7


  • Учителю
  • Жоба Қытай ойыншықтарының зияня

Жоба Қытай ойыншықтарының зияня

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қарағанды облысы Нұра ауданы КММ "Киров орта мектебі"

















Бағыты: Экология

Ғылыми жобаның тақырыбы: Қытай ойыншықтарының зияны









Жоба Қытай ойыншықтарының зияня





Орындаған: 5- қазақ сынып оқушысы

Тұяқбай Әлішер

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Муканова Гүлден Бейсекейқызы

2015-2016 оқу жылы









Мазмұны

1.Кіріспе .....................................................................................

2.Зерттеу бөлімі

2.1 Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар................................

2.2 Қытай ойыншықтары Қазақстанда................................

2.3 Отандық ойыншықтар зауытын ашу - өзекті мәселе ......................

3. Қорытынды .....................................................

4. Пайдаланған әдебиеттер .................................





























































Аңдатпа

Бұл жоба оқушылардың таңымын кеңейтіп,қызығушылығын оятады.

Ойыншық кез келген баланың серігі. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Қытайдан әкелініп жатқан ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру.Қытай ойыншықтарының құрамындағы улы заттардың бала ағзасына зиянды жақтарын көрсету.Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау. Ата-ананың ойыншық сатып алуда сауатылығын арттыру.Ойыншықтар туралы ақпарат көздерін, кітапханаларды пайдалана отырып мәліметтер жинақтап, көрнекілік материалдарды іздестірдім .Осы тапқан материалдарды жинақтап, зерттеу барысында туған сұрақтарға жауап іздеп, қорытынды жасадым.

Аннотация

























Annotation





























Ғылими жоба тақырыбы:

Жоба жұмысының мақсаты: Қытайдан әкелініп жатқан ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру.

Міндеті:

1. Ойыншықтың бала өміріндегі алатын орны туралы мағлұмат беру.

2. Қытай ойыншықтарының құрамындағы улы заттардың бала ағзасына зиянды жақтарын көрсету.

3.Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау.

4.Біздің елге қандай мемлекеттің ойыншықтары көп әкелінеді?

Зерттеу барысы: Ойыншықтар туралы ақпарат көздерін, кітапханаларды пайдалана отырып мәліметтер жинақтап, көрнекілік материалдарды іздестірдім .Осы тапқан материалдарды жинақтап, зерттеу барысында туған сұрақтарға жауап іздеп, қорытынды жасадым.



Зерттеудің болжамы: Ата-ананың ойыншық сатып алуда сауатылығын арттыру.























































1.Кіріспе

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді. Сондықтан мен өз құрбыларымды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы балалардың денсаулықтарын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосқым келеді. Ойын бала үшін - нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Осы күні қазақ баласы ойнап жүрген қытай ойыншықтарының қауіп-қатерге толы екені ақиқат. Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар - қатаң қадағаланатын мәселе. Өйткені ойыншық - ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ел балалар ойыншығына, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың сапасына, зиянсыздығына ерекше көңіл бөлуге, қатердің алдын алуға міндетті.

























2.1. Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар

Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.

Енді белгілі деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның тапсырысын орындаған қытайлық «Dong Lian» және «Yip Sing» компаниялары ойыншықтар өндірісінде құрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да «Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп, құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Қытайдан келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид әдеттегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында ася зиянды улы зат - фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен. Ғалымдардың пайымдауынша, ойыншықтардың құрамында химиялық зиянды заттар: фенол - бекiтiлген нормадан 1,2-1,4 есе; қорғасын - 1,7; кадмий - 1,6-4,0; формальдегид 1,2-4,1 есе артық болса бұл баланың ағзасына қауіп төндіреді. «Химиялық зиянды заттар фенол, формальдегид бала жүйкесiне әсер етедi, терiге тез сiңедi. Сондай-ақ кадмий, қорғасын да улы химиялық заттардың құрамына кiредi. Кадмий тыныс алу жолдары мен асқазанға зиянды әсер етсе, қорғасын ағзаға жиналып, созылмалы улануға себеп болады» дейді ғалымдар.

Мәселен, біздегі бүгінгі баланың қолында жүрген қолжетімді бағасы арзан ойыншықтардың басым бөлігі Қытай, Ресей, Беларусьтен әкелінеді. Ең қызығы, сол сырттан келген ойыншықтардың қауіпсіздік сертификаты да болмайды екен. Мамандар Қытайдан әкелінетін ойыншықтардың құрамында стиролдың көрсеткіші 2,5 пайызға жоғары болатынын баса айтып отыр. Ал бұл пластмасса жасауға арналған токсиндік қаупі бар сұйықтықты химиктеріміздің арасында көп мөлшерде қосылса нағыз «у» деп атайтындар да бар. Бояуы тым қанық, алыстан «мен мұндалап» тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын эелменттері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал. Қытайдан келген ойыншықтар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Аңдасақ, бізге арзанын тықпалап, түрлі зиянды қоспалары бар ойыншықтарын нарыққа енгізетін сол Қытай елінде тұтынушының сатып алған ойыншығында бір грамм қорғасын көп болатын болса, әлгі тұтынушы ойыншықты шығарған компанияны заң алдында жауап беруге, ірі көлемді айыппұл төлеуге мәжбүрлеуге толық құқылы. Сондықтан болар Қытайдың ойыншық өндірісшілері өз елдерінде тұтынушының талап-тілегін орындауға келгенде мінсіз, олар өз елінде ойыншық жасауға келгенде асқан сақтықпен жұмыс істейді. Ал сол Қытай елі сырт мемлекеттерге ойыншықтарын насихаттауға келгенде тым айлакер. Қазір әлемнің кез келген елін жаулап алған Қытай ойыншықтары туралы тарқатар мәселе де көп. Мамандар «Қытай мен Ресей түрлі насихат жүргізу арқылы ойыншықтарының өтімділігімен қоса өздерінің идеологиясын да санамызға тықпалап жатыр. Арзан ойыншықтың денсаулыққа зияны өз алдына, бұл - ұлттық идеологияға төнер нағыз улы зат. Мұндай дүбара ойыншықтар балаларымыздың санасын улау үшін әдейге жасалған тәрізді. Өкініштісі, біз мұны сезініп отырған жоқпыз» дейді.





2.2. Қытай ойыншықтары Қазақстанда

Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған. Өкінішке қарай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде фенолдың мөлшері 0,05-тен аспауы керек деп нақты көрсетілген. Формальдегид 0,003-тен артық болмауы тиіс. Кадмий қаулы-қарармен бекітілген тізімде атымен жоқ. Өйткені ол - жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады. Алайда тізімде болмаса да, ол ойыншықтардың құрамында бар. Формальдегид те жетісіп тұрған жоқ, өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиынтығымен сәбилер күнде ойнайды. Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі аллергия ауруының да күрт көбейіп отырғанын жасырмайды. Оның бір себебін қытайлық ойыншықтардан іздесек, адаспаймыз. Алдағы уақытта әлемдегі ойыншық индустриясының 75 пайызын қытайлықтар шығаруы мүмкін деген мәлімет тағы бар.Ойыншықтардың 80-90 пайызы қытайдікі көрінеді.Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы ғана емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін «көшірумен» белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан, сапаға емес, санға мән береді. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз.

Қытай тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып, тіпті, осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде «Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң қабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады.

Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі - зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі.Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды. Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады. Қазақстанға ойыншықтар 30 жуық елдерден әкелінеді. Соның ішіндегі бірінші орында Қытай ойыншықтары. Өткен жылдың қортындысы бойынша біздің елімізге шет елдерден келген 180 мың ойыншықтардың гигеналық талаптарға сай жасалмағаны анықталды. Соның ішінде 93 мыңның 242 ойыншықтың түрі сауда айналымынан алынып тастады.













2.3. Отандық ойыншықтар зауытын ашу - өзекті мәселе

Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытта еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам, сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып қалады. Қытайдан ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға мүмкіндік бермейді. Ал балалардың күнделікті құшақтап, тіпті бірге ұйықтайтын серігі - ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Әрине, бұл - отандық кәсіпкерлерге қатысты мәселе. Тек қалтасын толтырумен ғана айналыспай, жас ұрпақтың дені сау да, ақылды, өз елінің патриот азаматы болып өсуі үшін қамқорлық көрсетіп, ойыншықтар өндірісін қолға алуға болады емес пе? Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін ойыншықтарды, мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы ойыншықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Міне, қазбалап көрсек, насихатын мықтау арқылы көршілес елдер осылайша нарықтағы ойыншықтарының сатылымын күшейтіп, қалталарын қампайтып жатқан жайы бар. Біз сол жиып алып балаларымызды ойнатып жүрген ойыншықтарын өзге елдер өздерінде әлдеқашан «көнертіп» тастаған. Қазірде көптеген елдер заманға сай баланың ақыл-ойын дамытатын ойыншықтар жасап әлек. Ал біз бұл мәселеде де төменшіктеп жатырмыз. Ойыншықтарымыздың алғашқы нұсқалары дайын, құжаттары паттенттеуге тапсырылған. Қазақтың ұлттық балалар ойыншықтарын және оның әдістемелік көмекші құралын дайындауда Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» заңы және «Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі» басшылыққа алынды. Сондай-ақ ойыншықтар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Өндірісімізді кеңейтіп, ойыншықтарды көптеп өндіруге, кітапша-нұсқаулықтарын бірге шығаруға қолбайлау жайттар, қаржының тапшылығы шама келтірмеуде. Балалар ойыншықтарын өндіру ісі - әр елдің экономикасына да қомақты табыс әкелетін сала. Қаншама ойыншық шығаратын өндіріс орындары бар көрші Ресей елінің өзінде сырттан келетін ойыншық өнімдерінің үлес салмағы 88-90 пайыз, ал өздерінде өндірілетіні 10-12 пайызды ғана құрайды екен. Ал бірде-бір ойыншық өндіретін кәсіпорыны жоқ біздің елдегі ахуалдың қандай екені айтпаса да түсінікті. Статистикалық деректерге қарағанда, Ресейдегі әр балаға жылына 20 еуро, Англияда 240 еуро жұмсалатын көрінеді. Біздің балажан бауырларымыз да перзенті үшін көп тартынбайтыны белгілі. Сонда жылына қаншама қаржымыздың шетел асып жатқандығын есептей беріңіз. Егер тиісті орындар тарапынан жанашырлық пен қаржылық қолдау болып жатса, біраз шаруаларды өзіміз де тындыруға болады. Бір сөзбен айтқанда ел болашағы - ұрпағымызды бәсекеге қабілетті, зиялы ұлттың өкілі ретінде тәрбиелеуге қажетті дүниелердің де өз елімізде шығарылып, ел балаларын қуантып жатса, «бір бала қуанса, мың періште қуанады» демекші, еңбегіміз де жанып, алаң көңіліміз де жайланар еді...













Ұсыныс: Келешекте Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы сияқты, Отандық ойыншық өндіретін зауаттар ашылып, ойыншықтың бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болса екен.













































3. Қорытынды



- Ойыншық кез келген баланың серігі. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді.



- Ойыншық баланың жұбанышы,қуанышы.Ойыншық бала сана- сезімінің,миының жетілуіне әсер етеді.



- Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді құрал,қимыл-қозғалысты,сезім ағзаларын,тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы.



- Баланың сенімді серігіне айналған ойыншықтың сапасынан бөлек, тәрбиелік мәніне терең мән беруді ата-ана бір сәт ойланса игі.



































































4.Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қытайдың зиянды ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? - Ж. Сүлейменов АСТАНА.

3. «Арзан ойыншық - қымбат дерт» Автор: Сандуғаш Әлімжанова

4. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2013

5. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран Қытай» мақала 29 шілде, 2011













Загрузка...</<font face="Times New Roman, serif">







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал