- Учителю
- Ашық сабақ 'Аяз би' ертегісі
Ашық сабақ 'Аяз би' ертегісі
Қарымсақова Бағдат Ахметқызы
№ 7орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Атырау қаласы.
«Аяз би» ертегісі (5 сынып).
Мақсаты:
Ертегіні оқыту арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйренеді, идеясын ашады. Ертегіні талдау барысында,адамгершілікке, шыншылдыққа адалдыққа тәрбиеленеді
Типі:
Жаңа тақырыпты игеру.
Түрі:
Білік - дағдыны қалыптастыру, қызығушылығын ояту
Әдісі:
АКТ, СТО , Оқыту үшін бағалау
1.Диалог
2.Жеке жұмыс
3.Жұппен жұмыс талдау, іздену т.б
Дерек көздері:
Оқулық, Шың кітабы
Сабақта қолданылатын материалдар:
А-3 парағы, стикерлер, оқулық,флипчарт
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Ертегі мазмұнын меңгереді.Өмірдегі жақсы қасиеттерді бойына дарытады.Кейіпкерлер бейнесін ашады.
1/Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу,назарларын бүгінгі сабаққа аудару.
Оқушылардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау
Орындалатын тапсырмалар
Психологиялық ахуал туғызу
Сергіту сәті
«Тыныштық сәті»
Психологиялық ахуал туғызу
5 минут
Оқушылар ,қолдарыңды тізелеріңе қойып,терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар,сіздер жап-жасыл табиғат әлеміне еніп барасыздар.Біреуіміз қып-қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз.Ал біреуіміз тұп-тұнық мөлдір су тәрізді таз жанбыз.Енді біреулеріміз көк апанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз,ойымызды еркін айта аламыз.Қыздар болса,көк аспанда еркін ұшып жүрген сан алуан құстар,ал,ұлдар болса қыран бүркіттей биіктерге самғап барады.Алдымыз жарық нұрын шашқан күн сияқты аналарымызбен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды,әкелерімізбен аталарымыз асқақтаған асқар тау болып,ақ батасын беріп,бізге қол бұлғайды.Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айырықша қуанып тұрмыз.Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.
Сыныпта жылы,мейірімді атмосфераны орнату.
2/Топқа бөлу «Жасырынған сурет»
Оқушыларға суретті дұрыс құрастыру тапсырмасы беріледі. («Мозайка» әдісі бойынша қолдарындағы сурет қиындыларын дұрыс орналастыру барысында өз топтарын табады)
Оқушылар оз топтарына отырады.
3/Формативтік бағалау
10 минут.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ер Төстік ертегісі бойынша,менің ертегіден алған әсерім тақырыбында жазған эсселерін тексеру.
Оқушылар жазып келген эсселерін сыныптастарының назарын аударып оқып шығады.
4/«Кім жылдам?»
5 минут
Оқулықтан ертегі ішіндегі мақал-мәтелдерді тауып оқу.
Аға өлсе,іні мұра.
Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса,бас жарар.
5/Жеке жұмыс
10 минут
«Бағыттап оқу» стратегиясымен тақырыпты ашу.
1.Құстың,шөптің,адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.
2.Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.
3.Жаманды ханның уәзір етіп алуы.
4.Жаманның гауһар тасты
5.Меңдінің жаманды таңдауы.
6.Жаманның сертке берік
Есірген хан елді ермек етер.
Ащы менен тұщыны татқан білер.Алыс пенен жақынды жорытқан білер.
Ақыл -ердің қорғаны.
Адам тілі тас жарады,
Тас жармаса,бас жарады.
Кедейлігіне қарама,кісілігіне қара.
Сертке берік бол,
Досыңа серік бол.
7.Қырық уәзірдің жаманмен араздастыруы.
8.Жаманның Барсакелмеске сапары.
Арсыз жала жауып аздырады,
Ақылды адам жол тауып оздырады.
Жігітке жар қымбат,
Намыс пен ар қымбат.
6/Сөздікпен жұмыс
5 минут
Дәптерлеріне түсініксіз сөздердің мағынасын ашып жазу.
Қанын жү-темеу-біреудің оліміне себепші болмау.
Тәңірі жазса-Құдай қаласа.
Теңдік тауып-Әділдік тауып
Нашарларға-кедей тұрмысы нашар адамдарға.
7/Рефлекция
5 минут
Сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып қалдырады.
Сабақтан алған әсерлерін бас бармақ арқылы білдіреді.
8/Бағалау
3 минут
Топта бірін-бірі бағалайды,формативті бағалау,ауызша бағалау.
Таратылған жұлдызшалар арқылы «жарайсың».«Өте жақсы»
9/Үйге тапсырма:
2 минут
Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
Ойларынан ертегі құрастырып келу.
Сабақ аяқталды.