- Учителю
- Разработка по вне классной работе на тему 'Наурыз-думан' (5-7 классы)
Разработка по вне классной работе на тему 'Наурыз-думан' (5-7 классы)
«Жұлдызды сәт» ойыны
1.Тақырыбы: «Наурыз-думан»
2.Мақсаты:1. Өзге ұлт өкілдері балалаларының қазақ тілінен білімдерін тексеру.
2. Оқушылардың сөйлеу тілін, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
3. қазақ халқының салт-дәстүрін білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Ойынның өткізілу барысы:
1. Ұйымдастыру:
-
Оқушылармен, жиналған қонақтармен амандасу.
-
Ойыншыларды ойынның мақсатымен, ойын шарттарымен таныстыру.
-
Сынып оқушылары арасынан ойынға қатысушыларды іріктеу.
2 . Кіріспе сөз:
Бүгінгі ойынымыз наурыз мерекесіне арналады. Біздің ойыншыларымыз қазақ халқының салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін көрсету үшін білім сайысына түспекші.
Ойынды бастамас бұрын құрметті ұстаздар мен оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтаймын . Ойыншыларымзға жеңіс тілей отырып, бұл ойын көрермендер көңілінен шығады деп үміттенеміз.
3. Негізгі бөлім:
І-кезең. «Таныстыру».
Шарты: Әр ойыншы өздерін таныстырады.
ІІ-кезең: «Көктем».
Шарты: Берілген сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру.
-
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-
Көктем айларын атаңдар.
-
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-
Наурыз айында қандай мерекелер бар?
-
Қандай жабайы құстарды білесіңдер?
-
1 мамырда қандай мереке болады?
-
Жеңіс мейрамы қашан?
-
Оқу жылының соңғы күні қашан?
-
Көктемде не жауады?
-
Сөздерді аударыңдар: природа, дождь, весенняя одежда, праздник, солнце, деревья.
ІІІ-кезең: «Мақал-сөздің атасы»
Шарты: Ойыншылар мақалдарды мүдірмей, қателеспей толықтыруы қажет.
-
Отансыз адам- ормансыз...............
-
Досы көпті .......... алмайды.
-
Елі байдың - .......... бай.
-
Туған жер- тұғырың.
Туған ......-қыдырың.
5. .......- оттан да ыстық.
6. Батыр туса-ел ырысы,
........ жауса-жер ырысы.
7. Мектеп-кеме,
Білім-..............
8.Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз ........- сорлы бала.
9. Отан отбасынан ..............
10.Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды..............
ІҮ-кезең: «Наурыз»
Шарты: Оқушылардың салт- дәстүр бойынша білімдері тексеріледі.
-
Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
-
Ұлттық тағамдарды атаңдар.
-
Музыкалық аспаптарға не жатады?
-
Қандай ұлттық ойындар бар?
-
"Хан талапай" ойыны немен ойналады?
-
Наурызкөже неше түрлі тағамнан пісіріледі?
4. Қорытынды: Жеңімпаздарға сыйлықтар таратылады.
Восточный жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
Дайындаған: Рахымжанова Р.Д
2011 жыл.