- Учителю
- 11 сынып ата -ана жиналысының хаттама жазу үлгісіхаттамаә
11 сынып ата -ана жиналысының хаттама жазу үлгісіхаттамаә
«Д.А.Қонаев орта мектебі»КММ
11 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы
03.09.2015ж.
Қатысқаны - 13ата-ана
</
Күн тәртібінде:
-
Мектеп формасы
-
Мемлекеттік емтиханға дайындық жоспары
Сынып жетекші А.К.Мешитбаева
Тыңдалды:
Сынып жетекші: мемлекеттік емтихан - оқушылардың білім сапасы, іскерлігінің деңгейі ғана емес, болашақ мамандығына, келешек өміріне алар жолдамасы екенін, мектеп бітірушілердің алдындағы міндеттер мен жауапкершілік, адами құндылықтар туралы айтып өтті.
2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді.
Министр келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлу жоспарланғанын атап өтті. «Мектеп бітіру емтихандары мектепке оралады, ал ҰБТ SIT (интеграциялық тесттер (System Integration Test) қарай ауысады. Бұл әділетті, себебі ЖОО-лары түлектің зияткерлік деңгейі мен ЖОО бағдарламасын меңгеру әлеуетін білуі қажет. Ал SIT мұны анықтай алады. Сол себепті біз ҰБТ-нің жаңа бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Оны енгізген соң барлығы, олимпиада жүлдегерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері - бәрі осы емтиханды тапсырады. Алғаш рет оны тегін тапсыру жоспарлануда. Сосын оны бірнеше рет қайта тапсыруға болады. Кезең-кезеңмен ЭЫДҰ стандарттарына көшеміз. Мұны келесі жылдан бастап енгіземіз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев .
Жасөспірімдердің қазіргі заман талабына сай болуының қажеттілігіне ата-ананың рөлі ерекше екені айтылып, әрбір оқушының пән бойынша жетістіктері мен осал тұстарын ата-аналар да жете білуге тиіс, мектепте өтетін қосымша сабақтарға, курстарға оқушылардың үнемі қатысып отыруын ата-ана да қадағалауға міндетті екендігі ескертілді. Мектеп тарапынан мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстары үнемі жүргізілетіні, кешендік тестілер апта сайын алынып, қорытындысы шығарылып отыратындығы, таңдау пәндері бойынша тыңғылықты әзірлік үнемі бақылауда болатындығы ескертілді.
Сөйледі:
Ата - аналар атынан сөйлеген Хавсилам Айгул биылғы жауапкершіліктің зор екенін, мұғалімдермен бірлесе отырып бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынын, балаларының мемлекеттік емтиханға дайындықтарына көп көңіл бөліп, көмектесетіндіктерін айтты.
Шешімі:
-
Оқушылардың мемлекеттік емтиханға дайындықтарын күшейту ата-аналар тарапынан қатты қадағалансын.
-
Ата-ата тарапынан сынып формасы мен мектептен тыс уақытта оқушы қауіпсіздігін жетік қадағалансын
Төрайымы: Аяпбергенова Гулзира
Хатшы: Кенебаева Даметкан