7


Тема Төрт түлік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу.

Сабақтың мақсаты: а) Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы түсінік беру.Төрт түлік туралы түсіндіру. ә) Оқушылардың сөздік қорын дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:төрт түліктің суреттері,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.

Үй тапсырмасын тексеру:

-«Әнші төлдер» оқыту.Жуан,жіңішке дауыстыларды атау.

III. Мақсат қою кезеңі:

-Жуан,жіңішке айтылатын сөздермен танысу.

IV. Жаңа сабақ

-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Малдың төлін сүюі» .Жуан,жіңішке айтылатын сөздер.Өлеңді оқу,мағынасын ашу.Оқушыларға оқыту.

ЕРЕЖЕ Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.

39-жаттығу

Ауылдардың қойы бар,

Қойы бардың тоны бар.

Өлеңдегі сөздердің жуан айтылатынын ұғындыру.

V. Жаңа материалды пысықтау.

Дәптермен жұмыс

40-жаттығу Өлеңді оқып жуан айтылған сөздерді теріп дәптерге жазу.

Малдың пайдасы туралы айту.

Сергіту сәті

(Тақтаға әр түліктің суретін іліп, олардың төлдерін қалай атайтынын сұрай отырып, өлеңмен таныстыру.)Өлеңді тізбектей оқыту.

Малды құрметтеу қажет екені туралы түсінік.

VI.Жаңа сабақты қорыту.

Мал туралы тыйым сөздер.

VІІ. Бекіту.

Жуан айтылатын сөздерге мысал келтіру.

VIIIҮйге тапсырма «Малдың төлін сүюі» мәнерлеп оқу, ереже жаттау.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал