7


  • Учителю
  • Сабақ 'Жалпы әскери жарғылары'

Сабақ 'Жалпы әскери жарғылары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызыметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.

Сыныбы: 10

Өткізілетін күні:

Сабақтың мақсаты:

ҚР ҚК басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызыметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері туралы мағұламаттар беру. Оқушылардың өз ойларын әрі қарай дамыту. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауаптар т/б.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі

Көрнекілік құралдар: Электронды оқулық, т.б.


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі - 12 минут.

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, взвод командирінің рапортын қабылдау, амандасу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

2. Мемлекетіміздің гимнін орындату.

3.Үй тапсырмасын тексеру (Электронды оқулықпен жұмыс).

II. Негізгі бөлім - 25 минут.

1. ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары.

ҚР ҚК-нің жалпы əскери жарғыларын оқу нəтижесінде Ішкі қызмет жарғысы, Тəртіптік жарғы, Гарнизондық жəне Қарауылдық қызметтер жарғысы жəне Саптық жарғы болып төртке бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызметінің жарғысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі (кемелердегі), штабтарындағы, департаменттеріндегі (басқармаларындағы), ұйымдарындағы, әскери-оқу (оқу) орындарындағы Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларындағы әскери өмір салтының негізгі ережелерін, ішкі тәртіп қағидаларын, әскери қызметшілердің, командирлердің (бастықтардың) жалпы құқықтары мен міндеттерін, әскерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуын айқындайды. Онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының, әскери анттың және әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының мәтіндері берілген.

Соғыс уақытында дала жағдайында және бейбіт кезенде әскери Қызметшілерді ұрыс іс-

қимылдарына үйрету жөніндегі оқу-жаттығулары мен дәрістерде ішкі қызмет ұрыс
іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік жарғылармен, тәлімдемелермен, сондай-ақ осы Жарғымен айқындалады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы әскери тәртіптің мәнін, әскери қызметшілердің оның сақтаудағы міндеттерін, көтермелеу және тәртіптік жазалардың түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын айқындайды. Онда сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскери тәртіп жөніндегі маңызды-маңызды талаптары, оны нығайтудың нысандары мен әдістері туралы негізгі қағидалар бар.

Қазақстан Республикасы Қарулы Куштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы тәуліктік және гарнизондық нарядтың тағайындалуын, құрамын, қызметін ұйымдастырудың және оны өткерудің тәртібін, тәуліктік және гарнизондық наряд лауазымды адамдарының міндеттерін, сондай-ақ гарнизонда бөлімшелер мен бөлімдердің қатысуымен шаралар өткізудің тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық жарғысы саптық әдісті, қарумен және қарусыз қозғалысты; әскери бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машинадағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындаудың, саптық байқауды жүргізудің тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы ережесін, оны әкелу мен әкетудің тәртібін; әскери қызметшіліердің сап алдындағы және саптағы міндеттерін, олардың саптық даярлықтарына талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс алаңындағы қозғалыс әдістерін және қарсылас тұтқиылдан шабуыл жасаған кездегі әрекетін айқындайды.


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің жалпы міндеттері.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

  • командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

  • әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;

  • әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери

қызметшілерінің әскери атақтарын айыру белгілері.


Құрамы

Әскери атақтар

әскерлік

кемелік

Жауынгер мен матростар

Қатардағы жауынгер

Ефрейтор

Матрос

Аға матрос

Серданттар (старшиналар)

Кіші сержант

Сержант

Аға сержант

Үшінші дәрежелі сержант

Екінші дәрежелі сержант

Бірінші дәрежелі сержант

Штаб-сержант

Шебер-сержант

Екінші дәрежелі старшина

Бірінші дәрежелі старшина

Бас старшина

Үшінші дәрежелі старшина

Екінші дәрежелі старшина

Бірінші дәрежелі старшина

Штаб-старшина

Шебер-старшина

Кіші офицерлер

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан-лейтенант

Аға офицерлер

Майор

Подполковник

Полковник

3-дәрежелі капитан

2- дәрежелі капитан

1- дәрежелі капитан

Жоғары офицерлер

Генерал-майор

Генерал-лейтенант

Генерал-полковник

Армия генералы

Контр-адмирал

Вице-адмирал

Адмирал


2. Электронды оқулықпен жұмыс.


III. Қорытынды бөлім - 8 минут

  1. Оқушыларды бағалау.

2. Үйге тапсырма (түсінгендерін айту).

3. Сабақты қорытындылау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал