7


  • Учителю
  • ҚАзақ әдебиеті қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып

ҚАзақ әдебиеті қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып (орыс бөлімі)Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Калкозова Айгуль Оспановна№9 Некрасов атындағы мектеп-гимназия
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

5 сынып (орыс бөлімі)

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Калкозова Айгуль Оспановна

№9 Некрасов атындағы мектеп-гимназия

Күні: 14.01

Пәні: әдебиет


Сыныбы: 5 «В,Е,Ж»

Сабақтың тақырыбы:

Аңыз әңгімелер . Қожанасырдың тойға баруы

Жалпы мақсаты:

Аңыз әңгімелердің не екенін ұғындыру. Оқушыларды ауызекі

сөйлеуге, ойын ашық еркін жеткізе білуге қалыптастыру .

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Тұрсынғалиева С.Ч Арман баспасы Астана 2009

Оқу нәтижесі:

Аңыз әңгіменің қай жерде , неге байланысты туындаған

шығарма екендігін біледі. Өмірде қолдана алады.

Негізгі идеялар:

Түрлі жаттығу жұмыстарын топпен бірлесе орындау

арқылы оқушылардың белсенділігі артады

Қолданылатын материалдар:

Кластер, пломастер, суреттер, оқулықтар

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Жаңа оқыту әдістері, диалог, СТО, АКТ , Блум таксономиясы

Шығармашылық жұмыс, диалог, ой-толғау

Жұмыс түрлері:

Сұрақтарға жауап беру, ой-толғау, топтық

жұмыс, жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

«Ақ тілек » тренингі арқылы психологиялық ахуал орнату

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды стикер арқылы топқа бөлу


Оқушылар стикер арқылы топқа бөлінеді және сол бейнеленген суретті құрайды

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын ынтамен тыңдайды

Мақта қыз бен мысық ертегісін әңгімелеу , ертегінің түрлеріне мысалдар келтіреді

І топ: Өткен сабақта ертегілер туралы не білгендерін постер арқылы қорғап шығады

ІІ топ: (жазбаша) үй тапсырмасы бойынша сөйлейді

Екі топ өткен тақырыптар бойынша бір-бірлеріне ашық және жабық сұрақтар қояды

Ой қозғау

Оқушыларға Қожанасырдың тойға баруы аңызды әңгімелеу

Оқушылар ынта қойып тыңдайды.

І. Білу


  1. Жетелуші сұрақтар қойып , аңыздың не екенін анықтау

  2. Қожанасыр кім?

  3. Ол қай ғасырда өмір сүрген?

  4. Не себепті халықтың аузында бұл оқиға қалып қойған?

Сабақтың тақырыбын өздері ашады. Оқушылар мәтінді тыңдап, мәтін

бойынша өз ойларын айтады.

Аңыз дегеніміз не? Сұраққа оқушылар

өздері жауап береді

ІІ.Түсіну

Жеке жұмыс

Оқушылар берілген сөздікке сөз тіркесін, сөйлем құрап айтады.

Сөз сыры мәтінде кездесетін сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

Топтық жұмыс

1. Әр топтан бір адам шығып үстел үстінде жатқан екі түсті қағаздың біреуін таңдайды


1. Оқушылар кезек-кезек мәтінді оқиды.

2. Мағынасы қиын сөздерді дәптерлеріне жазады.

3. Бір-бірімен диалог құрап әңгмелеседі.


Оқушылар тақырыпқа байланысты

мақал-мәтел айтып шығады

ІІІ. Қолдану

Жұптық жұмыс.

Мәтінді рөлге бөліп оқып, ойларыңды айтыңдар

Жұптық жұмысты орындайды.

Қожанасыр мен үй иесінің қарым қатынасы жайлы әңгімелейді .

Сегіту сәті

Оқушыларды сергітіп алу мақсатында бейнетаспа ойнатылды

Оқушылар қызықты әуенге жаттығуларды бірге орындады


ІҮ. Талдау


Топтық жұмыс. «Ойлан,тап!» сурет көрсетіледі, оқушылар сол суретке жалғанатын сөздерді айқындайды

І топ Қожанасырдың ------------- шапаны,

ІІ топ Үй иесі ------сыйлау

Оқушылар дұрыс табады

Ү.Жинақтау

«Дөңгелен» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеріп шығады (диалогтік жұмыс)

Оқушылар жаңа тақырып бойынша кезек-кезек бір-біріне сұрақ қойып шығады

Аңыз дег-з не? Ол неге байланысты туындаған

шығарма? Қожанасыр қайда барады?

ҮІ.Бағалау

Әр топқа бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» парақтары берілді

Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір-бірін бағалап шықты

V. Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма беріледі

Мәтінді мазмұндау , тағы басқа аңыз әңгімелерді оқып келу

VII. Рефлексия

Рефлексия парақтары таратылады

Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады


Күні: 21.01

Пәні: әдебиет


Сыныбы: 5 «В,Е,Ж»

Сабақтың тақырыбы:

Алдар көсе мен қу жауырын

Жалпы мақсаты:

Аңыз әңгіме жайлы түсінік беру . Аңызды әңгімелеу. Оқушылар

дың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Алдар көсе

жайлы мәлімет беру . Жеке басының сапалық қасиеттері

артады, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымы

кеңейеді; сөздік қоры молаяды.


Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2. Тұрсынғалиева С.Ч Арман баспасы Астана 2009

Оқу нәтижесі:

Аңыз әңгімені біледі. Оқушыларды терең білім алу

жолында үздіксіз еңбектендіруге, отан сүйгіштікке,

адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді.

Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың

шығармашылық қабілеті, тілі, логикалық ойлау қабілеттері дамып,

ауызекі сөйлеу дағдылары жетіліп, топпен жұмыс істеу әрекеті қалыптасады

Негізгі идеялар:

Топтық жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру

Қолданылатын материалдар:

Топтық материалдар, мамандық суреттері, бейнетаспа

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Жаңа оқыту әдістері, диалог, СТО, АКТ , Блум таксономиясы

Жұмыс түрлері:

Шығармашылық жұмыс, диалог, әңгіме, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сұрақтарға жауап береді

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Психологиялық тренинг орындайды

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, төменнен жоғарыға қарай екі қолмен бірінші жай, сосын қаттырақ шапалақ ұрып шығады

Оқушыларды топқа бөлу

Асық түстері арқылы топқа бөлу

Ақ және сары асықтар

Оқушылар асық түстері арқылы екі топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын тексереді

Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексереді

1. Мәтінді оқып мазмұндайды

2 . Аңыз әңгіме жайлы айтады

Ой қозғау

Жауырын суретін көрсету арқылы

Оқушыға ой салу

Оқушылар түрткі сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады

І. Білу


Сөздікпен жұмыс

1.сөз тіркесін құрау

2.сөз тіркесінен сөйлем құрау , мағынасын ашып түсіндіру

І топ: Сөз тіркесін құрайды

ІІ топ: Сөйлем құрайды

Мәтінді оқып, мазмұнын ашады

ІІ.Түсіну

1- тапсырма. Сөз сыры

Мәтінде кездесетін сөздердің мағынасын ашып түсіндіру. Жаурын - ол қойдың жаурын

Берілген тапсырманы оқушылар тақтаға шығып орындайды.

ІІІ. Қолдану



2- тапсырма . мәтінді түсініп оқиды. Оқушыларға мәтінде кездесетін мақал -мәтелді көшіріп жазып , мағынасын түсіндіру.Түріне қарап кісі алма, сөзіне қарап кісіні ал

Жеке жұмыс

Мәтінді оқиды. Үш бала рөлді ойнайды

Ойын үш баламен ойналып көрсетіледі

(оқушылар берілген жағдаят бойынша өз ойларын ауызша айтады)

ІҮ. Талдау


Аңыз мазмұны бойынша Даналық ағашы оқыта үйрету ойынын ойнау

Оқушылар аңыз бойынша сұрақ құрайды .Оны сандықшаға салып араластырады. Мәтінді қайта оқып, сан-шадан сұрақ алып, жауап береді

Ү.Жинақтау

Оқушыларға доп лақтыру арқылы сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау


ҮІ.Бағалау

Өз-өзін бағалау

Екі топ бір-бірін түрлі бейнеде берілген смайликтер арқылы бағалайды

V. Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс беріледі

Алдар көсе жайлы мәлімет жинау

VII. Рефлексия

Сабақта алған білімдерін сараптайды

Білемін Білгім келеді Білдім


Күні: 11.02

Пәні: қазақ тілі


Сыныбы: 5 «В,Е,Ж»

Сабақтың тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі

Жалпы мақсаты:

Ағартушы педагог жайлы жан-жақты мәлімет бере отырып,

білімдерін қалыптастыру. Қызығушылығын оятып, танымдық

көзқарастарын дамыту . Сауатты сөйлеуге , жазуға үйрету.

Оқушылардың сөздік қорын молайту , жалпы өмірде

қолдана білуге үйрету.

Сілтеме:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2. Тұрсынғалиева С.Ч Арман баспасы Астана 2009

Оқу нәтижесі:

1.Ағартушы педагог өмірі, шығармашылығы жайлы біледі

2.Мәтіннің мазмұнын түсінеді

3. Өз ойларын ашық айта біледі.

Қолданылатын материалдар:

Тірек кестелер, шығармашылық тапсырмалар, түрлі-түсті

маркерлер т.б.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Жаңа оқыту әдістері, диалог, сатылай кешенді талдау, СТО, АКТ

Блум таксономиясы

Жұмыс түрлері:

Сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Сыныпта психологиялық ахуал орнату Слайдтан өлеңді оқиды.


Оқушылар алақандарын ыстық болғанша қатты уқалап, көздеріне басады. Солай бірнеше рет істейді. Бұл әдіс көру жүйесін жақсартады.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды түрлі геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлді

Оқушылар фигуралар арқылы екі топқа бөлінді

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын тексеру. Допты оқушыларға лақтыру арқылы үй тапсырмасын сұрау . Жиренше кім ? Хан нөкерлерімен қайда барады? Жиреншені қалай сынамақ болады ? Қаңбақпен Жиренше не жайлы сөйлеседі?


. Оқушылар тренингке қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлінеді

Оқушылар кезекпен , қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жиреше жайлы білгендерін айтады

Тақырыпты мазмұндайды

Ой қозғау

Әке - бәйтерек

Бала- жапырақ . Жасырылған мақал- мәтел арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Әке мен бала

Оқушылар мұғалім қойған

сұрақтарға жауап береді

І. Білу


Мәтін бойынша тапсырмалар береді Ыбырай өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі. Әңгімені ой елегінен өткізіп, өзіндік пікір білдіре алады. Мәтінмен жұмыс.. 1. Мәтінді тізбектеп оқыту. 2. Мәтін бойынша сұрақтар қою. 4. Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?Таға туралы мәлімет беру

Мәтінді оқып шығып, екі топ мәтіннен етістіктерді табады, мазмұны

бойынша бір-біріне сұрақтарын қояды.


Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды. Берілген сұрақтарға жауап береді


Тағаның қасиеті , неге пайдаланытыны туралы өз ойларын білдіреді. Сөздіктерден сөз тіркесін құрап, айтады

ІІ.Түсіну

Әке мен бала әңгіменің мазмұны жайлы түсінеді Сөздікпен танысу

Ескі таға - старая подкова

Ала жүр - захвати собой

Иіліп алды - наклонился и взял

Ұста - кузнец

Шие - вишня

Баласына қарамай - не обращая внимания на сына

«Таға» тақырыбында постерге сурет салып, топ болып қорғайды

Сөздіктерді оқып,сөз тіркесін жасайды , сөйлем құрайды

Аяңдап жүрді - шли медленно

Жерге түсті - упал на землю

Еріну - полениться

Азға қанағат ету - довольствоваться малым

Көптен құр қаласың - останешься ни с чем

ІІІ. Қолдану


Әңгімеде кездескен мақал-мәтелдерді өз сөзінде қолдана біледі. Сөз сыры Мәтінде кездескен сөздердің мағы-н түсіндіру .

мақал-мәтелдерді жалғастырып, ішіндегі етістікті табады. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны. Дұрыс болса қол көте-і б-са к-йді

ІҮ. Талдау


Мәтінге талдау жасайды . Әкесі мен баласы қайдан келеді? Тағаны баласы не үшін алмайды? Әкесі тағаны кімге сатады? Ол ақшаға не сатып алады. Шиені әкесі неге жерге он рет тастайды? Таға - ? оқушылар сыни ойланады. Таға - атауына сыни көзқараспен қарау

Таға-жылқы-береке- темір-үй-


Тақтаға шығып тапсырмаларды орындайды

Сұрақтарға жауап жазады.

Тағаның не екенін, оны не үшін қолданатынын айтады .


Бір-бірімен диалог құрайды.

Сергіту сәті

Слайдтан оқушылар сергіту сәтін орындайды.


Еңбек тақырыбына постер қорғау

Оқушылар бейнетаспаға қарай отырып

ән айтады

Оқушылар тақырыпты ашып, өз ойларын айтып шығады

Ү.Жинақтау

Әңгімені ой елегінен өткізіп, өзіндік пікір білдіре алады.

Оқушылардың алған білімдерін «Кубизм» әдісі арқылы тексеріп шығады


Оқушылар түскен сұрақтарға жауап береді

Бір - бірімен диалог құрап , әңгімелейді

Ы.Алтынсарин кім?

Оның қандай еңбектері бар?

Әке мен бала әңгімесінің негізгі идеясы не? Тағаны не үшін пайдаланады ?

ҮІ.Бағалау

Оқушылар бір-бірін бағалап шығу үшін, бағалау парақтары берілді

Екі топ бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды.


V. Үй тапсырмасын беру

1.Шығарманы әңгімелеу

2.Ыбырай Алтынсарин шығарма-н мазмұндау

Оқушылар тапсырманы жазып алады

VII. Рефлексия

Рефлексия парақтарын таратады

Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін парақ бетіне түсіреді





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал