- Учителю
- Баяндама тақырыбы: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Баяндама тақырыбы: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру - еліміздің даму стратегияларының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. 1992 жылы ҚР «Білім туралы» Заңы қабылданғанан бері ҚРның білім беру саласына қатысты бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. 1997 жылы қабылданған орта оқу жүйесін ақпараттандыру бағдаламасының мақсаты - мектептерді мультимедиялық-компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету, компьютерлік оқу бағдарламаларын жасау, электронды оқулықтар дайындау, білім беруді ақпараттандыру, жүйесі арқылы басқару. Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілген. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты жолдауының (2006 ж) он жетінші бағытында он-лайн тәртібінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқулық теледидар құру қажет екендігін баса айтқан болатын. Оқулық теледидар құру идеясының нәтижесі - эфирге шыққан «Білім» арнасы. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу» Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі. Бағдарламадағы басты жаңалықтардың бірі - электрондық оқытуды толығымен меңгерту. Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізудің тұжырымдамалық негіздері - педагогтардың ақпараттық-коммуникативтік және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, сандық ақпараттық- коммуникативтік технологияларды меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ. «Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - мұғалімнің технологоялық білім саласында шығармашылық әлеуетін дамытатын құрал деп те атауға болады. Білімді ақпараттандыруға көзқарас бойынша барлық педагогтарды негізгі екі категогрияға бөліп қарастырады: дайын АКТ құралдарын қолданушы - оқытушылар және компьютерлік құралдарды педагогикада қолдануға өңдеуші-оқытушылар.
Жалпы пән мұғалімінің АКТ кұзыреттілігінің үлгілік базасында төмендегі құзіреттіліктер кіреді:
-
АКТ саласында жалпы түсініктің болуы;
-
Электронды білім беру ресурстары туралы түсінігінің болуы;
-
Операциялық жүйенің интерфейсін меңгеру;
-
Мультимедия саласында жалпы түсініктің болуы;
-
Мультимедия аумағы туралы жалпы хабардар болу;
-
Мультимедия аумағының технологиясы;
-
Мультимедиялық құрал-жабдықтарды қолдану технологиясы;
-
Пән бойынша дидактикалық құралдар мен жұмыс құжаттарын даярлау контекстісінде кеңселік технологияны тұтынушының дағдыларын меңгеру;
-
Растрлық кескін негізінде кескіндік иллюстрациялар дайындау технологиясын меңгеру;
-
Базалық Интернет-сервис және технологияны меңгеру;
-
Web-сайт құру технологиясы негіздерін меңгеру құзіреттілігі.
Жоғарыда аталған құзіреттіліктердің педагог бойына қаншалықты қалыптасқандығын анықтау бағытында педагог әріптестеріме он сұрақтан тұратын сауалнама жүргізідім. Сауалнама қорытындысында төмендегі көрсеткіштерге көз жеткіздім.
1.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегенді қалай түсінесіз?
76% - сандық технологиялар, компьютер, ұялы телефон.
14% - АКТ қолданып жаңаша білім беру.
5% - интерактивті тақта, ғаламтор.
5% - автоматтандырылған әдістер.
2.Сіз дербес компьютерде қаншалықты жұмыстана аласыз?
А) Word мәтіндік редакторында - 33%
B) Power Poind презентация жасау
C) Excel
Д) Word, Power Point, Excel беттерінде - 24%
Е) Word, Power Poind, Excel және мультимедиялық бағдарламаларда - 29%
14% - Word мәтіндік редакторында, Power Poind презентация жасай алады.
3.Сізде АКТ қолдануда қандай да бір кедергілер мен қиындықтар бар ма?
А) Бар. Себебін жазыңыз
В) Жоқ. Себебі,
57% - кедергі бар, ДК жетік білмеуі, ДК ескіруі, класта интернеттің болмауы
43 % - кедергі жоқ.
4.Сіз сабағыңызда интерактивті тақтаның қандай мүмкіндіктерін қолданып жүрсіз?
А) ACTIVstudio программасы - 38%
В) ACTIVote
С) Флипчарт - 10 %
Д) Активті экран (слайд көрсету үшін) - 52%
5.Сіз сабақта АКТ қай түрін пайдаланасыз?
А) компьютер/ ноутбук - 91%
В) смартфондар
С) планшет
Д) ұялы телефондар - 9%
6.Сіз сабағыңызда АКТ қаншалықты пайдаланып жүрсіз?
А) үнемі - 38%
В) ашық сабақта - 47%
С) тоқсанына бір рет немесе өзіңіздің қанша рет қолданғаныңызды жазыңыз 15%
D) мүлде қолданбаймын. Себебін жазыңыз
7. Сіз үшін сабақта АКТ қолдану қаншалықты тиімді?
А) уақыт үнемдеуге (қажетті ақпаратты интернеттен лезде іздеп табуда)-14%
В) көрнекіліктерді дайын күйінде слайд арқылы көрсетуге - 19%
С) оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында - 48%
D) жоғарыда аталғанның бәрі - 19%
8.Сіз өз сабағыңызда сабақ үстінде интернет желісін пайдаланып жүрсіз бе?
А) үнемі
В) қажеттілік болғанда - 52%
С) өтілетін тақырыпқа сәйкес ақпарат болса (бейнеролик, сөздік, виртуалды зертханалық жұмыс) қолданамын - 38 %
Д) мүлде қолданып көрмедім - 10%
9.Cіз сабақ жоспарын жазуда интернет желісінен ақпарат іздеп тауып, компьютеріңізге жүктей (скачать) аласыз ба?
А) Сабақ жоспарын жазуда интернеттен ақпарат іздемеймін - 29%
В) иә, іздеп табамын бірақ жүктей (скачать) алмаймын - 10%
С) иә, жүктей аламын - 61%
10. Педагогтердің АКТ құзіреттілігін арттырудағы Сіздің ұсынысыңыз?
43 % - педагог маман өзі үйрену керек
28 % - педагогтердің АКТ құзіреттілігін арттыруда біліктілік арттыру курстарында оқыту
5% -педагогтің АКТ құзіреттілігін арттыруда түрлі байқау, семинарлар өткізу:
5% - сынып бөлмесінде интернет желісі қосылса
5% - мектепте мұғалімдерге арнайы практикалық сабақтар ұйымдастыру
14% - қалыс қалғандар.
Сауалнама қорытындысы бойынша, педагогтердің АКТ құзіретін арттыру үшін төмендегі жолдарды ұсынамын.
-
«Теңбе-тең» оқу ұстанымы қолданылса, біліктілігін арттырған әрбір ұстаз өз мектебі мен өзге мектептегі әріптестеріне жаңа тәжірибесін үйретеді.
-
кәсіби проблемасын шешу үшін педагогтердің желілік қауымдастығы ашылса; (бүгінгі күнде ҚР педагогтердің желілік қауымдастығы үш деңгейлі курстан өткен жаңа формация мұғалімдеріне ғана арналған)
-
электронды оқытудың көшбасшы атанған Кореяда біліктілікті арттыруда кредиттік жүйе қолданылады, яғни әрбір мұғалім жыл сайын 8 кредитті (120 сағаттық) жинау қажет. Педагогтердің АКТ құзіреттілігін арттыруда кредиттік жүйе енгізілсе;
-
мектептегі кластар интерактивті LCD панель 70'' LED TV Panel IWB, цифрлы бейнекамералармен т.б. озық технологиялармен жабдықталса, оны қолдану бағытында практикалық сабақтар ұйымдастыру;
-
барлық білім беру мекемелерінің орналасқан жерін тәуелсіз кең жолақты интернетпен (сынып бөлмелері) қамтамасыз ету;
-
электронды оқулықтар оқытудың негізгі қайнар көзі көзіне айналып отыр, егер Сіз жаңа тақырыпты меңгертуде 17-20 минутты пайдалансаңыз, электронды оқулық арқылы 10-15 мин жұмсайсыз. Электронды оқулықтар мен оқу құралдарын дайын күйінде ғана қолданып шектелмей, қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды өздігінен өңдеумен жұмыстана алатын педагогтерге Macromedia flash технологиясын біліктілік арттыру курстарында оқытып, тәжірибеде үйретсе;
-
әрбір мұғалім АКТ құзіреттілігін арттыру үшін күніне 30-50 минут дербес компьютерде өзі технологиялық білімін тәжірибеде қолдану (слайд жасау, мультимедиялық бағдарламаларда жұмыс жасау т.б.);
-
«Оқытуда АКТ кіріктірудің озат тәжірибесі» немесе т.б. тақырыптарда семинарлар, бейне-сабақ (видео-урок) үлгілерінің байқауларын ұйымдастыру педагогтердің АКТ құзіреттілігін арттыруда оң нәтиже көрсетеді деген болжамды ұсынамын. АКТ құзіреттілікті арттыру мақсатындағы байқаулар педагогтердің АКТ қолданудағы бәсекелестігін арттырады.
Білім берудегі жаңашыл идеяларды оқытуда жүзеге асыратын педагог пәндік, педагогикалық, технологиялық білім салаларына құзіретті болуы керек. Осы үш білім салаларының қиылысының қиылысу ортасында Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Бұл тәсілді 2006 жылы Мишра мен Кёлер қарастырып « жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек» деген пікірді негіздейді. Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается электронные и информатизированные обучение учителей, и компетеция информационно-коммуникативные технологий педагогов, и еще рассматривано ИКТ компетенция рост повышение прововых компетенции педагогов. В преспективе надо предусмотривать переход на гарантирование государством получения педагогами технического образование.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей.www.cpm.kz.
-
Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты жолдауы.2006 ж.
-
Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу» Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы.
-
Н. М. Самыратов. Корей Республикасы іс-сапарының есебі.
-
Ахметкаримова К.С., Бигельдинова Б.Н., Абдикаримова Қ.Е.
.