7


  • Учителю
  • Поурочный план по ЧОП әлеуметтік қатынастар (10 класс)

Поурочный план по ЧОП әлеуметтік қатынастар (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 10

Сабақ: 12

Күні:

Тақырыбы: Әлеуметтік қатынастар

Сабақтың мақсаты: әлеуметтік қатынастар ұғымы, түрлері жайлы жаңа мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға әлеуметтік қатынастардың мәнін, маңызын аша отырып, түсіндіру.

Дамытушылық: Қоғамға деген көзқарасын қалыптастыру, әлеуметтік қатынастар түрлерінің ерекшелігін көрсету.

Тәрбиелік: Танымдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау, топтық жұмыс

Көрнекілігі: кесте, схема



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Өркениет тынысын айқындаушы фактор.

  2. ҒТП-ның негізгі бағыттары

  3. Энергияның жаңа көздерінің ашылуы.

  4. Ғарыш кеңістігінің игеріле бастауы.

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Әлеуметтік қатынастар ұғымы

  2. Әлеуметтік қатынастар түрлері

  3. Экономикалық және құқықтық қатынасардың ерекшелігі



Әлеуметтік қатынастар - қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік. Бұл түсінікті социологияға француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм енгізген. Ол әлеуметтік байланыс ұғымын топқа, ұйымға және тұтас қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді. Әлеуметтік топтардың не қоғамның ішіндегі әлеуметтік байланыстардың үш белгісі болады:

  1. топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындайды және құрметтейді;

  2. аталған қауымдастық мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір-біріне тәуелді;

  3. жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды.

Әлеуметтік байланыс ұғымы әлеуметтік қарым-қатынастар ұғымын да қамтиды және әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады. Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-қатынастар деп аталады. Олар саяси, экономикалық, құқықтық т.б. қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста, біріне-бірі себепші болады. Әсіресе, саяси қарым-қатынастардың қоғамдағы рөлі зор. Ол. әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне елеулі ықпал етеді. Әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты қоғамның әлеуметтік даму деңгейіне байланысты. Өркениетті, дамыған қоғамда әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты да жоғары деңгейде болады.

















IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сыныпты 3 топқа бөліп, әр топқа «Саяси қатынастар», «Экономикалық қатынастар», «Құқықтық қатынастар» деп ат беру. Әр топ өзінің аттарына сай сипаттама беруі керек.

V. Үй тапсырмасын беру: әлеуметтік қатынастар

VI. Бағалау.







</













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал