетанымның түрлері.
-
Дүниетанымның деңгейлері.
-
Философия мен дүниетаным арасындағы байланыс.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамның дүниеге қатынасын айқындайтын және оның тәртібін реттейтін көзқарастары мен көкейіне қонатын нанымдарының жиынтығы дүниетаным деп аталады.
Дүниетаным- дүниені сезінуден, қабылдаудын және оны түсінуден тұрады.
Адамзаттың даму тарихы дүниетанымның мынадай түрлерін біледі: аңыздық, діни, философиялық.
Дүниетанымның философияға дейінгі формаларына аңыз және алғашқы қауымдағы дін жатады.
Дін -табиғилықтан тыс өмір сүретін күштің болуына сенуге, дүниетүзілім мен адам өмірінің табиғилықтан тыс бастауының жетекші рөлін тануға негізделген дүниетаным формасы.
Білімнің тереңдігіне сәйкес дүниетанымның екі деңгейі орнығады: өмірлік-практикалық және теориялық.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Дүниетаным дегеніміз не?
Дүниетанымның қандай түрлері бар?
Адамдардың өмірлік қызметіндегі дүниетанымның рөлі қандай?
V. Сабақты қорытындылау.
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы.
Адамның өміріндегі дүниетанымның орны рөлі туралы қысқаша пікір жазып келу.