7


  • Учителю
  • Адамның іс-әрекеті 9-сынып сабақ жоспары

Адамның іс-әрекеті 9-сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 9 б,9в,9ә Күні: 24.09,25.09,28.09

Сабақтың тақырыбы:§ 4. Адамның іс-әрекеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адамның қызметі, қызметтің тұрпаттары мен түрлеріне түсінік беру және оның қоғамда алатын рөлін ашып көрсету.

Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд, постер, фломастерлер, түрлі түсті қағаздар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

г) топқа бөлу

«Бағдаршам» . қызыл түсті таңдағандар - бір-бірімен амандасады, сары түсті таңдағандар - құшақтасады, жасыл түсті таңдағандар - бір-бірінің бетінен сүйіп, сәттілік тілейді.

Сары түс - жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар

Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.

Көк түс - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай-ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түстімолшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.



2.Үй тапсырмасын тексеру

1.Даралық ұғымына сипаттама беріңдер.

2.Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

3.Білімдерін жан- жақты тексеру

3.Қоғамда адамның мәнін ашуға көмектесетін қандай ұғымдар бар?

4.Даралық латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

5.Жеке адам немен тығыз байланыста болады?

4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Қызметтің сипаты.

Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар.

Оқушыларға тақырыпшаларды бөліп беремін, әр топ сол тақырыпша бойынша постермен қорғайды.

Адам өмірі тұтастай қызметпен, белгілі бір іспен шұғылданумен өтеді. Әрекетсіз адам болмайды. Өмір бар жерде қызмет те бар. Өйткені қызмет - адамның өмір сүруінің формасы.

Адамның қызметі

нәтижесі


мақсаты Атқарылуы

Құралы нәтиже

Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз.

Қызметтің көптеген тұрпаттары мен түрлері бар.

қызмет



рухани



материалдық



өндірістік



еңбекті



еңбексіз

Мақсат - қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдарды пайдалана отырып, оған жету жолдарын сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.

Психологияда адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті мотив деп атайды.

Мотив (франц. Motif - себеп, себепке итермелеу) дегеніміз - субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағыттылығын айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы; тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі.

6.Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

Қызмет дегеніміз не?

Қызмет қоғамның қозғаушы күші дегенді қалай түсінесіңдер?

Қызмет етуге құлшыныс тудыратын қандай фактор бар?

7.Жаңа материалды бекіту:

«Ойлан, тап!» ойыны арқылы терминдерді еске сақтау.

8.Қорытындылау.

Нені үйренгендерін білу үшін ақ қағаз таратамын. Қағаз бетіне қолының саусақтарын қойып, сызуларын сұраймын. Әрбір саусақтың бойына жазу жазады.

Бас бармақ- тағы қандай жұмыстар жүргізу керек?

Балан үйрек- жаңа не білдім?

Ортан терек- маған не жеткіліксіз болды?

Шылдыр шүмек- сабақ барысындағы психологиялық ахуал, 10 балл бойынша.

Кішкентай бөбек- маған ең қатты ұнағаны

  1. Үйге тапсырма: §4. Адамның қызметі.

  2. Бағалау:






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал