- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: § 16. Қоғамның әлеуметтік құрылымы Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларғақоғам мүшелерінің түрлі таптарға, топтарға жіктелуі жайлы түсінік беру, ҚР – ғы зейнеткерлердің зейнетақы жүйесімен таныстыру. Дамытушылық: оқушылардың ой- пік
Сабақтың тақырыбы: § 16. Қоғамның әлеуметтік құрылымы Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларғақоғам мүшелерінің түрлі таптарға, топтарға жіктелуі жайлы түсінік беру, ҚР – ғы зейнеткерлердің зейнетақы жүйесімен таныстыру. Дамытушылық: оқушылардың ой- пік
Сабақтың тақырыбы: § 16. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қоғам мүшелерінің түрлі таптарға, топтарға жіктелуі жайлы түсінік беру, ҚР - ғы зейнеткерлердің зейнетақы жүйесімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды саяси өмірге белсене араласуына, болашақта жеке зейнет қорын дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Әдісі: топпен жұмыс, сызба арқылы түсіндіру, ойтолғаныс.
Көрнекілігі: тірек сызбалар
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
-
Үй тапсырмасын тексеру
-
Адамның экономикадағы рөлі қандай?
-
Еңбек ұғымына түсінік беріндер.
-
Еңбек ақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
-
Жұмыссыздық деген не? Оның пайда болу себептерін атандар.
-
Білімдерін жан-жақты тексеру
-
Бизнес және кәсіпкерліктің Қазақстанда алатын рөлі жайлы ой толғау.
-
Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
-
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
-
Әлеуметтік құрылым.
-
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы.
-
Тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі.
Әлеумет сөзі халық бұқарасы, көпшілік, жамиғат мағынасында қолданылады. Қандай болмасын белгілі бір категорияға (ұлт, тап) енетін адамдардың жиыны әлеуметтік топ делінеді. Әлеумет сөзі шағын топтарға қатысты да қолданыла береді.Бір әкімшілік бірлікте (ауданда, қалада, облыста) тұратын түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінен құралған адамдардың жиынтығы социум делінеді.
Құрылым (лат. Structura - құрылу) - жүйені құрайтын элементтер жиынтығы және реттілігі. Қазақстанның әлеуметтік құрылымы деп бүкіл ел азаматтарының түрлі белгілеріне қарай, бір-бірімен тұрақты қатынаста болатын топтарға жіктелуін айтамыз
микротоптар
Макротоптар
Топтар
Макротоптарға - бүкіл қоғам, өркениет, ұлт сияқты ірі әлеуметтік тұтастықтар иен жүйелер жатады. Микротоптарға- адамдардың бірігіп өмір сүруі мен еңбек ету үдерісінде құрылатын шағын топтар кіреді.
Қазіргі Қазақстан қоғамын құрайтын барлық тұрғындары өзге өркениетті елдердегідей, негізінен , үш тапқа - жоғары тап, орта тап, төменгі тап деп бөлінеді. Қазіргі өркениетті елдердін басым көпшілігінде жоғары тап өкілдерінің бүкіл тұрғындар арасындағы үлесі көп емес, 2 - 3 мөлшерінде болып отырады. Оларға аса ірі меншік иелері, табысы мол мемлекеттік шенеуніктер кіреді. Олардың басым көпшілігі байлықты ата-бабаларынан мұра ретінде қабылдап алғандар болып табылады. Орта тап өкілдері қоғамдағы орны мен қызметінің алуантүрлілігіне орай қанағаттанарлық материалдық деңгейде өмір сүреді. Төменгі тап деп табыстары тұтыну себеті көрсеткішінен көп аса қоймайтын, көпшілік жағдайда ол кемерден олқы түсіп жататын адамдардан тұратын әлеуметтік тоты айтамыз. Төменгі тапты құрайтын негізгі құрамның үлкен шоғыры жұмыссыздардан тұрады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын түзетін таптар мен топтар бір - бірімен байланыссыз өмір сүре алмайды. Олар бір денені құрайтын жанды ағза секілді үнемі қатынас үстінде болады. Мұны әлеуметтік қатынастар деп атаймыз.
Әлеуметтік өмір аясы деп материалдық игіліктерді бөлу жолымен мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асырылатын адамдар қауымының өмірлік қызмет аренасын айтамыз. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік мәсеселердің ішіндегі ең күрделісі - зейнеткерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету болып отыр. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары экономикалық дағдарыстарға байланысты зейнеткерлердің зейнетақысын уақытша кешіктіріп төлеу жағдайлары ұшырасты. Осындай қиын жағдайдан шығу үшін Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін түбірімен өзгерту қажеттігі туды. Қалыптасқан ахуал 1998 жылдың басынан бастап Қазақстан республикасында жаңа зейнет заңын енгізуге алып келді. Бұл заң бойынша жұмыс істейтін әр адам өзінің айлық еңбекақысының 10%- ын жеке зейнет қорына аударып отырады. Зейнет қоры азамат зейнетке шыққан кезге дейін жиналады. Жаңа заң бойынша зейнет жасы ерлер үшін - 63, әйелдер үшін 58 жас болып белгіленген.
-
Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
-
Әлеумет сөзі қандай мағынада қолданылады?
-
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы
-
Әлеуметтік қатынастар деп нені айтамыз?
-
Зейнеткерлер зейнетақымен қалай қамтамасыз етіледі?
-
Жаңа материалды бекіту:
-
Әлеуметтік қабат дегеніміз не?
-
Әлеуметтік өмір аясы дегеніміз не?
-
Үйге тапсырма:§ 16. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
-
Бағалау: