7


  • Учителю
  • Урок по НВП для 10 класс Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері

Урок по НВП для 10 класс Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№142 орта мектеп





























Тақырыбы: Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері

Сыныбы: 10

Пәні: АӘД

Пән мұғалімі: Кенжебаев Х.

















































2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды пневматикалық винтовкадан, АК 74-тен ату тәсілдерін үйрету, машықтандыур.

Дамытушылық: Әскери дағдыны меңгеруге, жетілдіруге,өзіне берген қару, мүлікті сақтай білуге, жарамды ұстауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Отан қорғауға дайын болуға, патриоттық сезімге, түрлі қиыншылықтарға табандылықпен төзе білуге тәрбиелеу.

Өтетін орны: спорт зал, атыс дайындық орны.

Сабақ түрі: Жаңа білім игеру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, АК 74 макеттері, оқжатар,винтовка, әр түрлі нысаналар , оқтар, атыс станогі, жалаушалар.

Пәнаралық байланыс: Физика, тарих





Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Бөлімшенің сапқа тұруы, командирдің рапорты, сәлемдесу, сырт келбетін тексеру, түгендеу,отырғызу.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардан

III.Атыс дайындығы орнында жаңа сабақ түсіндіру.

Автоматты бұзып-жинауды ұқыпты орындау.

Сабақ сұрақтары:

1.Атыс дайындығы жалпы ережелері.

2.Атысқа оңтайлану.

А) жатып атуға оңтайлану, автомат белдікке, кеудеге күйінде

Б) тізерлеп атуға оңтайлану,автомат белдікке, кеудеге күйінде

В) тұрып атуға оңтайлану, автомат белдікке, кеудеге күйінде









Жалпы ережелер

Автомат(пулемет! Ұрыс жағдайында жарақталған оқжатарымен қоса тасымалданады. Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез-келген жерден әр түрлі жағдайда жүргізуі мүмкін. Ұрыс жағдайында ату орны командирдің бұйрығымен таңдалынып жабдықталынады. Жағдайға байланысты ату орны ор, оқпана, жыра, тас, ағаш арты өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Ату орнын ауыстыру үшін «Автоматшы Ахметов ана жерге жүгіріп өт-Алға»деген пәрмен беріледі. Жағдайға байланысты автоматшы жылжу тәсілін өзі шешеді. Бұл кезде автомат сақтандырғышқа қойылады. Автоматтан «пулеметтен! Ату-атысқа оңтайланудан,атысты жүргізуден және атысты тоқтатудан құралады.

Атысқа оңтайлану.Автоматшы»пулеметші! атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атысқа оңтацлануы үшін пәрмен берілуі мүмкін. Мысалы: «Ұрыс шебіне атуға-адым бас»,содан кейін: «Оқта!», ал егер керек болған жағдайда «Оқта!»пәрменінің алдында атыс орны үшін орын көрсетіледі.

Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты «пулеметті!оқтауды қамтиды.

А)Жатып атуға оңтайлану автоматты «белдікке» жағдайындағыдай жүргізіледі. Егер пулемет «белдікке» жағдайында болса, онда оң қолды белдік бойымен біраз жоғары көтеріп, пулеметті иықтан түсіреді де, оны сол қолмен ағытұыш доғасы мен ұңғы қорабынан ұстайды; содан соң оң қолға пулеметті ұңғы бастырмасы мен құндағынан алып, сол қолмен оның тіреу сирақтарын ажыратады. Осымен бір уақытта оң «сол! Аяқпен алға қарай толық адым жасайды және алға қарай еңкейе ату бағытына қаратып, пулеметті тіреу сирақтарына қояды; сол жағдайда тұрып екі қолмен джер тірейді, аяқты артқа жібереді жібереді де, етпетінен жатады.

Б) Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты»пулеметті! Ңғүы бастырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты а тізерлеп өкшеге отырадыртқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады;осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.

В) Тұрып ату қалпын қабылдау үшін:

Егер автомат»пулемет! «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына қатысты оңға жартылай бұрылу керек,сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолмен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстап, ауызғы бөлігін алға, нысана жаққа, тез бағыттау қажет.

IV. Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.

  1. Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

  2. Винтовкадан ату тәсілдері.

  3. Нысанаға атудан жарысу.

  4. Пневматикалық винтовкадан жылдамдыққа жатып, тізерлеп, тұрып нысананы атудан топ бойынша жарыс.

  5. Атыс қателіктерін талдау, жекелей,топты бағалау.

V . Сабақты қорытындылау: автоматтан «пулеметтен! Ату тәсілдерін пысықтау.

VI . Үйге тапсырма. V тарау II тапсырма оқып келу.











































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал