7


  • Учителю
  • Драгунов мергендік винтовкасының ДМВ материалдық бөлігі

Драгунов мергендік винтовкасының ДМВ материалдық бөлігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Драгунов мергендік винтовкасының (ДМВ) материалдық бөлімі..



Сабақтың мақсаты: 1.Тақырып бойынша түсіндіру.

2. Білімін артыру,дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілікке , патриотизмге тәрбиелеу



Сабақтың әдісі: аралас



Сабақтың орны: Оқу кабинеті



Көрнекілігі: АӘД плакаттар, АӘД оқулығы, метод журнал

Уақыты: 45 мин

Сабақтың барысы

Кіріспе бөлімі

І. Ұйымдастыру.

Взвод комендирі сапқа тұрғызады , әскери оқытушыға баяндайды . Сәлемдесу. Әскери формасына , сырт пішіндеріне назар аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыпты және оның мақсаттарын қайталау хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Мергендік винтовканың ұрыстық ерекшеліктері

мен қолданылуы

7,62 мм-лік Драгунов мергендік винтовкасы (сурет) мергеннің қаруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашық және бүркемеленген жеке нысандарды жоюға арналған.

Мергендік винтовкадан ату 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейлінше тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы: оптикалық көздеуіштен - 1300 м, ашық көздеуіштен - 1200 м. Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы - 430 м, ал көшпелі фигураға - 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы 1 мин-та 30 атысқа дейін. Сүңгі-пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовканың салмағы жаб-дықталмаған оқжатар мен дүм жағын қоспағанда 4,3 кг болады.

Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтар мен винтовкалық патрондар немесе винтовкалық мергендік патрондар қолданылады. Мергендік винтовкадан ату дара атыстармен жүргізіледі. Атыс кезіндегі патрондар 10 патрон сыятын қорапша оқжатардан беріледі.

Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі

бөлшектері

Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден:

• ашық көздеуіш пен дүмнен, қорапшасы бар ұңғыдан;

• қайтармалы механизмнен;

• бекітпе жақтауынан;

• бекітпеден;

• реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіп-пелі итергіштен;

• ұңғы жабуынан (оң және сол);

• соққы-ағытқыш механизмнен;

• тежегіштен;

• оқжатардан;

• дүм жағынан;

















сурет. Драгунов мергендік винтовкасының жалпы көрінісі





















-сурет. Мергендік винтовканың механизмдері:

1 - ашық кездеуіш және дүм, ұңғы қорапшасы бар ұңғы; 2 - ұңғы корапшаның қақпағы; 3 - қайтармалы механизм; 4 - бекітпе жақтауы; 5 - бекітпе; 6 - реттегіші бар газ түтігі; 7 - газ поршені; 8 - серіппелі итергіш; 9 - ұңғы жабуы; 10 - соққы-ағытқыш механизм; 11-тежегіш; 12-оқжатар; 13 - дүм жағы; 14 - оптикалық көздеуіш; 15 - сүңгі-пышақ

• оптикалық көздеуіштен;

• сүңгі-пышақтан тұрады (сурет).

Мергендік винтовканың толық жинағына кіретіндер: жабдық, бау, оптикалық көздеуішке арналған қап, оптика-лық кездеуіш пен оқжатарды тасымалдауға арналған дорба, майлауыш және қосалқы батарейкаларды, торларды жарықтандырудың қыстық құрылғыларын тасымалдауға арналған дорба.



ІY. Қортынды бөлім . Оқушылардан сұраққа жауап алу .

Y. Сабаққа талдау жасау және оқушылардың білімдерін бағалау.

YІ. Үйге тапсырма.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал