- Учителю
- Конспект 1 маусым 5 класс
Конспект 1 маусым 5 класс
Бекітемін:
_________ Есқалиева К.
23.05.2012 ж.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Шат күлкісі тиылмасын баланың»
Мақсаты: 1 - маусым балаларды қорғау күніне орай балаларды құттықтау, ана мен әке үшін бала ең құнды екенін айту, мектеп өмірін де оқушысыз елестету мүмкін емес екенінен мағлұмат бере отырып, балалық шақтарының қадір - қасиетін ұғындыру.
Түрі: Тренинг
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
1.Балаларға тәрбие сағаты болатындығын хабарлау
2.Партада дұрыс, түзу отыруларын ескерту.
-
Кіріспе бөлім
-Бала - адамның бауыр еті дейді халық. Балалар құқығы туралы конвенцияда сендердің өмірлерің жан - жақты қорғалған. Кішкентай болсаңдар да осы өмірде сендердің алатын орындарың ерекше. Сондықтан сендерді 1 - маусым мерекелеріңмен құттықтаймын. Әрқашан ата - аналарың қастарыңда болсын. Өмірлеріңдегі ең бақытты шақ балалық шақтарың шаттыққа толсын.
ІІ.Негізгі бөлім
-Адам бір - бірін көргенде ең алдымен не істейді?
-Амандасады
-Ендеше біз де қазір әр елдің амандасу рәсімдерімен танысамыз және сол елдерше амандасамыз.
Амандасу рәсімі
Қазақстанда - қол беріп амандасады
Италияда - құшақтасып амандасады.
Бразилияда - иықтан қағады
Зимбабада - арқа сүйеп амандасады
Македонияда - шынтақтасып амандасады.
Никарагуада - қол шапалақтайды, секіреді
Австралияда (абарагендер) - бір - бірін бөксемен итереді.
-
Жарық, бейбітшілік, қуаныш
Балалар жүргізушінің айтқанын қайталайды
Жарық, жарық, жарық
Жарық менде (екі қолын өзіне апарады)
Жарық сенде (екі қолын алға қарай созады)
Жарық барлық әлемде (екі қолымен көрсетеді)
Бейбітшілік, бейбітшілік,бейбітшілік
Бейбітшілік менде
Бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық әлемде
Қуаныш, қуаныш, қуаныш
Қуаныш менде
Қуаныш сенде
Қуаныш барлық әлемде.
Дидактикалық ойын «Айна»
-ойынымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ қояйын
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне.
Ортаға екі бала шығады. Оның біреуі айна, біреуі айна алдындағы адам. Адам айна алдына келеді де айнаға қарап, шашын тарап, киімін дұрыстаса, сол жасаған қимылды айна да қайталайды. Ол адам қандай қимыл жасаса да айна оны қатесіз қайталауы тиіс.
Келесі кезектегі тренинг «Комплимент айту
-Адамдар бір - біріне жақсы, мақтау сөздер айтып жүрсе ол сөздер адамның көңілін марқайтып, қуанышқа бөлейді.Қазір біз де бір - бірімізді қуанышқа бөлеу үшін бір - бірімізге комплимент айтуымыз керек.
«Сәлем, менің атым» тренинг
Балалар шеңбер құрып тұрады. Әрқайсысы үйде мамалары мен папалары өздерін еркелетіп қалай атайтындарын іштерінен ойлап тұрады. Мыс мадина, Мадюка немесе Мадо деп айтуы мүмкін. Сол үйде аталатын есімдерін сыныптас балалар білмейтін болғандықтан бір - бірімен сол аттары бойынша танысады. Ол өзінен кейін тұрған балаға «Сәлем , менң атым Айя « деп танысады.
5 тренинг
-Мен бақыттымын. Мен әлемді, барлық адамдарды жақсы көремін, оларға жақсылық тілеймін.
-Мен бүгіннен бастап өз денсаулығыма көңіл бөлемін, жаттығу жасап, үсті-басымды таза
ұстаймын.
-Бүгіннен бастап мен табиғаттың др\осымын. Оны көзімнің қарашығындай сақтаймын.
-Мен өз мақсатыма жетіп, сабақты жақсы оқимын және басқалардың да жақсы оқуына
көмектесемін.
6 тренинг
Балалар бір - біріне жылы лебіздерін білдіріп, күлімсіреп қарайды.
Оқушылар бір - бірін құттықтап, тақпақ айтып, би билеп, ән шырқайды.
ІІІ.Қорытынды бөлім
-Таңертең тұрғанда ұйқыңнан күліп оянсаң, саған күн де шуағын төгеді, күні бойы күліп жүресің. Ал күліп жүрсең ісің оңға басып, жолың болады.