7


Жолда жүру ережесін оқу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жолда жүру ережелерінің оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ

24 тамыз 2007 жылғы

№ 404

Қазақстан Республикасының

оқу және білім Министрлігі

бұйрығына

Қосымша 1



Жалпы білім беретін мектептердің

1 - 8 сыныптарына арналған

Жолда жүру ережелерінің оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ



Жол қозғалысы ережелері бойынша 1-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып,айына екі рет қана жүргізілсін.



Жол қозғалысы ережелерін игеруіне 1-4 сыныптарына жылына әр сыныпқа 18 сағат беріледі, ал 5-8 сыныптарына жылына әр сыныпқа 14 сағаттан беріледі.

Осымен ЖҚЕ бойынша оқу бағдарламсы 1-4 сыныптарында келесі пәндері санағы бойынша өтеді (хат, әуен, қоршаған ортамен танысу, тілді дамыту, сыныптан тыс оқу, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, еңбекке баулу) және ай сайын күнтізбе жоспарына енгізу. 5-8 сыныптарында ЖҚЕ сабақтан тыс уақытында сынып сағаттар және факультативтер есебімен өтеді.

Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, еңбек сабағы мұғалімдерімен іске асырылады.

Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі.Бағалар өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама қабылданған нормаларына сәйкес келеді. Әдеттегідей, сабақты сынып жетекшілері жүргізеді және ЖҚЕ оқытып, үйретуге жауапты адам мен әкімшілік бақылауда ұстайды.

ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі-оқу құралдарын, жабдықтарды және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады.

Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар орнатылады.

Кейбір сабақтарды көшеде, жол қиылысында, алаңда (көлік құралдары қозғалысы мен жүргіншілер жүрісін көрсете отырып), қоғамдық көлікте өткізу ұсынылады.

Дәрістерді, жекелеген әңгімелерді, экскурсияларды және т.с.с. өткізу үшін мұғалім (сынып жетекшісі) жол полициясы қызметкерлерін, көлік құралдары жүргізушілерін тарта алады.

Оқыту және сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушыларды көшелер мен жолдарда өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге ықпал жасайтын қысқаметражды кинофильмдер, бейнефильмдер, диафильмдер, диапозитивтер көрсетіледі, КТК-лар, викториналар, жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысы қауіпсіздігі жөнінен жарыстар ұйымдастырылады.

Әрбір сабақтан соң бақылау сұрақтары, тапсырмалар көмегімен оқушының Жол қозғалысы ережелерін қалай меңгергендігін анықтайтын тексеріс жүргізу қажет.





























































Тақырыбы: жолды тағы қай жерден кесіп отуге болады?

Мақсаты :

1. Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.

2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.

3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.

Көрнекіліг: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.

Не білу керек?

* Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.

Не істей білу?

* Жолда жүру ережелерін орындай білу.

Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?

Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.

Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,

қай жерде күту керек?

Аялдамада тұрған автобустың қай жағынан өтуге болады?

Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.

Көшеде әркімнің өз жолы бар:

Адам - жүргіншілер жолы

(ала жолақ), тротуармен.

Машиналар- даңғылмен.

Велосипед - жол жиегі.

Трамвай - рельспен.

Жаяу жүргіншіге арналған жадынама

1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;

3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында - жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;

5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;

6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;

7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.

Жаяу жолда жүру тәртібі

Жеке жүрсең:

1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;

2. Жүгірме, асықпай адымда;

3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлік жолға шықпай айналып өт;

5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;

7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең:

1. Қатардан шықпа;

2. Алысып ойнама;

3. Жүгірме, секірме, итеріспе;

4. Шуылдама;

5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;

Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі

1. Жаяу жолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;

2. Солға және оңға қарап ал: жолдың бір жақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;

3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;

4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;

5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;

6. Көлік жолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!

7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Бір жақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;

8. Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура жүр.

Дильназ. Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Басталсын сабағымыз сәлемменен.

Арманға алға күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Аслан Жол ортасын айландырып алаңға,

Көпшілігің ұмытыпсың ережені далақтап,

Барлығымыз бірге үйреніп білейік

Жол бойында қалмау үшін алаңдап.

Сабина. Ескерту белгісі:

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдаған

Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те.

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Арухан Тыйым белгісі:

Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.

Жұмбақтар

1. Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. /Бағдаршам/

2. Өзі тым күшті, аяғы тісті.

Лезде тындырар қыруар істі /Трактор/

3. Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім /Велосипед/

4. Төрт аяқ домалақ,

Адамсыз ол жүрмейді. /Машина/

5. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. /Бағдаршам/

6. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

Іздеген басталып, алысқа жеткізген. / Жол/

Көрсеткіш белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де түнде де от болып жанамын,

Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.

Бағдаршам:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе

Кідірме, абыржып онда аса

Сенгейсің өзіңнің көзіңе

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа

Балақай, ортадан өткен соң

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

Сөзжұмбақ

1. Жүргізушілерге қозғалысты бағыттайды. Жол бойында кездеседі.

2. Қоғамдық көлік түрі.

3. Зымыран жүргізушісі.

4. Машина маркасы.

5. Бағдаршамның қай жарығы жаңғанда рұқсат етіледі?

6. Алғашқы медициналық пункті.

7. Машинаның аяқ киімі.

8. Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

9. Жолаушы көлікті қай жерде күтеді?

Қорытынды:

Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы крек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады.





Жолда жүру ережесін оқу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал