7


  • Учителю
  • Тақырып: 'Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні'

Тақырып: 'Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дәріс 4.

Тақырып:Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні

Сұрақатар

  1. Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны.

  2. Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің ролі.

  3. Несие нарығының құралдары. Несие түрлері.

1. Несие нарығы дегеніміз - несие ресурстарының түріндегі ақшалай қаражатты сатып, сатып алу бойынша олардың қатынастарының жиынтығы.

Несие нарығының объектілері болып нақты және нақты емес нысандағы ақшалай қаражаттар табылады.

Несие тауарларының нақты түріне депозиттер және коммерциялық несиелер жатады.

Несие нарығының субъектілері болып әр түрлі қаржы институттары табылады. Олар сатушылар мен сатып алушыларға бөлінеді.

Несие тауарларының бағасы болып пайыз табылады. Несие бағасы мынадай факторларға байланысты болады: инфляция деңгейі, сұраныс пен ұсыныс қатынасы, ҰБ - тің қайта есептеу ставкасы, несие мерзімі.

Несие нарығының пайда болуы мен қызмет етуінің қажетті шарттары мыналар:

  1. Бос ақша қаражаттарының болуы.

  2. Қаражатқа деген қажеттіліктің болуы.

  3. Ақшалай қаражаттың меншік иелері мен қаржы институттарының көп болуы.

Несие нарығы мынадай қызметтер атқарады:

  1. Ақшалай қаражаттың халықтың арасында қайта бөлуіне ықпал ету.

  2. Ақшалай қаражатты өкімет пен нарыққа қатысушылар арасында бөледі.

  3. Мемлекеттер арасында қайта бөлу процесін қалыптастырады.

Несие нарығы төмендегідей ұстамдарға беріледі:

  • қайтарымдылық;

  • мерзімділік;

  • төлемділік;

  • қамтамасыздық;

  • мақсаттылық.

Жалпы несие нарығының негізгі субъектісі болып коммерциялық банктер табылады. Олар бір жағынан жалға алушы және екінші жағынан сол жалға алған қаражатты несие беруші қызметтерін атқарады және бұл операциялар коммерциялық банктің негізгі қаржылық нәтижесін қалыптастыратын дәстүрлі операция болып табылады.

Несие нарығы арқылы жалға алынған капиталды экономиканың сфералары арасында бөлу және қайта бөлу, қорлану жүргізіледі. Несие нарығының маңызы қандай ақша капиталының қолданылатынына байланыссыз болады.

Несие нарығы арқылы өндірістің және тауар айналымының өсімі, капиталдың қозғалысы, ақшалай жинақтардың трансформациясы, ғылыми техникалық революция, негізгі капиталдың жаңаруы жүргізіледі.

Несие нарығының негізгі қатысушылары ретінде кредитор мен жалға алушы қатысады. Кредитор қарыз беруді жүзеге асыратын несие мәмілесінің қатысушысы. Тауар өндірісінің алғашқы сатысында кредиторлық қызметпен жеке тұлғалар айналысты. Оның дамуының нәтижиесінде ақшалай кредиторлар ретінде банк мекемелері дами бастады. Ал тауарларды қарызға беру кезінде кредитор болыр тауар өндірушілер табылды.

Қарыз беру үшін кредитордың қолында қажетті қаражат болуы керек. Оның көздері болып жеке қорлар, және ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен қайтарымды негізде алынған ресурстар табылады.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында банк кредитор қарызды тек жеке қаражаты көзінен ғана емес, тартылған қаражат есептерінен және бағалы қағазды орналастырғаннан түскен қаражат есебінен де жүзеге асырады.

Жалға алушы - бұл несиені алып, бекітілген мерзімді алынған қарыз сомасын қайтарыду жүзеге асыратын несие қатынастарының қатысушысы. Жалға алушы кредитормен салыстырғанда ерекшеліктерге ие болады:

- жалға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі емес, тек оның уақытша иегері;

- жалға алушы қарызға алған қаражатын айналыс сферасында да өндіріс сферасында да қолданады. Кредитор қарызды айырбас фазасында береді;

- жалға алушы қарызға алған қаражатты оның шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған кезде қайтарады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін жалға алушы ұдайы өндіріс процесін кредиторлармен есеп айырысуға мүмкіндік беретін қаражаттың уақытында айналыстан босайтындай етіп ұйымдастыруы қажет.

- жалға алушы тек қарыз сомасын қайтарып қоймай, қарыздық пайызды да төлейді. Бұл жерде жалға алушы кредитордың қойған талаптарына тікелей тәуелді болатындығын ескеру қажет.

Несие қозғалысының заңдалықтары несие нарығында кредитор мен жалға алушының арасында қалыптасатын қатынастарды толық түсінуге мүмкіндік береді.

Несиелік қарым қатынасқа түсе отырып, кредитор мен жалға алушы өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынас барысында олар орындарымен ауысуы да мүмкін, яғни кредитор жалға алушыға ал жалға алушы кредиторға айналуы мүмкін.


2. Несие нарығының инструменті болып несие табылады. Ол айырбас сатысында пайда бола отырып, құн қозғалысының үзіліссіздігін қамтамасыз ететін қарыз мәмілесінің нысанына айналады.

Нарықтық шаруашылық жағдайында несиенің негізгі нысаны болып банктік несие табылады. Бұл жерде несие қатынастарының субъектілері болып кәсіпорындар, мемлекет және банктердің өздері қатысады. Коммерциялық банктер өзінің клиенттеріне несиенің әр түрлерін ұсынады. Олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

Жалға алушылардың негізгі топтары бойынша: шаруашылықтарға несие, халыққа несие, мемлекеттік үкімет органдарына несиелер.

Бағыттары бойынша несиелер былай жіктеледі:

- тұтыну;

- өнеркәсіптік;

- сауда;

- ауыл шаруашылық;

- инвестициялық;

- бюджеттік.

Қызмет ету сферасына байланысты экономиканың барлық салаларының шаруашылық субъектілеріне берілетін банктік несиелер екі түрге бөлінуі мүмкін:

-негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірісіне қатысушы несиелер;

- айналым қорларын ұйымдастыруға қатысушы несиелер, яғни өндіріс пен айналыс сферасына бағытталған неиселер.

Пайдалану мерзіміне байланысты несиелер талап ету бойынша және мерзімді деп бөлінеді.

Мерзімді несиелердің өзі:

- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

- орта мерзімді (1-3 жылға дейін)

- ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары)

Талап ету бойынша несиелер жалға алушымен кредитордың талап етуі бойынша қайтару мерзімі шегінде немесе жалға алушының өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта қайтарылады.

Көлемі бойынша несиелер ірі, орта және ұсақ деп жіктеледі. Әрбір банк өзінің несие салымдарының көлеміне қарай өз бетінше анықтайды. Мысалы, әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктер «ірі сатушы» ұғымын несие сомасы жеке қаражатының 3-5 пайызынан асатын банктерге береді.

Қамтамасыз етілуіне байланысты несиелер қамтамаыз етілмеген (бланктік) және қамтамасыз етілген деп жіктеледі. Соңғысы мыналармен қамтамасыз етіледі:

- кепіл затпен;

- банктік кепілдемемен;

- сақтандырумен.

Несиенің қамтамасыз етілуі несиенің қайтарылмауын тәуекелін тһөмендетудің бір тәсілі болып табылады. Қамтамасыз етілмеген несиелер несие қабілеттіктері жоғары классты болып табылатын жалға алушыларға беріледі. Ол қысқа мерзімді сипат алатын жалға алушының аяқ асты қажеттіліктері туындаған жағдайда беріледі. Қамтамасыз ету міндеттемесі кредиторға жалға алушымен несиенің қайтарылмауы жағдайында іздеу салу құқын береді.

Берілу тәсілі бойынша банктік несиелерді компенсациялық және төлемдік деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда несие сомасы жалға алушының есеп айырысу шотына аударылады. Екінші жағдайда банктік несие жалға алушымен несиелендірілетін шаралар бойынша төлем құжаттарының негізінде төлем операцияларын жүргізу арқылы қолданылады.

Несиенің қайтарылу тәсілі бойынша банктік несиелер бөлініп төленетін, және бір мезгілде төленетін деп жіктеледі.

Шаруашылық субъектілері мен басқалай ұйымдық - құқтық нысандардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін банктік несиелендіру несиелендірудің ұстамдарын қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Банктік несиелердің келесідей нысандары бар:

  1. Мерзімді несие - бұл мерзімнің басында беріледі. Сондықтан ол бойынша пайыз барлық сомадан есептеледі де, ал негізгі сома жарналармен қайтарылады.

Қысқа мерзімді несиелер, әдетте бекітілген пайыздық ставкалар бойынша, ал ұзақ мерзімді несиелер өзгермелі пайызбен кез келген валютада беріледі. Қысқа мерзімді несиелер шаруашылық субъектілерінің айналым капиталының қозғалысына қызмет етеді. Және дер кезінде есеп айырысу операцияларын жүргізуге мүмкіндік беріп, төлем қабілеттікті көтере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қысқа мерзімідімен салыстырғанда орта және ұзақ мерзімді несиелер инвестицияларға қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталады, яғни негізгі капиталдың қозғалысын қамтамасыз ету, құрылыс және реконструкция жүргізу, жаңа өндірістерді игеру және негізгі қорларды кеңейту бойынша шараларды жүрізу.

Овердрафт бойынша несие - бұл мерзімсіз несие, оны жалға алушы бірінші талап ету мерзімінде базалық ставкадан жоғары пайызға және келісім шарттың шарттарына сәйкес күн сайын есептелетін пайызбер алады. Овердарфт бойынша несие жалға алушыны хабарландырмай тоқтатылуы мүмкін.

Несие желісін ашу бойынша несиелер - келісім шартта көрсетілген соманы жалға алушының талабы бойынша беру бойынша банктің міндеттемесі. Несие желісі белігілі бір уақытақ ашылады және осы мерзім біркенге дейін жабылмайды. Қажет болған жағдайда несие желісі компаниялармен қаржыландырудың қосымша көзі ретінде пайдалана алады.

Жаңартылатын несиелер. Несиелік желілер де овердрафт та револьверлік несие сипатын алуы мүмкін. Бұл несие бойынша жалға алушы бекітілген сома шегінде қаражатты үнемі пайдаланып қайтара алады. Бұл жерде несие лимит шегінде жүзеге асырылады.

Синдикатталған несие. Дәстүрлі банктік несие кезінде келісім шарт банк пен шаруашылық субъектісінің арасында жасалады. Ал егер субъектіге өте ірі сомадағы қаражат қажет болған кезде банк жоғары несиелік тәуекелді мойнына ала алмайды, немесе шаруашылық субъектісі де тек бір банктен несие ала алмайды, сондықтан синдикатталған несиелер талап етіледі. Ол банктің бірнеше тобымен берілетін несиелер.

Синдикатталған банк банк - гарант арқылы ұйымдастырылады, ол банк тобын қалыптастырып, олардың әр қайсысы өзінің үлесі бойынша несие беруге қатысады.

Ипотекалық несие - банкпен қозғалмайтын мүлік немесе жер телімінің кепіліне берілетін орта және ұзақ мерзімді берілетін несиесі. Ипотекалық несиелендіру қаржылық қызметтің неғұрлым динамикалық даму бағытындағы бір түрі болып табылып отыр.

Қазақстанның несие нарығының негізгі кредиторлары болып коммерциялық банктер табылады. Заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттарын тарта отырып олар активтік операцияларды жүргізудің ресурстық базасын қалыптастырады. Солардың ішіндегі негізгі үлесті несиелендіру операциясы алады. Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің алдында есепті болып табылады. ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын бекітеді. Коммерциялық банктер несие пайызын осы ставканың негізінде бекітеді..

Коммерциялық банктер әмбебап немесе мамандандырылған болатыны бізге белгілі. Қазіргі таңда елімізде банктердің көпшілігі әмбебаптық сипат алады. Ал соңғы кезде мамандандырылған банктер де дамуын ала бастады. Мысалы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, оның негізгі бағыты халықты ипотекалық несиелендіру.

Несие тек коммерциялық банктермен емес ломбардтармен, несие серіктестіктерімен де беріледі. Олар несиені неғұрлым қысқа мерзімге және аз сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және тұтыну тауарларының кепіліне береді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал