- Учителю
- Қоғамдық білім негіздері пәнінен 'Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері'
Қоғамдық білім негіздері пәнінен 'Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері'
Сабақтың тақырыбы: Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері.
Сабақтың мақсаты: Философияның анықтамасы; оның даналық туралы ғылым екені; философияның зерттеу объектісін анықтау, философияның негізгі мәселелері мен міндеттерін өмірмен байланыстыра түсіндіру. Философияның бағыттарына сипаттама беру.
Сабақтың әдісі:
-
Философия туралы пікір алысу.
Сабақтың жоспары
-
Философияның пайда болуы және зерттеу объектісі.
-
Философияның негізгі мәселелері
-
Философиядағы сара бағыттар.
-
Философия пәні, мазмұны және оны оқып-үйренудің қажеттілігі.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Философия» сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни «даналықты сүю» деген ұғымды білдіреді. Ал «Даналық» ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу.
Философияның зерттеу объектісі- бүкіл әлем, тұтас универсум.
Философия- дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философияның зерттейтін нәрсесі-жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас.
Философияның негізгі мәселелері:
-
Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?
-
Бізді қоршаған дүние таныла ма?
-
Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?
-
Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?
Философияда, сонымен қатар, сара бағыттар бар: материализм және идеализм.
Материализм- материалдық игілікке қол жеткізу.
Идеализм-рухани идеалдармен сипалаттын тұлға.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Философия адамға:
- өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз өмірінің мақсатын ажыратуға;
- кез-келген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешім табуға;
- өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.
V. Сабақты қорытындылау.
Философия адамға не береді?
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы.
Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде?-деген мәселелерге өз пікірлерін білдіріп, қысқаша реферат жазып келу.