- Учителю
- Разработка урока по НВП Әскери тәртіп
Разработка урока по НВП Әскери тәртіп
ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ, БАСҚАДА ӘСКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
Тақырыбы: Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы, әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы - бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тәртіптік жаза.
Білімдік мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы, әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы - бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тәртіптік жаза.
Тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғау - басты патриоттық екенін түсіндіру. Қарулы Күштерін сыйлау.
Дамыту мақсаты: Оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгеру, білдіру. Пәнге қызығын дамыту.
Сабақтың түріі: Аралас сабақ.
Уақыты: 45 мин.
Әдістеріп: Түсіндіру. Бейнематериалды көрсету. Оқушылардан сұрау өткізу.
Сабақтын өту орны: АӘД кабинеті.
Оқулықтын аты: 10-11 сынып АӘД оқулығы, 2010 ж., ҚР Конституциясы.
Көрнекті құралдар: Интерактивтік тақта.
Сабақ пішіні: взвод бойынша, жекеленген.
Оқу жоспары:
-
Әскери тәртіп.
-
Қызметтік міндеттер
Кіріспе кезені 10 мин.
1. Взводты сапқа тұрғызу, командирден рапорт қабылдау, түгендеу 3 мин.
2. Өздерін тексеру 2 мин.
3. Үй тапсырмасын тексеру (өткен тақырыпты қайталау) 15 мин.
Негізгі кезен 25 мин
Сабақтын барысы 5 мин.
Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз - барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Жаңа тақырыпты түсіндіру 20 мин.
ҚР ҚК-н жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің ең маңыздысы - әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз - барлық әскери қызметшілердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді, қатаң және дәл сақтауы.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын - ҚР-ын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуге негізделеді, яғни әскери қызметшілерді өздерінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі - көз жеткізу болып табылады, бірақ өз борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:
-
өзін - өзі көпшілік орында ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал ету;
-
парасатты бастамалар көтеру;
-
әскери іс - әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс жүріп жатқан аудандардағы адамдар мен әскери қызметшілерге қамқорлық жасау;
-
командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін сақтау.
ҚР ҚК-нде әскери қызметшілердің қызметтік міндеті және арнайы міндет түрлері белгіленген.
Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы (барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (бригада, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.
Арнайы міндеттер әскери қызметшінің негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде.
Әскери тәртіптің ерекшеліктер:
Біріншіден: әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.
Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да сақталады, ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.
Үшіншіден: әскери тәртіп орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мысалы, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау.
Төртіншіден: командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі басқа тұлғаларға қарағанда кең. (Тәртіптік жарғыда қаралғандай төтенше жағдайларда бағынбайтындарға қару қолдану өкілеттілігі берілгендігінде).
Бесіншіден: әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартылу белгіленген. (Әскери қызметшілер бағынбағаны үшін, бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін, бұйрықты орындамағаны үшін қылмысты жауапқа тартылады).
Алтыншыдан: бағыныстылардың өз командиріне сөзсіз бағынуы.
Әскери қызметшілерге қатысты пайдаланылатын шараларды қолдану үшін командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік беріледі.
Тәртіптік билік дегеніміз - командирлер мен бастықтарға әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға берілген құқығы мен міндеті.
Тәртіпті нығайту үшін командирлер мен бастықтарға берілетін құқықтық шаралар:
-
мадақтау шаралары;
-
әскери тәртіпті бұзуды болдырмау шаралары;
-
тәртіп сөгістері;
-
тәртіптік іс - әрекеттің қосымша шаралары.
Бірде - бір әскери тәртіпті бұзушы жауапкершіліктен құтылмауға тиіс, бірақ бірде - бір кінәсіз адам жазаланбауға тиіс.
Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.
Сұраққа жауап беру арқылы, оқушылар жаңа тақырыпты бекітеді.
Қортынды кезені 5 мин.
-
Жаңа тақырыптың мақсаты және немен жетілдірілгенін айту.
-
Жақсы жауаптарды белгілеу.
-
Келесі сабақтығы өтетін тақырыпты айту.
4. Ұй жұмысы. (10 сынып АӘД өқулығы 6 -9 бет).
АӘД пәнінің мұғалімі: __________________________ Мұхамбетжанов А.С.