- Учителю
- Өзін өзі тану Өз мүмкіндігімізді таниық
Өзін өзі тану Өз мүмкіндігімізді таниық
Тексерілді:
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп: №180 ЖББ мектеп Мерзiмі: 24. 09.2016
Тақырып: «Өз мүмкіндігімізді таниық»
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: табандылық, еңбекқорлық, өз - өзіне сенімді болу.
Мұғалiм: Ханафиева С.Д. Сынып: 6 «А» сынып Оқушылар саны: 25
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз мүмкіндіктері туралы
түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-
Оқушыларға өз мүмкіндіктері туралы баяндай отырып, табандылық қасиетінің маңыздылығын ұғындыру;
-
Оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз мақсатына жетудегі еңбекқорлық қасиетін дамыту;
-
Оқушыларға өз мүмкіндіктерін қолдана отырып, өз - өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер, қалам, бейне материалдар.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi.
-
Сәлемдесу
-
Оқушыларды түгелдеу
-
Сыныптың жалпы сабаққа дайындығын тексеру
5 Т ережесін еске түсіру
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
ә) Топқа біріктіру:
Оқушылар өздеріне ұнаған түстер арқылы топтарға бірігеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Арманшыл адам» Қ.Толыбаев
-
Адамның неліктен ойлаған ойына қолы жетпеді?
-
Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?
-
Ғұламаның кеңесін қалай тұжырымдар едіңдер?
-
Мәтіндегі адамның қиялы оның мүмкіндігіне сәйкес келе ме?
-
Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсың дар ма?
Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйек сөз:
Адам - ғалам ғажайып жеке дара,
Жан құмары - ізденген мәңгі - сана.
Өзіңді-өзің танысаң - істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Әл- Машани
Хормен, ұлдар, қыздар болып дауыстап оқу
4. Әңгiмелеу (сұхбат):
«Менің атым - Қожа» (Бейнеролик)
-
Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі бар ма?
-
Қожаны өз мінез - құлқы жайлы ойлауға не мәжбүр етті?
-
Қожаның орнында сендер болсаңдар не істеуші едіңдер?
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы ойларымен бөліседі.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
Әр топқа тапсырма беріледі.
1 «Қожа Ахмет Йассауи» кесенесі.
2 «Бәйтерек» Астана.
3 «Хеопс Пирамидасы» Гизе.
4 «Моно Лиза» Леонардо да Винчи.
1 Өнер туындыларын көргенде қандай сезімде болдыңдар?
2 Адам мүмкіндігінің шексіз екендігін мысал келтіре отырып
дәлелдеңдер.
Оқушылардың тапсырмасы тыңдалады.
6. Топпен ән айту.
Махаббат - бақыт бастауы.
с. А.Беляев ә. Б.Қажымұқанов
7. Үй тапсырмасы:
Л.С.Рувинский « Адам мүмкіндігін білеміз бе?» 29 - бет
8. Соңғы тыныштық сәті.
Балалар әр қашанда сезіміміз бен ойымызды бір мақсатқа бағындырып, өз мүмкіндігімізді ескеріп, сол мүмкіндігімізден айырылып қалмауға талпынып, табандылықпен, еңбекқорлық пен дұрыс әрекет етсек өз армандарыңның биік шыңына жетесіңдер!
</<br>