7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Діннің қоғамдағы ролі

Ашық сабақ Діннің қоғамдағы ролі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Қарабалық аудан әкімдігінің білім бөлімінің

№3 Қарабалық орта мектебі» ММ

































Ашық сабақ

Діннің қоғамдағы ролі

Сынып: 9











Мұғалім: Ердосова Т.Е.





























2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Діннің қоғамдағы ролі

Сабақтың мақсаты: тақырып тұжырымдамасын түсіну.

Сабақтың міндеті:

-сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегімен талқылау, ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру.

-оқушылардың тақырып тұжырымдамасын түсінуін бағалау,

-жекеленген оқушылардың қажеттіліктерін ескерту.

Күтілетін нәтижесі:

-тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуі;

-сөйлеу мәдениеті дамып, ойлау қабілеттерінің артуы;

-діннің қоғамдағы ролі жайлы көзқарас қалыптасады;

Негізгі идея:

-оқушы діннің қоғамдағы ролін, дін және заманауи өмір, толеранттық, ождан бостандығы туралы түсінеді;

Ресурстар:

Интертақта, интернет мәліметтер, слайдтар, тарихи деректі видеороликтер

Ұйымдастыру. «Шабыт» тренингі. Топтастыру.

1-топ. Руханият.

2-топ.Әділет.

3-топ.Ізгілік.

Тапсырмалар көздері:

Үй тапсырмасымен жұмыс. «Адамды білім сақтайды» тақырыбында әңгіме алаңын қалыптастыру. Оқушыларды әңгімеге тартуға арналған сұрақтар:

1. Адамға білім не үшін қажет?

2. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

3. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

4. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыңдар?

5. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?

Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары:

Қызығушылығын ояту. Видеоролик «Қазақ халқы және ислам» видеодан көргендерін сұрап, тақырыптың не жайында екенін болжату.

1-тапсырма. Топтастыру стратегиясы. Бұл тапсырма бойынша оқушылар өздеріне берілген тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы топтастырады және ауызша түсіндіреді.

1-топ. «Қазақстан қоғамындағы дінге көзқарас» тақырыбын түсіндіру.

2-топ. «Толеранттық - ниеттер үндестігі» тақырыбын түсіндіру.

3-топ. «Ислам дінінің шығуы және таралуы» тақырыбын түсіндіру.

2-тапсырма. «Сөздер банкі- біздің тақырып» стратегиясымен 4-тақырыпша «Руханилық - ерекше мәртебе» тақырыбын кілт сөздермен жұмыс жасау арқылы түсіну жұмысы. Банкіге салынған кілт сөздер арқылы мәтін құрап әңгімелейді.

1-топ. Кілт сөздер: 1-Руханилық, 2- екінші әлем, 3-рухани дүние, 4-зияткерлік, 5-көркемөнерді;

2-топ.Кілт сөздер: 1-рухани деңгей, 2-субьективті бағалау, 3- оңай емес, 4- ондаған жылдар, 5- таңғалуға болмайды;

3-топ.Кілт сөздер: 1-Қазақстан қоғамы, 2-Біздің адамдарымыз, 3- индивид, 4-анкеталық мәліметтер

Сергіту сәті.

3-тапсырма. « Мәтін жайлы пікірім:» Оқушылар мәтін жайлы пікірлеседі.

Ислам дінінің негіздері, олар бесеу, Қазақ тілінде Бес парыз деген атаумен аталады. Әрбір адамның мұсылман болуы үшін орындалуы парыз шарттары, олар:

• Шаһада (араб.: شهادة‎) - Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұһаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»).

• Намаз (араб.: صلاة‎; парсыша: نماز‎) - Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі - күнде бес уақыт намаз оқу.

• Ораза (араб.: صوم‎ «ас-саум» өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау) - Рамазан айында бір ай ораза ұстау.

• Зекет (араб.: زكاة‎ - тазарту) - Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы - ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі.

• Қажылық (араб.: حج‎) - Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау.

Осы бес парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.





4-тапсырма. Мақал табу сайысы.

«Шариғат - ағып жатқан бұлақ, бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ»деген тақырыпта тақтада мақалдар тізбегі тізіледі. Оқушылар оқып болған соң, тақтаны жауып тастап, есте қалған мақалдарды қағазға түсірту. Ондағы мақсат -оқушылардың көргенін қаншалықты есте сақтайтыны мен өздері білетін мақалдарын білу.



«Ынтымақ түбі - игілік, тірлік түбі - игілік», «Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Ырыс алды - ынтымақ», «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп», «Теңге - тиыннан, ынтымақ - ұйымнан», «Бірлігі жоқ ел азады, бірлігі күшті ел озады» «Ұлықсыз жұрт - бассыз дене», «Хан - бас, халық - кеуде», «Хан - шаңырақ, халық - уық», «Ханын сыйламаған ел азады», «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас», «Көш басшысы жоқ ел оңбайды, құралай бастаған киік оңбайды», «Басшысыз елде береке болмас», «Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма», «Патша - Құдайдың жердегі көлеңкесі», «Ханда қадір болмаса, қарада ұят болмайды» «Жекен жерінде көгерер, ер елінде», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Шетте жүрсең тарығарсың, өз еліңді сағынарсың», «Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша» «Қазы мен қарта жедім аузымда жоқ, мақпал мен парша кидім иінімде жоқ» «Жарлылық ұят емес, байлық мұрат емес», «Жарлы болсаң да, арлы бол» , « Барыңа қарап шүкір ет, жоғыңа қарап сабыр ет» , «Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа», «Сабыр - күн түсірмейтін сая, асығыс - аунатып кететін мая». «асыққан - шайтанның ісі», «Адам асыққанмен, Алла асықпайды»

Қорытынды. Тақырыпты ауызша сұрақтар қою арқылы пысықтап қорытындылау.

Бағалау. Жеке бағалау, жұптық бағалау, топтық бағалау, ОҮБ.

Кейінгі тапсырма: «Дін және қоғам» эссе жазу.

Кері байланыс: «Көңілді смайликтер»















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал