7


  • Учителю
  • ӨНдірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық.

ӨНдірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні: 03.12.2013жыл.Тақырыбы: Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық. Общие типы организации производства. Товар и его свойства. Common types of organization of production. Production and market..Тобы: БСО-111, ШТ-111, ДТ-111Сабақтың мақсаты: Үш тілде оқыту негізінде оқушылардың коммуникати
предварительный просмотр материала


«Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы


Гуманитарлық-педагогикалық колледжі


БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістеме

істері жөніндегі орынбасары

___________ А.А. Тойлыбаева

«___»________________2013 ж.














Пәні: Экономика негіздері

Пән бірлестігінің төрағасы:

__________ А.А. Мадаев

Өткізген: Ахназарова Н.Р




2013 - 2014 оқу жылы


Күні: 03.12.2013жыл.

Тақырыбы: Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық. Общие типы организации производства. Товар и его свойства. Common types of organization of production. Production and market..

Тобы: БСО-111, ШТ-111, ДТ-111

Сабақтың мақсаты: Үш тілде оқыту негізінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, ақпараттық кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту, бәскеге қабілеттілігін арттыру.

Білімділік: Студенттерге Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық мән-мағынасын, негізгі факторлары мен модельдері туралы айту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелері туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: Республикамыздың экономикасы жайлы айта отырып, студенттерге туған республикамыз туралы, оның экономикасы мен өркендеуі жайлы тереңірек білім бере отырып, болашақ мамандарды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық процессі жөнінінде терең ғылыми-танымдық білім қалыптастыру арқылы белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс - тәсілі: Билингвальдық әдіс, интегралды әдіс, түйінді мәселе қою, арқылы түсіндірушілік тәсіл, баяндау,әңгіме,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейне таспалар, логикалық сұрақтар, экономикалық терминдер сөздігі ,экономика негіздері оқулығы.

Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, Экономика теория, банк ісі, статистика, ақша қаржы және несие, педагогика, психология, құқық негіздері, математика, саясаттану және әлеуметтену негіздері, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен амандасу, түгендеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.

Сабақтың мақсатын хабарлап, студенттердің назарын сабаққа аудару, экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Мұғалімнің сөзі: ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытып, әлеуметтік саланы басты назарда ұстады.Экономиканың мемлекеттік реттелуі нәтиже беретіндігіне сеніммен қарады. Осы орайда ағылшынның «Темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, біздің бүгінгі ашық сабағымыз өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық деп аталады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

- Меншік дегеніміз не?

- Қазақтың әдет-ғұрып жаңында жер кімнің меншігінде болды?

-Ақша және оның қызметі?

- «Қазақстан Республикасының тұтынушыны қорғау» заңы?

-Тұтынушылық несие?

-Кедейшілік және оның шешу жолдары?

-Нарықтық экономика

-Мысалы: Су тасқыны болып жатыр делік. Талғаттың үйінде катер бар. Адамдарды құтқару үшін Талғаттың катерін ол өзі бергісі келмесе, күшпен тартып алуға бола ма? (Реквизациялау)

Өткен тақырыпты қорытындылау және жаңа тақырыппен байланыстыру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:

Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Еңбек ақы - еңбектің бағасы ретінде.
Пайда - кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.
Өндіріс факторлар
Еңбекақы.
Мақсаты: Өндіріс факторларының нарықтарына шолу жасап, факторлы табыстардың қалыптасуын зерттеу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту:

Сонымен, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық». Бұл сабақта сіздер экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелері туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.

Тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Студенттер өз болжамдарын жасайды)

Болжам тренингі


Өндіріс

Бейне таспа

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Экономиканың үш негізгі сұрақтары: нені, қалай және кім үшін өндіру қажет?

Нені өндіру керек - яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады. Бейне таспа



Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» - өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» - бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады. Бейне таспа

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды құрайды.

Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады. Бейне таспа

Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.

Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды. Бейне таспа

"Kazakhstan will remain committed to swift and efficient development of the Customs Union between Russia, Kazakhstan and Belarus," the President told the members of Parliament, the government and the people of the country during his one-hour address televised nationally. He went on to note that in the first 10 months of the CU operation last year the country's trade with the other two partners jumped 38 percent.

"We offer our European partners to jointly develop and accept, in a multilateral format, a Kazakhstan-EU Energy Charter up to the year 2020," Nazarbayev said. "This would ensure the guarantee of stability of energy supplies to the European markets, and the development of pipeline systems."

Investment-Инвестиции-Инвестициялар - бұл пайда табу мақсатымен ел ішіндегі салаға немесе шетелге мемлекеттің немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімге салынуы. Инвестиция: а) Жалпы инвестициялар - тозған негізгі капиталды ауыстыруға кеткен шығындарды да қамтыған капитал жұмсалымының барлық мөлшері; б) Таза инвестициялар - жалпы инвестициядан амортизацияны алып тастағандағы инвестициялар; в) Тікелей кәсіпорынға салынған инвестиция; г) Портфельдік инвестиция - пайда табу мақсатымен инвестициялардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да құнды қағаздарды сатып алуы.

Capital-камитал- Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.

Inflation-Инфляция -Инфляция - бұл айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Бұл жағдай ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және туарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Дефляция - ақша массасын қысқарту үшін айналымнан артық ақша белгілерін алып тастау, яғни баға мен шығындардың жалпы төмендеуі.

Production - Производства -Өндіріс - ол материалдық игіліктерді өндіру, б TAX-САЛЫҚТАР- НАЛОГ мемлекет бiржақты тәртiпте заңнамамен белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;

өлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды.

ДИВИДЕНДТЕР- ДИВИДЕНДЫ компанияның акционерлерінің арасында акциялардың санына қарай бөлінетін пайдасының бөлігі.

ИНДЕКС- ИНДЕКС экономикалық құбылыстардың дамуының, мысалы, өндіріс көлемінің, өмір деңгейінің, бағалардың салыстырмалы көрсеткіші.

Бизнес (Business) - дело, занятие, приносящее доход, предпринимательская или коммерческая деятельность, вид (направление) деятельности.

Жекешелендіру - мемлекеттік меншік құқығының жеке адамдарға немесе адамдар тобына (ұжым) көшуі.

Инновацинлық даму - жаңа идеялардың, ғылым мен білімнің және технологияның енуімен байланысты.

Экстенсивті (кеңейту) жол - қосымша қорларды (табиғи, материалдық еңбек) пайдалану арқылы өндіріс көлемінің сан жағынан өсуі; интенсивті жолға қарама-қарсы.

Субсидия - денежное пособие из средств государства или местного бюджета, специальных фондов, предоставляемое предпринимателям, организациям, фирмам, отдельным гражданам, местным органам власти и др.

Өндіріс факторлары - бұл нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстар (жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет)

Фирма - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылық жүргізуде еркіндік алған экономикалық субъект.

Рынок -Нарық - бұл экономикалық проблемалардың тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауар өндіру мен тауарға айырбастауда туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формалары.

Спрос -Сұраныс - сұраныстың бағалық (баға) және бағасыз (тұтынушының табысы, саны, тұтынушылардың талғамы, бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлар бағасының өзгеруі, келешектегі өзгерістерді күту)

Предложение -Ұсыныс - ұсыныстың бағалық және бағалық емес (ресурстар бағасы, технология, салықтар және дотация, бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлар бағасының өзгеруі, сатушылардың саны)

Акционерное общество -Акционерлік қоғам (АҚ ) - өз құнды қағаздар- сату арқылы қалыптастыратын кәсіпорын. Акцияның иесі АҚ пайдасының бір бөлігін өзіне алуға құқы бар.

Мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. бағаланады.

Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).

Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

(Алтау ала болса ауыздағы кетеді)

Теңге ................(тиыннан құралады).

Көрпеңе қарай ......... (көсіл).

Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).

Жұмыла көтерген ... (жүк жеңіл)

Ақшаны ..... (ақша жасайды).

Ақша кетуге тырысады,

Есеп ...... (ұстауға тырысады).

Жер ырысы дария,

Ел ырысы ... (қария)

Бәйге"ойыны.

ІV.Қорытындылау.

Әбунасыр әл Фараби «... адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген. Сіздер мамандықты жүрек қалауы бойынша таңдауларыңыз керек. Өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қалаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Ү. Оқушыларды бағалау: Жалпы экономикалық білімдерін күнделікті әлеуметтік, тұрмыстық жағдай мен қоршаған ортамен байланыстырып, өз ойын ортаға салып отырған оқушыларды бағалау

VI.Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Сонымен, өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері, өндіріс және нарық мән-мағынасын, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіріп, экономиканы мелекеттік реттеу мәселесін шешу жолында әлем елдерінде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын аңғардық. Сондай-ақ, Қазақстан халқының да болашаққа нық сеніммен қадам басуында елбасының сындарлы саясат ұстанып, экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін шешіп Қазақстан халқына жыл сайын өз жолдауын ұсынатындығынын куәгеріміз. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетіміздің алдағы уақытта дамытуға үлес қосу жолында білім алындар.

Үйге тапсырма: «Экономикалық терминдерді қайталау» Нарық ұғымына қатысы бар 10 терминдік сөздіктерді жазып, түсінігін айту.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал