7


  • Учителю
  • Конспект Әдептілік әлемі 5 класс

Конспект Әдептілік әлемі 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Әдептілік әлемі»

Мақсаты: ●Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, әдеп әліппесін дарыту.

● Адам бойындағы жақсы және жаман қасеиттерді ажырата білуге үйрету, әдептілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету, алған білімдерін тереңдету.

● Сұрақ - жауап арқылы балалардың сөздік қорын,ой-өрісін дамыту.

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, сахналау.

Көрнекілігі: «Әдептілік әлемі»,гүлдер суреті, ойын тапсырмалары, ағаш суреті, жапырақтар.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!


Барысы:

(Балалар шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасады.)

- Армысыз, қайрымды Аспан - Ата,

- Армысыз, мейрімді Жер - Ана,

- Армысыз, Шұғылалы Нұрлы Күн,

- Армысыз, мектептегі сыныптас,

- Армысыздар, құрметті мұғалімдер.

- Балалар, біз қазір неге амандастық деп ойлайсыңдар?

- Үлкендермен және барлық адамдармен амандасу керек.

- Амандасу ненің белгісі?

- Амандасу әдептіліктің белгісі.

- Әдептілікке нелер жатады?

- Ендеше, балалар, біз әдептілік әлеміне саяхатқа шығамыз. Менің әдепті балаларды көргім келеді. Бірақ сол әдептілік әлеміне бару үшін көп еңбек етуіміз керек. Қиыншылықтарды жеңу үшін бізге білім, шындық қажет.

- Ал көздеріңді жұмып, 3 - 4 дегенде көзімізді ашамыз.(музыка әуені естіледі, тақтада гүлдерден із жасалып, балалар сол ізбен жүреді). Мына жерде «Әдептілік әлемі» деп жазылып тұр екен.

Бірнеше тапсырмаларды орындасақ, біз «Әдептілік әлемінде» не бар екенін білетін боламыз.

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Айтқан тілді ұғамыз,

Саяхатқа шығамыз.


Мұғалім:

- Қай халық болмасын бір- біріне жылы мейір мен кеңпейілділікті, достықты өзара жақындықтарын білдіріп , амандық-саулық сұрасып , өзінің аман екнін білдіруі- сәлемдесуінде.

Адам баласы қашан да тыныш, бейбіт бір-бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған.Сондықтан сәлемдесу-әдептілік қана емес, имандылықтың да нышаны, белгісі ретінде қабылданған.

Мұғалім:

Сәлем-сөздің анасы,

Сәлем-сөздің сарасы,

Сәлемдесер үлкенге

Қазақтың ер баласы.

Сәлем-сөздің анасы,

Білгені жөн қазақтың әр баласы.

Үлкенмен де кішімен,

Сәлемің түзу болсын деп

Үйретер ата-анасы,- дей келе келесі бөлімді бастаймыз.

I бөлім «Сәлем бере білейік» (әр топқа тапсырма беру)

1-топ: Кішінің үлкенге сәлем беруі(ата мен бала).

2-топ: Екі дос немесе екі құрбының бір-бірімен сәлемдесуі

3-топ: Наурыз тойында сәлемдесу немесе көрісу.

IІ бөлім «Ой ашар» (сұрақ-жауап).

1. Әдептілік дегенді қалай түсінесің? (әр топтың жауабын тыңдау)

Оқушылардың жауабы:

1-топ: Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, жүріс-тұрысынан, өзінен байқалады.

2-топ: Әдептілік дегеніміз- өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білуі. Әдепті адам- әдемі адам.

3-топ:Ата-ананы сыйлауды , өзіңе , достарыңа жауапкершілікпен қарауды , адамгершілік қасиеттерді сақтауды әдептілік белгісі деп білемін.

III бөлім «Сиқырлы сөздер»

Сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер?

-Рақмет , кешіріңіз , өтінемін.

IV бөлім Ойын: «Жалғастыр»

Не істеуге болмайды?

1-топ:

- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

-Үлкендердің әңгімесін бөлуге болмайды.

-Біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды.

2-топ

- Құстарды атуға болмайды.

- Құстың ұясын бұзуға болмайды.

- Табиғатты бүлдіруге болмайды.

3-топ:

- Мектепте төбелесуге болмайды.

-Сабақтан кешігуге болмайды

- Досыңды ренжітуге болмайды.

Не істеу керек?

1-топ:

- Үлкенді сыйлау керек.

-Үлкеннің тілін алу керек.

- Үлкендерге сәлем беру керек.

2-топ

- Табиғатты аялау керек.

- Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

-Тәртіпті болу керек.

3-топ:

-Үлкендерге көмектесу керек.

-Үлкендерге орын беру керек.

-Кішілерге қамқор болу керек.

V бөлім «Ситуациялық жағдаяттар»

«Әдептілік» тобы

1.Сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірлі. Бос орын жоқ. Не істер едіңіз?

2.Көшеде қарт адам құлап қалды. Не істер едіңіз?

« Әдемілік» тобы

1.Сіз дүкенде кезектк тұрсыз. Сіздің артыңызда әжей тұр. Не істер едіңіз?

2.Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай тұр. Не істер едіңіз?

« Ізеттілік» тобы

1. Анаң ас пісіріп жатыр ,ал інің мазасызданып кетті. Не істер едіңіз?

2.Сыныпқа үлкендер кірді. Не істер едіңіз?


VI- бөлім «Тақпақтар » айту.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

«Әдептілік» тобы

- Мектепке біз барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ақниетпен , пейілмен,

Қайырлы таң!-дейміз біз.

Күндіз де елді елейміз

Қайырлы күн!-тілейміз.

« Әдемілік» тобы

Тағам дәмді тұзбенен

Үйдің сәні қызбенен

Деген сөзді естігем

Қыз боламын есті мен

Тазалықты қалаймын

Үйдің ішін жинаймын.

« Ізеттілік» тобы

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.


3-топ:

VI- бөлім « Мақал- мәтелдер» сайысы.

1-топ:

1.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

2.Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

3.Әдепсіз бала-ауыздықты атпен тең,

Ақылды қария-жазып қойған хатпен тең.

2-топ

1.Әдептің не екенін -әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

2.Аға әдепті болса-іні әдепті.

3.Апа әдепті болса- сіңлі әдепті.

3-топ:

1.Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

2.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

3.Әдептілік-әдемілік.

VII- бөлім Көрініс «Әдептілік» Ы. Алтынсарин


VII- бөлім «Жылы лебіз»

Мұғалім: Енді біз айналамыздағы адамдарға, әке - шешемізге, достарымызға жылы лебіздер айтайық. Оны жапыраққа жазып, ағашқа ілеміз.

«Әдептілік әлеміндегі» сөздерді оқып, сыныптан тыс жұмысты

қорытындылау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал