7


Ана тілі - жүрек үні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп №142 орта мектеп Мерзiмі:__21.04.2016 ж.

Тақырып: Ана тілі- жүрек үні

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер :ұлтжандылық, адалдық, риясыз сүйіспеншілік

Мұғалiм Сутенова Индира Сыныбы: 8 Оқушылар саны:6



</ Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беріп, анаға, тілге риясыз сүйіспеншілікпен қарауды ұғындыру;

Міндеттері: оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім - ана махаббатынан тарайтындығы туралы түсінік беру; балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, кешірімшіл болу сезімдерін дамыту. адамзат баласының алдындағы үлкен парыз -ананы сүюге, кішіпейілділікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Қарындаштар, плакат

Тілек ағашы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру

2.Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Туған тіл, қазақ тілі жайында ақын жазушылардың шығармашылығынан өлеңдер оқып келу.

- Ана - өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ананың қоғамдағы, отбасындағы өмірі туралы не айтар едіңдер?

Сабақ барысын талдау:

4. Дәйексөз

«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.»

Н. Назарбаев

- Ана тілінің құдіреттлігі неде деп ойлайсыңдар?



5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы

М. Шахановтың «Рух пен тіл» өлеңінің бейнежазбасын көрсету.

- Жаңа ғасырда тілге қандай талап қойылып отыр?

- Көптілділік туралы не айтар едіңдер?

- Өз ана тілдерің несімен ерекшеленеді?

- Өз ана тілдеріңді қаншалықты жақсы көресіңдер?

Дәптермен жұмыс: 1- тапсырма

Өлеңдегі ойға сәйкес «Ана тілі» тақырыбында ой-толғау жазыңдар.



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топқа

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте тақырыбына постер қорғау.

  1. топқа

Қазақ тілі, ана тілі жайлы сахналық көрініс көрсету.

Рефлексия: Сабақты қорытындылау мақсатында тілек ағашына оқушылар қазақ тіліне деген сүйіспеншілктерін жазады. Сол кезде қазақ тіліне деген сүйіспеншілік өз жемісін беріп, Ана тіліміз өз дәрежесіне көтеріледі.



7.Топпен ән айту.

Анамның тілі

әні: Ә. Тінәлиев

сөзі: Ш. Смаханұлы



8.Үй тапсырмасы :

Келесі «Ізгілік іздеп келемін» тақырыбындағы Сайф Сарайдың нақыл сөзіндегі ойды жалғастырып жазып келу.



9. Соңғы тыныштық сәтi: Жағымды күйге келу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Біз бүгінгі сабағымызда жақсы қасиеттер туралы әңгімеледік. Жақсыны естідік.

Жақсыны ойлаймыз, айтамыз, тыңдаймыз, көреміз, жасаймыз.









































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал