7


  • Учителю
  • Ашық сабақ: 'Әлеуметтік қатынастар'

Ашық сабақ: 'Әлеуметтік қатынастар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 9 «Ә»

Күні: 11.12.2014

Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік қатынастар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әлеуметтік құрылым ұғымының мәнін ашу,қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік қамтамасыздық мәселелері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік дамуы мен келешегі туралы ой қорыту; әртүрлі іскерлік ойындарға қатыса отырып, кішігірім топтарда жұмыс істеуге қажет практикалық тәжірибені дамыту,ойлануға үйреніп, дұрыс шешімдер қабылдау.

Тәрбиелік: Оқушыларды әлеуметтік әділеттілікке және ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайд,үлестірмелі карточкалар.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру:

1.Оқушылармен сәлемдесу;

2.Оқушыларды түгендеу;

3.Назарын сабаққа аудару.


II.Үй тапсырмасын сұрау:

Үш топқа бөліп,топтық тапсырмалар арқылы үй тапсырмасы сұрау

1-тапсырма: Білгенге маржан, білмегенге арзан. 3 топқа 3 сұрақтан қою.

1-топ: Нарық ұғымы. Жекеменшік. 3.Сұраныс заңы.

2-топ: Ақша ұғымы.Өндіріс. Ұсыныс заңы.

3-топ: Экономика ұғымы.Тауар.Кәсіпорын.

2-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу сайысы

Т

А

У

А

Р

1.Төлем қабілетсіздігі. 2.Пайдадан төленетін міндетті төлем. 3.Бәсеке сауда.4.Жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын тауар.5.Сыртқа шығарылатын тауарлар.

Н

А

Р

Ы

Қ

Қазақстанмен шекаралас жатқан елдер аттарын жаза отырып сөзжұмбақты шеш.

III.Жаңа сабақ:

Әлеумет сөзі халық бұқараасы,көпшілік,жамағат мағынасында қолданылады.Қандай да болсын белгілі бір категорияға (ұлт,тап) енетін адамдардың жиыны әлеуметтік топ делінеді.Егер бұл терминді ьбүкіл ел ауқымында қолданатын болсақ,онда бүкіл Қазақстанда тұратын барлық азаматтарға қатысты болып шығады.Әлеумет сөзі шағын топтарға қатысты да қолданыла береді.Бір әкімшілік бірлікте (ауданда,қалада,облыста) тұратын түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінен құралған адамдардың жиынтығын социум делінеді.

Құрылым (лат. Structura-құрылу)-жүйені құрайтын элементтер жиынтығы және реттілігі.Тұтастықтың қандайы болса да белгілі бір құрауыштардан құралады.Ол құрауыштар бір-бірімен органикалық байланыста,тұрақты қатынаста болып отырады.Ал құрылым сол байланыстар және қатынастардың бірлігі ретінде көрініс береді.Қазақстанның әлеуметтік құрылымы деп бүкіл ел азаматтарының түрлі белгілеріне қарай бьір-бірімен тұрақты қатынаста болатынтоптарға жіктелуін айтамыз.


Әлеуметтік топтар


Макротоптар

Микротоптар

Мемлекет,өркениет,ұлт

Сынып,команда,топ,отбасы

Салыстырмалы тұрақты,ұзақ өмір сүреді.

Салыстырмалы тұрақсыз,қысқа мерзімде тарап кетеді.


Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы

Жоғары тап 3-5

Ірі өнеркәсіп иелері жоғары лауазымды шенеуліктер

Толық материалдық қамтамасыздық қанағаттанарлық

Орта тап

Орта және шағын бизнесшілер,ғылым,өнер қайраткерлері,дәрігелер,жоғары маманданған жұмысшылар

Материалдық қамтамасыздық

Төменгі тап

Жалақысы аз жұмысшылар,жұмыссыздар түрлі жағдайлармен асыраушысынан айырылғандар

Материалдық қамтамасыздық төмен


Тапсырма көздері:

1-тапсырма:

Әлеуметтікқұрылым

2-тапсырма:

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы

3-тапсырма:

Әлеуметтік қатынаста,тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі.

Тақырытар бойынша постер қорғау.


IV.Сабақ бекіту:Әр топқа пысықтау сұрақтарын қою.

1-топ: Әлеумет сөзі қандай мағынада қолданылады?

2-топ: Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына сипаттама беріңдер.

3-топ:Әлеуметтік қатынастар деп нені айтамыз?


V.Қорытынды:3 топтың ішінде жоғары ұпай жинаған оқушыларды бағалау.


IV.Үйге тапсырма беру: 13-тақырып,73- бет.


«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: «Әлеуметтік қатынастар»


Орындаған: Байтәжикова Г

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық

Сыныбы: 9 «Ә»

2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал