7


Зияткерлер сайысы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Зияткерлер сайысы.Мақсаты: Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойын есептерінің көмегімен ой өрістерін дамыту.Көрнекілігі: Интерактивті тақта.Ұйымдастыру.Сәлеметсіздерме көрермендер мен бүгінгі сайысқа қатысушылар. Бүгінгі “ Зияткерлер сайысына” к
предварительный просмотр материала

Зияткерлер сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойын есептерінің көмегімен ой өрістерін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздерме көрермендер мен бүгінгі сайысқа қатысушылар. Бүгінгі " Зияткерлер сайысына" келіп отырғандарыңызға рахмет. Ең алдымен сайыстың шарттарын түсіндіріп өтейін ( ойын шарттары айтылады).

І тур.

1-топ сұрақтары.

1.Масса - векторлық шамаға жатады ма?

Жауабы: Жоқ. Масса - скалярлық шама.

2. Әль - Фараби Сырдария бойында, ерте замандағы түркі халықтарының орталық қаласы Отырарда туғаны рас па?

Жауабы: Иә.

3. 860° ІV ширекте жатады ма?

Жауабы: Жоқ. 860° ІІ ширекте жатады.

4. теңдігі ақиқат теңдікке жатады ма?

Жауабы: Иә.

5. " Идиома" грек тілінен аударғанда " өзгешелік" деген мағынаны білдіреді ма?

Жауабы: Иә.

6. функциясының графигі гипербола болады ма?

Жауабы: Иә.

2- топ сұрақтары.

1.Егер жақша алдында " + " таңбасы тұрса, онда жақшаларды ашқанда ішіндегі бірмүшелер таңбасын өзгертпейді.

Жауабы: Иә.

2. Үдеу - векторлық шамаға жатады ма?

Жауабы: Иә.

3. Математик Монард Эйлер швейцариялық па?

Жауабы: Иә.

4. 700° ІV ширекте жатады ма?

Жауабы: Иә.

5. теңдігі ақиқат теңдікке жатады ма?

Жауабы: Иә.

6. Косинус - тақ функцияға жатады ма?

Жауабы: Жоқ. Косинус - жұп функция.

ІІ тур.

1.Адамзаттың бөлшек сандар туралы түсінігі өте ерте замандарда қалыптасқан. Бөлшек сандар әр түрлі шамаларды өлшеу процесіне байланысты пайда болған. Ежелгі Вавилонда алпыстық бөлшектер, Мысыр, Грекияда алымы 1- ге тең бөлшектер қолданған. Үнділер мен Арабтар бөлшекті оның алымын бөлімінің үстіне орналастыру арқылы жазған. Ал Леонардо Полонский бөлшектің даму процесіне қандай үлес қосты?

Жауабы: Бөлшек санды көрсетуде сызығын пайдалануды ұсынған.

2. Математикалық тәуелділікті анықтап, белгісіз санды табу?

4 5 6

2 3 4

5 ? 3

Жауабы: 4 саны.

3. Анограмманың шешімін тауып, артық сөзді анықтау?

агримфол

рбелгаа

оасмика

твфиала

Жауабы: Логарифм

Алгебра

Аксиома

Алфавит.

4.Ерназардың 9 ұлы болыпты. Тоғыз ұлына бір үйдің 9 қызын әперіпті. Әр келін 9 ұл туыпты. Әр ұлдан 9 шөбере көріпті. Ерназардың әулетінде қанша адам бар? ( Ертөстіктен)

Жауабы: 181 адам бар.

5. Теріс емес бүтін а және в сандары берілсін. Егер а- ны в-ға қалдықпен бөлгенде, қалдық нөлге тең болса, онда в саны а санының бөлгіші деп аталады. в саны а санының бөлгіші болған жағдайда оны символдың көмегімен қалай белгілейміз?

Жауабы: а:в.

6. Екі таңбалы санның ондықтарының бірліктерінен біреуі кем. Санның ондықтары мен бірліктерінің қосындысы сол екі таңбалы санның 1/5 - індей . Осы екі таңбалы санды табу керек?

Жауабы: Ізделінді екі таңбалы сан - 45.

ІІІ тур.

1.787 - 850 өмір сүрген. Орта Азияның Үргеніш қаласында туған. Ол математикамен, астрономиямен, географиямен, этнографиямен, тарихпен, медицинамен айналысқан. Арихметикадан алгебраның дербес ғылым болуының негізін қалаған. Ең алғаш алгебра оқулығын жазған. Оның есімі кім?

Жауабы: Әль - Хорезми.

2. 1540 - 1603 жылдары өмір сүрген белгілі Француз математигі. Алгебралық теңдеулерді зерттеп, тригонометрияның бірталай қиын мәселесін шешті. Ол 1591 жылы алғаш рет санды әріптермен белгілеуді енгізді.

Жауабы: Франсуа Виет.

3. Пифагор өз мектебінде оқып жүрген шәкірттерінің саны туралы " Оқушылардың жартысы математика, төрттен бірі музыка үйренуге, жетіден бірі үндемей отыруға келеді. Бұлардан басқа тағы үш әйел бар". Пифагордың неше оқушысы бар?

Жауабы: 28 оқушы.

4. 1596 - 1650 жылдары өмір сүрген француз математигі, физигі. Математикаға айнымалы шамалар ұғымын енгізген, координаттар әдісін жете зерттеп, алгебраның геометриямен байланысын айқындаған?

Жауабы: Рене Декарт.

5. 1805 - 1859 неміс математигі. Сандар теориясында бірқатар ірі жаңалықтар ашты. Алгебра мен математикалық анализді дамытуда едәуір жетістіктері бар. Ол механика және механикалық физика саласында маңызды зерттеулер жүргізген.

Жауабы: Петер Дирихле.

6. Көне индус есебі.

Тып- тыныш көл бетінде

Жарты футты өлшемді көреліді лотос гүл

Жалғыз өскен еді ол.Басқа орынға әкетті

Жел оны өз күшімен.Жоқ

Су бетінде гүл енді.

Ерте көктем кезінде тауыпты оны балықшы

Өскен жерден екі футты аулақта

Ал, енді сұрақ қоямын:

Осы жерде көл суы

Тереңдігі қаншалық?

Жауабы: фут.


ІV тур.

1."Мына шіркіннің баласы "тойдым" деп қарап отырмас, " қарным ашты" деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен". Асан Қайғы осы сөздерді айтқан кезде қай жерді меңзеген еді?

Жауабы: Ұзын асқан Ертіс бойын.

2. Грекияда сандарды жазудың алфавиттік жүйесі қолданылған. Мұнда сандар грек алфавитінің әріптері арқылы бейнеленді. Алфавиттің алғашқы 9 әрпі бірліктерді, келесі 9 әрпі ондықтарды, ал соңғы 9 әрпі жүздіктерді білдірген. Сөздердің жазылуын сандардан айырып жазу үшін не қойылады?

Жауабы: Сөздердің жазылуын сандардан айыру үшін санның үстіне сызық қойылатын болған.

3. XVI ғасырдың аяғында Ф.Виет теңдеулердің белгісіздерін ғана емес, сонымен бірге олардың коэффициенттерін де белгілеу үшін әріптерді енгізді. Ол бұл белгілеулерді қысқаша қалай алды?

Жауабы: N - бірінші үшін, Q- екінші үшін, C - үшінші үшін, QQ- төртінші үшін, т.б.

4. Қарама - қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш қалай аталады?

Жауабы: Трапеция.

5. Аргумент қабылдайтын мәндер жиыны қалай аталады?

Жауабы: Функцияның анықталу аймағы.

6. Жүйедегі әрбір теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын х және у сандарының жұбы қалай аталады?

Жауабы: Жүйенің шешімі.

V тур.

Логикалық есеп.

1-Топ. Сұрақ: жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?

Жауабы: Барлық айда.

2-Топ. Сұрақ:Таңбаларын қой.

400 211 409 508 504 416=1000

Жауабы: 400 - 211+ 409 - 508 + 504 + 416=1000.

Қорытынды. Сайыста жеңіске жеткен топ марапатталады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал