7


Сайыс 'Құқық және мен'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Құқық және мен»


Мақсаты: Құқық туралы түсінік беру, құқықтық, экономикалық, саяси адамгершілік тәрбиесін беру. Балалардың құқық туралы білімдерін кеңейту арқылы ой - өрісін,таным белсенділігін, өз бетімен жұмысын дамыту.


Түрі: Сайыс


Көрнекілігі: Құқық теориясының негіздері.


Жоспары: 1. «Заң туралы не білем ...» .

2. «Мен болашақ заңгермін».

3. «Жалғастырып көр ...».

4. Қорытынды.


Барысы.


Тәрбиеші: Құрметті балалар сіздер мынаңдай мәселелер төңірегінде ойланып көрдіңіздер ме? Әр түрлі көзқарастағы, мінездері бір - біріне мүлдем ұқсамайтын мыңдаған адамдар бір жерде қалай өмір сүруде? Ғасыр бойына адамдар бір - біріне зиянын келтірмес үшін өз мінез - құлықтары ережесін ойлап тауып, оны жетілдіруімен болады. Осындай ізденістің ең соңғы, ең жетілген қорытындысы ретінде құқық дүниеге келді.Ал, енді осы құқық жайлы не білесіндер соны тексерейік.Бұл тақырыпқа байланысты арналған тәрбие сағатымызды бастайық.


І тур. «Заң туралы не білем ...» (шарты: сұраққа тез жауап қайтару).

А. Қазақстан Республиканың конвенциясы деген не?

Б. Бала конвенциясы нені қамтиді?

В.Азаматтық кодекс деген не?

Д .Неке және отбасы туралы заң жайлы не білесіндер?

ІІ тур. «Мен болашақ заңгермін» (шарты: дұрыс дәл жауабын беру).


1 «Бала әкеге - күмән, шешесіне - аян» деген мәтелді калай түсінуге болады?

2 Құқықты тәртіпті қорғау үшін, занды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар?

3 АХАТ деген не? Және ол қандай мекеме?

4 Сайлау еркіндігі денен ұғымды қалай түсінесіндер?

ІІІ тур. «Жалғастырып көр ...» (шарты: сөйлемді тиісті термин сөздерімен жалғастыр).


1. Әрбір бала өз .......мен міндеттерін білу керек.

2. Мен жеке......... алдым, өйткені мен он алты жасқа келдім.

3. «Балалар күні» мейрамы 1-ші ........ тойланады.

4. Жас өспірімдер үйлері туралы .... 2000 жылы 13 желтоқсанда қабылданды.

4. Қорытынды: Бүгінгі біздін шағын құқық туралы тәрбиелік шарамыз аяқталды. Сіздер ойларынызға көп ақпараттарды тоқыды деген ойдамын.

(Балалар ойларын тындау, пікір алысу)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал