7


  • Учителю
  • Разработка урока по НВП Сап және оларды басқару

Разработка урока по НВП Сап және оларды басқару

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Тақырыбы: Сап және оларды басқару.



Білімдік мақсаты: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғау - басты патриоттық екенін түсіндіру. Қарулы Күштерін сыйлау.

Дамыту мақсаты: Оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгеру, білдіру. Пәнге қызығын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Уақыты: 45 мин.

Әдістеріп: Түсіндіру. Бейнематериалды көрсету. Оқушылардан сұрау өткізу.

Сабақтын өту орны: АӘД кабинеті. Саптық алаң.

Оқулықтын аты: 10 сынып АӘД оқулығы, 2010 ж., ҚР ҚК әскери Жарғылары.

Көрнекті құралдар: Интерактивтік тақта.

Сабақ пішіні: бөлімше бойынша, взвод бойынша, жекеленген.



Оқу жоспары:

1. Сап және оның элементтері.

2. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.

3.Сатық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

4. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері.

5. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.



Кіріспе кезені 10 мин.

1. Взводты сапқа тұрғызу, командирден рапорт қабылдау, сәлемдесу 3 мин.

2. Түгендеп тексеру 2 мин.

3. Үй тапсырмасын тексеру (өткен тақырыпты қайталау) 10 мин.



Негізгі кезен 25 мин

Сабақтын барысы 5 мин.

1. Саптық дайындық - әскери қызметшілерді әскери дағды мен әскери тәртіпке үйретудің маңызды пәндерінің бірі. Ол әскери қызметшіге саптық тұрысты, ұқыптылықты, тәртіптілікті, бөлімше құрамында жекеленген саптық тәсілдер мен үйлесімді қимылдарды дереу және дұрыс орындауды дағдыландыруға бағытталған. Саптық дайындық: қарумен және қарусыз жекеленген саптық жаттығуларды; машиналардағы және жаяу реттегі қимылдар кезінде бөлімше, взвод, рота,батальон және полктердің жаттықтыруын; бөлімше мен бөлімдердің саптық байқауларын, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс алаңында жылжу тәсілдерін қамтиды.

Саптық дайындық сабақ кестесінде қарастырылған оқу уақытында өткізіледі. Ол тактикалық, атыс, дене шынықтыру сабақтарында және басқа сабақтардың барлығында, сапқа тұруда, қозғалыс кезінде, күнделікті өмірде жетілдіріліп, іске асырылады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру 20 мин.

Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.

Қатар - қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.

Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.

Қаптал - саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.

Маңдайшеп - саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

Саптың тыл жағы - маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.

Аралық - маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.

Арақашықтық - түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.

Сап ені - қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың ұзындығы - саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.

Екі қатарлы сап - бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.

Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жазылма сап - бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жорықтық сап - бөлімшелердің леккке Жарғымен немесе командирлермен белгіленген арақашықтықта бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сап.

Бағыттаушы - көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

Тұйықтаушы - лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.



2. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.

Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.

Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.

Алдын ала берілетін пәрмендер - саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі.

Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.

Мысалы: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» және т. б.

Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат» пәрмені беріледі.

Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.

«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.

«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.

«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.

Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.

Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.

Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.

Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.

Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға - саптал».

Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.



3. Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.

Әскери қызметші:

  • өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;

  • нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;

  • саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;

  • сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;

  • бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.



4. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.

Жетекші «Сәлеметсіздер ме, оқушы мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза», «Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деген жауап беріледі.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек. Егер бас киім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек.

Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

Сұраққа жауап беру арқылы, оқушылар жаңа тақырыпты бекітеді.



Қортынды кезені 5 мин.

  1. Жаңа тақырыптың мақсаты және немен жетілдірілгенін айту.

  2. Жақсы жауаптарды белгілеу.

  3. Келесі сабақтығы өтетін тақырыпты айту.

4. Ұй жұмысы. (10 сынып АӘД өқулығы 210-213 бет).





АӘД пәнінің мұғалімі: __________________________ Мұхамбетжанов А.С.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал