7


  • Учителю
  • Урок по экономике на тему Экономика ұғымы

Урок по экономике на тему Экономика ұғымы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Адам.Қоғам.Құқық 9-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Экономика ұғымы


Жалпы мақсаты:

1. Адамның қажеттіліктері, олардың құрылымына, өндіріс ресурстары және өндіріс факторларына тоқталып, түсінік беру.

2. Оқушылардың проблеманы өз дәрежесінде шешіп, өзгені тыңдай білу дағдысы мен өз пікірін талдай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдануға ықпал ету,белсенділігі мен қызығушылығын арттыру

3. Дара жаратылған адам ретінде өзін-өзі құрметтеу сезімін дамыту; өзге адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыстар орындай отырып, өзара ынтымақтастық орнату.

Сілтеме

Білім стандарты, сабақ жоспары

Оқыту нәтижесі

Күтілетін нәтиже:

1.Тақырып бойынша өз беттерімен білім алады.

2.Сөздік қоры көбейеді.3. Сыни ойлайды.

4.Ынтасы артады, өз ойын айтуға үйренеді.

5.Тақырыптың мазмұнын түсініп талдайды.

6.Алған білімдерін өмірмен байланыстырады.

7.Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты және дәлелді жеткізе білу.

Негізгі қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, оқыту үшін бағалау (формативтік) және оқуды бағалау.

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, топқа сұрақ-тапсырма, кестемен жұмыс

Оқушының іс-әрекеті

1.Берілген іс-әрекетке белсене араласу, қатысу , мәселені шешуге талпыну.

2.Сабақ соңында бағалау кестені толтыру, рефлексия жазу

3.Өз нәтижесіне көз жеткізіп,өз біліміне сараптама жасайды

Мұғалім іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Салемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.

Сынып оқушыларын түгендеу, зер салу. Сыныпты 3 топқа бөлу.

II.Жаңа cабақ:

Түрткі сұрақтар қою:

  1. Қажеттілік дегеніміз не ?

  2. Экономика дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Еңбек ету маңыздылығы неде?


Қажеттілік- организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағаттандырылуымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталған күй.

Қажеттіліктер ағымдық және ұзақ мерзімдік деп бөлінеді. Қоғамның дамуы адамның әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады. Белгілі америкалық ғалым А.Маслоу адамның қажеттіліктерінің құрылымын мейлінше айшықты анықтады. Ол ұсынған жүйе бойынша адамның қажеттіліктері бес топқа бөлінеді және маңыздылығының өсуіне сай ретпен орналасады.

Экономика - (грек. oikonomia - шаруашылықты жүргізу ) ұғымы алғашында «үй шаруашылығын жүргізу туралы заң» дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады. Экономика ұғымы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды.

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үдерісі.

Өндіріс факторлары : жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік.

Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тақырып бойынша бөліп беру. Дәптермен жұмыс жасату.

1-топқа: Адамның қажеттіліктері.

2-топқа: Экономика.

3-топқа: Өндіріс және өндіріс факторлары.

1.Тапсырма: Тақырып негізінде бейнеролик ұсыну

(Бейнероликке қатысты ойларын түйіндеу)

  • Адамның негізгі қажеттіліктері қандай?

  • Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады?

  • Экономикалық жүйе дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Экономикалық жүйелердің негізгі тұрпаттарын атаңдар.

  • Өндіріске анықтама беріңдер, өндіріс факторларын атаңдар.

  • Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіңдер?


2.Тапсырма:

1-топқа: Адам қажеттіліктерін ретпен орналастыр

2- топқа: Тиісті сөздерді орналастыр.

3-топқа: Өндіріс факторларын ата


Сергіту сәті: Психологиялық тренинг

Берілген сөдерді А. Маслоу пирамидасы негізінде орналастыру


III. Қорытынды: Тақырыпқа сәйкес постер жасау, қорғау

IV.Бағалау.

V.Үйге тапсырма: Тақырыпты меңгеру, қосымша материалдар негізінде реферат, презентация жасау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал