7


  • Учителю
  • Қызға-нәзіктік, ұлға- батылдық тақырыбында сабақ жоспары

Қызға-нәзіктік, ұлға- батылдық тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қызға- нәзіктік, ұлға- батылдық

5-сынып Өзін-өзі тану сабағы



Мақсаты:



-адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;



Міндеттері:

оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;



оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;



нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу ;

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

- Жаймен көзіңізді ашуға болады.

- Рахмет.

Әңгімелесу. Мәтінмен жұмыс істеу: « Неге ұялды?» Ә .Хасенова.



-Нәзікеннің бойыннан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?



Мұрат неліктен өз ойын жүзеге асыра алмады?





Дәйексөзбен жұмыс істеу:



Озар елдің қызы мінезді,ұлы өңерлі келеді . Халық мақалы.



Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?



Мәтінмен жұмыс істеу:



« Жайма -шуақ» С. Сарғасқаев. Оқулықтың 53-57 беті.



Мұрат пен Жаннұрдың татуласуына не себепкер болды?



Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?



Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?



Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?



Қыздар мен ұлдардың арасында сыйластыққа қалай қол жеркізуге болады?



Шығармашылық жұмыс. «Түсіп қалған сөздер»

Қыз емес, ..................... - қызыл алтын, (қыздың аты)

Көрінер толған айдай ............................. (жүзі жарқын)

Үлкеннің алдын орып ....................... (сөз сөйлемес)

Халқының ........... білген ........... салтын. (сақтай, білген)

</

Түсініктеме:



Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяндық , ер балаларға - батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.



Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.



Үйге тапсырма оқулықтың 58 беті.



Суретке қарап, «Біз қалай достасып кеттік» Тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.



Жүректен жүрекке.



Қазақ қызы. Сөзі- И. Сапрбаевтікі Әні- Р. Таймановтікі.



Мен қазақ қыздарына қайран қалам,



Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.



«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді



Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.



Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,



Арулар аз болды ма атқа қонған.



Көңілде қалған сыз бар өткен күннен.



Өмірде қалған із бар « Ақтабаннан»



Жасырмай айтар болсам жан сырымды,



Тағдырым қарауылға қанша ілінді.



Ерліктің қос қанаты деп білем мен ,



Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал