7


  • Учителю
  • Откритый урок ' Обал мен сауап'

Откритый урок ' Обал мен сауап'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп


АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:Обал мен сауап

2-сынып

Өткізген:Баймағанбетова Б.



2015 жыл

Сабақ: 19-сабақ

Пән: Өзін-өзі тану

Тақырып: Обал мен сауап

Міндеттері: Обал мен сауап туралы түсінік беру, мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Оқулығымызда «Көк алма» атты өлең беріліпті.Сол өлеңді оқимыз.

Көк алма

Жас түйнек көк алма,

Түсіп қапты көгалға,

Көктей жұлған оларды

Сотқар бала оңар ма?

Сауап пенен обал да?

Көкейіне қонар ма?


Әңгімелесу: Обал болады деген сөзді жиі естисіңдер ма?

Сауап болады деген сөз қандай жағдайларда айтылады?

Мәтінмен жұмыс:Обал деген не?

Әңгімелесу: Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

Нанды жерге тастау дұрыс па?

Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?

Дәйексөз:Обалды біліп өссең-сауапқа кенелесің.

Дәптермен жұмыс:Дәйексөзді дәптерлеріңе көшіріп жазып,ұғып алыңдар.

Тапсырма:Үш топқа тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма:Жұмбақтардың шешуін тауып,суреттерін салыңдар.



Домалап кетеді, Қараңғыны түреді,

Қайта домалап жетеді. Ылғи жалғыз жүреді.

(доп) (күн)



Ертемен күнде сен, Шомылған баланы,

Қолыңды сүйкесең, Аймалап алады,

Кетіп кір, ласың, Сүртеді қолын да,

Тап-таза боласың, бұл не? Сүртеді жонын да, бұл не?

(сабын) (орамал)

Шидей ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы тор құрады.

(өрмекші)



Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ,

Бірақта тісі бар,

Басыңмен ісі бар, бұл не?

(тарақ)



Ойын-жаттығу

обал-сауап

  • Көк шөпті жұлма,

  • Құмырсқаның илеуін таптама,

  • Қарияның жүгін көтеріс,

  • Торға түскен құсты босат,

  • Сүтті төкпе,

  • Ұяны бұзба.

Қорытынды

Бүгін сендер обал, сауап туралы көптеген мағлұматтар алдыңдар.Обал, сауап туралы түйген ойларыңды, айтқан пікірлеріңді, оқыған әңгімелеріңді әрқашанда күнделікті өмірде пайдаланып жүріңдер.бүгінгі сендердің осы сабақтан алған білімдерің арқылы басында піспеген алмамыз пісіп жетіліп қалыпты.Сол піскен алмаларды мен сендерге ризашылығыммен сыйлағым келіп тұр.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал