7


  • Учителю
  • Махаббат - өмір өзегі Өзін -өзі тану

Махаббат - өмір өзегі Өзін -өзі тану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Мектеп : № 142 мерзімі: 14.05.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Махаббат -өмір өзегі

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер:Жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы,адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік.

Мұғалім: Сүтенова Индира Сынып: 9 Оқушылар саны-8Сабақтың мақсаты:: Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән- мағынасын түсіндіру;

- Жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту;

- Оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу

Ресурстар(құралдар,

материалдар)оқулық,дәптер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру . Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбына шығарма жазып келу.

Сабақ барысын талқылау.

3.Әңгімелесу

1. «Ғашықтық» және «Құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?

2. Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?

3.Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады? Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

4.Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланысы бар?



5.Дәйексөз

«Махаббат құдіреті-жер жүзіндегі күллі ізгі,таза,риясыздық атаулының қайнар көзі»,-деген Ж.Стальдың сөзін ,оқушыларға махаббаттың құдіреті -жер жүзіндегі күллі ізгі,таза,риясыздық атаулының қайнар көзі екенін түсіндіру.



6.Мұғалім сыйы

І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романынан үзінді.

Жақсы көру деген бір ұлы қасиет.Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады.Жалпы адам баласын жақсы көру бар.Жалпы адам баласын жақсы көріп,оның бақыты үшін күресу ол-үлкен жүректі алыптардың ісі.Ал жеке біреуді жақсы көру,сол үшін барыңды аямау-бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік.Кім өзінің ата-анасын,туған бауырларын жақсы көрмейді?Солар үшін аямай еңбек еткісі келмейді?Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса,жанын құрбан етуден бас тартады?Меніңше,бұл-қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс.Бірақ біреуді жақсы көру,ұнату бар да,не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю,онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар.Жан-тәнімен сүю,ғашық болу меніңше адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет.



Шығармашылық жұмыс.

«Махаббатсыз дүние бос…» тақырыбына зерттеу,талдау жасаңыз.Төменде бірнеше тапсырмалар берілген ретімен орындап,сыныпқа жариялау.

1.»Махаббат»ұғымының мәнін анықтау.

2.Ұқсас ұғымдарды іріктеу:

*»Махаббат»ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу.

3.Ұқсас ұғымдарды іріктеу.

*Адамға махаббат қаншалықты керек?

*Адамда махаббат сезімі болмаса,не болар еді?

*Махаббатадамға қандай артықшылық береді?

*Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

5.Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.

*Махаббатта кемшіліктер бола ма?

*Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?

*Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?

*Махаббат қай кезде жағымсыз қасиетке айналады?

6.Ұғымды өз ойыңмен тұжырымдау.

*Махаббат -бұл…

7.Қорытынды:

*Өз көңіл-күйіңіз туралы айтып беріңіз



Топпен ән айту

Ш.Қалдаяқовтың»Бақыт құшағында» әнін орындайды.



Үйге тапсырма

Өтілген тақырыпты қайталау.

Соңғы тыныштық сәті







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал