7


Ашық сабақ 'Бесеудің хаты'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8 «а» Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы драманың құндылығын таныту, кейіпкерлер характерін жан-жақты аша суреттеуге үйрету. А) Білімділік - адам деген ардақты атқа лайық өмір сүрудің қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, елдің даңқын ер шығаратынын тілге тиек ету. Ә) Дамытушылық - қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдерімен бастан кешкен тарихи қасіретін ұқтыру, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл байлығын арттыру, өз бетімен ізденіп оқу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлауын жетілдіру. Б) Тәрбиелік - Оқушылардың еліне, халқына деген сүйіспеншілік сезімін күшейту, отаншылдық, ұлтжандылық адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Шығармашылық ізденіс. Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап. СТО стратегиялары. Пәнаралық байланысы: Тарих. Көрнекілігі: Ш.Мұртазаның , Т.Рысқұловтың, И.В.Сталиннің, Ф.И.Голошикиннің суреттері, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру 2.Үй тапсырмасы Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасына арқау болған ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған 2 миллион халықтың тағдыры.Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесін жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голошикиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов ашына жеткізеді. Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі осында ол сахналық қойылым барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ғана ашып көрсетеді. ХХ - ғасырда халқымыз басынан небір нәубет өтті. Соның бірі ашаршылық. Осы жәйттен хабардар ету мақсатында Ғ.Мүсірепов бастаған Мансұр Ғатаулин,Ешберген Алтынбеков, Мұтали Дәулетқалиев,Қадір Қуанышев секілді ел азаматтары жоғарыға хат жолдады. Бұл наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды. Бодандыққа көнгісі келмейтін өр рухтың бұлқынысынан Кремлде сескенді. «Бесеудің хаты» жас ұрпаққа азаматтықтың қандай қасіретпен келгенін ұғындырар сүбелі туынды. Үйге көптеген тапсырмалар берілді. Бірінші қысқаша мазмұнды айтып шығайық.

1931-1933 жылдардағы халықтың басынан өткен зобалаңды драмалық түрде көрсеткен Ш.Мұртазаның өмірі шығармашылығы жалпы азаматтық тұлғасын ашу.

2.топ Т.Рысқұлов кім? Өмірі туралы ізденістер

1.топ. Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы туралы ізденіс.

Екі топқа ортақ тапсырмалар: «Бесеудің хаты» драмасындағы кейіпкерлерді ата

Драма дегеніміз не?

Диолог,монолог туралы не білеміз?

Жазушы «Бесеудің хаты» драмасына қандай тарихи оқиғаны арқау етті?

Ашаршылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Қалай ойлайсыңдар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады?

Кім кінәлі?

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс: Қазақ халқының басына түскен сонау 1931 - 1933 жылдар арасындағы зобалаңды жазушы,әсіресе, шығарманың қай тұсында көрсеткен.

Екі топтан 2 оқушы драма кейіпкерлері Ғабит пен Балымның арасындағы диалогты айтып шығады.

1.топ.Жаңағы диалогтан Ғабиттың қандай қасиеттерін танимыз?

2.топ.Балымды қандай кейіпкерге жатқызасыз?

Сатылай кешенді талдау.

Үш жақты түсіндірме күнделік.

Ш.Мұртаза Драмадағы Ғабит Мен кім?

Ой толғаныс

1.топ. Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастыру.

Кейіпкерлер әлемі

2.топ. Шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие аламын.



Тәрбие тәлімі



Бекіту сұрақтары:

1.топ. Драманың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?

2.топ.Оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?

1.топ.Ғ.Мүсіреповтың ұрпаққа аманатын Мүсіреповше жазып шық.

2.топ.Ш.Мұртазаша ұрпаққа хат жазып шық.

Не білемін Не білдім Нені білгім келеді?



Үйге тапсырма: «Елім - ай» тақырыбына шығарма жазу.

Оқушыларды бағалау.

М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп

А Ш Ы Қ С А Б А Қ

Т ақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты»



Сыныбы: 8 «а»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қарымсақова Б.А



Атырау 2015



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал