- Учителю
- Дәріс. Тақырып: 'Сақтандыру нарығы'
Дәріс. Тақырып: 'Сақтандыру нарығы'
Дәріс 7
Тақырып: Сақтандыру нарығы
Сұрақтар:
1.Сақтандырудың экономикалық мәні.
-
Сақтандырудың жіктелімі.
3.Сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері.
1. Сақтандыру - заңды және жеке тұлғаларға келтірілген зардапты көптеген тұлғалар арасында болу арқылы қалпына келтірудің тәсілі.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында тауар өндірісінің мүліктік қызығушылығын қорғау сақтандырудың көмегімен мүмкін.
Нарықтық экономика үшін сақтандыру тәуекелінің неғұрлым жоғары деңгейіне тән. Себебі, мұндай жүйеде тек табиғи апаттан ғана емес, экономикалық дағдарысқа ұшыраудың, өнім өндіруінің төмендеуінің, шаруашылық валюталық жоғалтулардың қалпына келтіретін тиімді әдісі.
Сақтандыру - заңды және жеке тұлғалардың мүліктік қызығушылығының белгілі бір сақтандыру оқиғасы болған олардың төлеген сақтандыру жарналарынан қалыптасатын ақшалай қор есебінен қорғау және азаматтарға олардың өміріне болған күтілмеген оқиғаға көмек көрсету бойынша қатынастарды көрсетеді.
Кез келген нарық экономикалық елде сақтандыру қызметтері экономикалық заңдарға, құн заңына, сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделуі қажет. Сақтанушының белгілі бір жағдайға оқиғаның болдырмауы қызығушылығы сақтануға қызығушылық.
Сақтанушы - сақтандырушыға белгілі бір жағдайда сақтану көмегін алу мақсатында сақтандыру төлемін төлеуші тұлға.
Сақтандырушы - сақтандыру келісім-шартында қарастырылған және қалпына келтіруге қажет деп негізге алынған оқиға.
Сақтандыру заты - сақтандырудың объектісі болатындай барлық материалдар мен құндалақ заттары.
Сақтандыру тәуекелі - сақтандыру оқиғасының болуы ықтималдылығы және сақтандыру объектісіне келтірілсе зиянның мүмкін болуы.
Экономикалық категория ретінде сақтандыруды мына белгілер сипаттайды:
Бөлу және қайта бөлу қатынастарының болуы;
Сақтандыру тәуекелінің болуы;
Сақтандыру қызығушылығын есепке алу;
Сақтандыру зардабын бірнеше сақтанушының жасаған қорының есебінен қалпына келтіру;
Сақтандыру төлемдерінің қайтарымдылығы;
Сақтандыру іс-әрекетінің өзін-өзі қаржыландырылуы.
2. Сақтандыру қатынасының әртүрлігінің тәртібі үшін бұл категорияны міндетті түрде жіктеу қажет.
Сақтандыруды сыныптау - сақтандырудың звеносы бойынша табылады. Оның салаарасы, түрлері бойынша сақтандыруды бөлудің жүйесі әрбір звено алдыңғы звеноның бір бөлігі бойынша табылады. Яғни жоғары звено - сақтандыру саласы, ортаңғысы - сақтандыру салаарасы, төменгі звено - сақтандыру түрі. Жіктеудің барлық звеносы сақтандырудың міндетті және ерікті нысанын қамтитын сақтандыру жіктеу негізіне 2 критериі қарастырылған: 1. сақтандыру объектісінің екрекшелігі;
2. сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі.
Сақтандыру салаларға бөлудің негізінде сақтандыру объектісіндегі әртүрлілік жатыр. Сақтандыру қатынастарының барлық жиынтығын 4 салаға бөлуге болады:
-
мүліктік;
-
азаматтың өмір деңгейін сақтау;
-
жауапкершілігін сақтау;
-
кәсіпкерлік тәуекелді сақтау;
Тәуекелді сақтандырудың белгілі бір жағдайына байланысты жоспарлаған кірісініңі бір бөлігін жоғалту мүмкіншілігі меншік формасының және сақтандыру категориясына байланысты мүлікті сақтандыру мынадай салалардан тұрады:
-
мемлекеттік категорияның мүлкін сақтандыру;
-
мемлекеттік емес категория мүлкін сақтандыру;
-
азаматтардың мүлкін сақтандыру.
Адамның өмір деңгейін сақтандыру бойынша екі салааралық жіктеу бар:
-
әлеуметтік;
-
жеке.
Жауапкершілікті сақтау кезінде салааралық жіктеуге мыналар жатады:
-
бережақты сақтандыру;
-
азаматтық құқықты жауапкершілікті сақтандыру.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру екі салааралық жіктеу бар:
-
кірісті тікелей жоғалтуды сақтандыру;
-
кірісті жанама жоғалтуды сақтандыру.
Мүліктік сақтандырудың түрлері: мал басын, ғимаратты, көлік құралын, ауыл шаруашылық дақылын, адамдардың жеке мүлкін сақтандыру.
Адамдардың өмір деңгейін сақтандыру түрлері: зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар, балаларды, бақытсыз жағдайлардан жауапкершілікті сақтандыру бойынша сақтандыру түрі болып несиенің қайтарылмауы, тауар үшін төлемақының қайтарылмауы және т.б. кредиторлық бережақты сақтандыру.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыруда сақтандыру түрлері болып өндіруге және қызмет көрсету процессі кезінде тәуекел бойынша анықталған объектісі табылады.
Сақтандыруды жүргізудің екі нысаны бар: міндетті және ерікті.
Міндетті сақтандыру сақтанушының еркінсіз заңның талап етуіне байланысты жүргізіледі. Әдетте бұл сақтандыру оқиға туындау тәуекелі өте жоғары объектілер бойынша жүзеге асырылады. Бұндай сақтандыру бойынша келісім шарт жекелеп жасалмауы да мүмкін, себебі оның шарттары заң актісінде көрінеді.
Ерікті сақтандыру сақтанушының таңдау еркімен жүзеге асырылады. Бұндай жағдайда әрбір сақтанушымен жекелеген келісім шарқа отырылады.
3. Сақтандыру нарығы - бұл сатып алу, сату объектісі сақтандыру болып табылатын ерекше әлеуметтік - экономикалық құрылым және ақшалай қатынастардың бір сферасы.
Сақтандыру нарығының объективті негізі - бұл күтілмеген жағдайлардан зардап шегушілерге ұдайы өндіріс процесінің үзіліссіздігін қамтамасыз етудің қажеттілігі.
Сақтандыру нарығының әрекет етуінің міндетті шарты - бұл сақтандыруға деген қажеттіліктің болуы және сол қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндігі бар сақтандырушуның болуы. Әрекет ететін сақтандыру нарығы әр түрлі құрылымдық звенолардан тұратын күрделі жүйе. Оның алғашқы звеносы болып, сақтандыру компаниясы табылады. Осы жерде сақтандыру қорының қалыптасу және пайдалану процесі жүргізіліп, субъектілердің арасындағы экономикалық қатынастар пайда болады. Нарықтық экономика адамдардың таңдау еркіндігіне мүмкіндік беруді яғни субъектілер өзінің алған кірісінің бөлінуін өз бетінше шешіп, басқа субъектілер мен экономикалық қатынасқа түсу мақсатында еркін келісім - шарттар жасалады. Осы жағдайлардың барлығын сақтандыру компаниялары өз қызметінің кең еріктерін ұсына отырып, есепке алады. Нарықтық экономиканың негізгі принципі - бұл ұсыныс пен сұраныстың еркін ойына сақтанушыға қажетті сақтандыру қызметінің пайда болуын ынталандырады. Бағаны қалыптастырудың еркіндігі сақтандырушылар арасындағы бәсекелестік үшін жағдай жасайды. Сақтандыру нарығы - экономикалық бәсекелестік кезінде реттеуші қызметті атқарады. Бәсекелестік сақтандыру нарығының жетістігінен өзінің тікелей әсерін тигізеді, яғни бәсекелестік, сақтандыру компаниясы қызметкерлерін үнемі жаңа клиенттерді іздеуге сақтандыру қызметінің түрлері мен әдістерін жетілдіруге мәжбүр етеді. Нарықтық экономика жағдайында сақтандырушының қызметі сақтандыру қорының қаражатын қалыптастыратын, тиімді пайдаланумен байланысты болады. Бұл нарықта сақтандырушы кәсіпкер рөлін ойнайды.
Сонымен, сақтандыру нарығы - дегеніміз сақтандыру өнімін сатып, сатып алу бойынша сақтандыру субъектінің арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Сақтандыру нарығының қызмет етуі ең басты экономикалық заңдар, құн заңына және сұраныс пен ұсыныс заңдарына сүйенеді.
Сақтандыру нарығының құрылымы - институционалдық және территориялық аспектілерде сипатталады. Институционалдық аспект жағынан сақтандыру нарығы акционерлік және мемлекеттік болады. Ал территориялық жағыннан жергілікті және аумақтық сақтандыру нарығы, ұлттық сақтандыру нарығы және әлемдік сақтандыру нарығы деп бөлуге болады. Салалық белгісі бойынша сақтандыру нарығы жеке және мүліктік нарықтары бар. Сақтандыру нарығының қатысушылары - ( сақтандырылған тұлға және сақтандыруды қалпына келтіруді алушы тұлға ) сақтанушылар мен делдалдар.
Сақтандыру нарығында ұсыныстың ерекше тауар - бұл сақтандыру қызметі. Оның құны болып, сақтандыруды қорғауды қамтамасыз ету табылады. Сақтандыру қызметінің бағасы сақтандыру тарифімен көрініеді. Бұл тариф, ұсыныс пен сұранысты салыстыру арқылы бәсекелестік жағдай есепке алынып, қалыптастырылады. Сақтандыру бағасының төмеңгі шегі түскен сақтандыру төлемімен, сақтандыруды қалпына келтіруге төленген сомманың арасындағы теңдік принципімен анықталады. Ал жоғарғы шегі сақтандырушының қажеттіліктермен анықталады. Сақтандырушының нақты қызметінің бағасы, оның сақтандыру портфелінің көлемі мен құрлымына инвестициялық саясатының жағдайына, шығындардың көлеміне және күтілетін қаржылық нәтижесіне байланысты болады. Сақтандыру қызметі келісім - шарт негізінде немесе заңдық негізде болуы мүмкін. Сақтанушының сақтандыру нарығында қолдана алатын сақтандыру түрлерінің тізімі сақтандыру нарығының ассртимені д.а. Қазіргі кезде әлемдік сақтандыру тәжірибесінде екі бағыт күшейген:
-
Сақтандыру қызметінің мамандалуы;
-
Сақтандыру қызметінің әмбебаптылығы.
Сақтандыру ісі сақтандыру келісім - шартын жасаумен оны орындау негізінде жүргізіледі. Сақтандырудың міндетті нысаны кезінде келісім шарт жасалмауы мүмкін. Себебі бұл жағдайда сақтандырудың барлық шарттары нормативтік - құқықтық актілерде беріледі. Нарықтық экономика жағдайында сақтандыру іс - әрекеті міндетті түрде келісім - шарт жасаумен толықтырылады. Кейбір жағдайда міндетті сақтандыру нысанында да келісім - шарт жасалады.
Келісім - шарт дегеніміз екі немесе одан да көп тұлғаның азаматтық - құқықтары мен міндеттерінің белгіленуі, өзгертілуі және тоқтатылуы жөнінде келісімі. Егер келісім - шартқа тек бір сақтанушымен бір сақтандырушы отырса , ол екі жақты келісім - шарт деп аталады. Ал бір мезгілде бірнеше сақтандырушы болса, бұл көпжақты келісім - шарт деп аталады. Сақтандыру келісім - шарты ақшалай келісім - шарт болып табылады, яғни сақтандыру жарнасы, сақтандыруды қалпына келтіруде ақшалай формада жүреді.
Сақтандыру келісім - шарты:
-
заң талаптарына жауап беруі керек;
-
егер келісім - шарт екі жақтың мүддесін қорғайтын және жақсартатын болса әрекет етеді;
-
керісінше екі жақтың әрекетіне кедергісін келтіретін болса, онда ол заңмен қарастырылып, өз күшін тоқтатады.
Сақтандыру келісім - шарты мынадай жолдармен жасалады:
-
сақтандырушы мен сақтанушы қол қойған шарттың жағдайлары екі жақпен келісіліп отырып жасалған, әрбір сақтанушымен жеке жасалатын құжатты толтыру;
-
сақтанушының сақтандырушы жасаған типтік келісім - шартқа өзінің келісімімен қосылуы;
-
сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін беру;
-
басқалай жолмен.
Ең кең тараған форма екінші форма.
Бұл жерде сақтандырушы келісім - шарт тәртібімен жағдайын өзі жасақтайды, егер ол сақтанушы қанағаттандырса ол жазбаша арыз жазып, өз келісімін береді. Оның орнына сақтанушыға сақтандыру полисін беріледі, осы құжаттардың жиынтығы сақтандыру келісім - шартын құрайды. Егер сақтандыру өте күрделі болса келісім - шарттың неғұрлым қысқартылған формасы қолданылады. Сақтандыру қызметінің сақтандырушыдан сақтанушыға сақтандыру агенті немесе брокері айналысады. Сақтандыру агенті бұл сақтандыру компаниясының атынан сақтандыру полисін сатумен сақтандыру жарнасын инкоссациялау мен кейбір жағдайда сақтандыруды қалпына келтіруді жүргізумен айналысатын жеке және заңды тұлға. Сақтандыру агентінің жұмысы сақтандыру облысындағы біліктілікпен қатар адамдардың психологиясын сезіне білуге негізделеді.
Сақтандыру агенті ретінде заңды тұлғалар жиынтығы сақтандыру қызметін таратудың неғұрлым тиімді желісін құрайды. Сақтандыру агенттері Ұлттық немесе аймақтық кәсіби ассоциацияларға біріге алады. Сақтандыру брокері дегеніміз - сақтандыру келісім шартын жасаған кезде сақтанушының кеңес беруші рөлін атқарушы жеке немесе заңды тұлға. Оның агенттен айырмашылығы, ол сақтандыру компаниясының тәуелсіз делдалы болып табылады. Сақтандыру компаниясы жөнінде барлық мәліметті біле отырып, брокер сақтандырудың әрі қарайғы қимылын анықтауға ықпал ететін білікті эксперт болып табылады. Егер сақтанушы келісім - шарт жасалса, сақтандыру брокері комиссиондық сыйақы түріндегі табысын алады. Әлемдік тәжірібиеде бұл сыйлық брокередж деп аталады.
Брокердің негізгі қызметтері мыналар:
-
Клиент үшін сақтандырудың неғұрлым оптималды шарттарын анықтау;
-
Сақтандыру оқиғасы туындаған кезде сақтанушының сақтандыруды қалпына келтіру сомасын алуына ықпал ету.
Жеке тұлға сақтандыру брокері сақтанушының атынан сақтандыруды қалпына келтіруді немесе сақтандыру жарнасын инкассациялауды жүргізе алмайды. Ал заңды тұлға сақтандыру брокерлері бұндай қызметті сақтандырушымен қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асыра алады. Сақтандыру қызметінде сақтандыру делдалдарын пайдалану сақтандыру компаниясының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Сақтандырудағы делдалдық қызмет арқылы сақтандыру полисін сату немесе сақтандыру келісім - шартын жасау процесі аквизиция деп аталады. Ал осы қызметті орындаушы делдалдар аквизиторлар деп аталады.