7


  • Учителю
  • Химиялық зақым ошығы мен күшті әсер ететін ұлы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина жұмысы

Химиялық зақым ошығы мен күшті әсер ететін ұлы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина жұмысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар

ошақтарындағы санитарлық дружина (пост) жұмысы

Мақсаты:

  1. Оқушыларға күшті әсер ететін улы заттармен таныстыру

  2. Улы заттардан қорғануды үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту

  3. Бір-біріне көмектесуге, достыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.


Өтетін орны: АӘД пән кабинеті.

Сабақ түрі: аралас

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар, қорғаныс киімдер.


Ұйымдастыру кезеңі- 3 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу, рапорт беру, амандасу, түгендеу. Оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


Үй тапсырмасын сұрау-10 минут

  1. Азаматтық қорғаныс қызметінің жалпы міндеттері

  2. Оқу орындарында азаматтық қорғаныс құрылымдардың қандай мақсаттарда ұйымдастырады?

  3. Азаматтық қорғаныста медициналық қызметті ұйымдастыру.

сұрақтарға жауап алу


Үй тапсырмасын бекіту 4 минут

  1. Оқу орындарында азаматтық қорғаныс құрылымдарын құру


Жаңа сабақ мақсаты:

1.Улы заттар туралы түсінік

2.Улы заттардан қорғану әдістері.


Жаңа сабақ -20 минут

Химиялық қару ұрыстық қолданылуы құралдары мен бірліктегі улағыш заттар (УЗ), УЗ - өздерінің физика- химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде, адамдарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып жоюға қолданылуы мүмкін. Уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.

Химиялық қарудың қолдану мақсаттары:

  1. Жеке құрамды қатардан уақытша шығару

  2. Қарсыласты жою

  3. Өндірістік процестерді тоқтату.


УЗ (токсикологиялық) жіктеу


УЗ топтары: УЗ құрамына кіретін химиялық заттар

1. Жүйке жансыздандыратын зарин, заман VХ

2.Тері іріңдік немесе резорбтивтік Иприт, люизит

әрекетті

3.Тұншықтырғыш әрекетті; Фосген, дифосген

4.Жалпы улағыш әрекетті; Синил қышқылы, хлорициан

5.Уақытша қатардан шығару Маскалин, ВZ

(психологиялық және инкапостанттар

( кереңдік, соқырлық шок))

6. Тітіркендіргіш әрекеті CS. CR

Улағыш заттар: бу, аэрозоль, тамшылар түрінде болады.

Химиялық ошақ дегеніміз-улағыш заттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық түлік және шикізат қорлары, су көздері , өсімдіктер мен жануарлар әлемі, тұрғын халқы бар аумақ.

УЗ адам ағзасына

  1. Тыныс алу органдары

  2. Тері мен шырышты қабат

  3. Көздің шырышты қабағы

  4. Асқазан- ішек жолдары

  5. жара беті арқылы әсер етеді.


Апат салдарын жою жөніндегі іс- шаралар жоспары .

  1. Жеке құрам мен халықты КӘУЗ-дың зақымдану қаупі туралы құлақтандыру тәртібі

  2. апат салдарын жою немесе дереу қалпына келтіру

  3. Ошақ шекарасын белгілеу, тәртіп сақатау

  4. бақылау жүргізу және ол туралы ақпарат

  5. Зақымданған жерде АМЖЖ ұйымдастыру.


Медициналық көмекті ұйымдастыру.

  1. Химиялық қаруға қарсы қорғаныс іс шараларын жүргізу

  2. Мейлініше тығыз уақытта алғашқы жәрдем көрсету

  3. Ошақ сыртына көшіру

  4. Зақымданғандарға санитарлық көмек

  5. Ошаққа алғашқы дәрігерлік көмекті жақындату

Зақым ошағына санитарлық дружина енгізуді ұйымдастыру және зақымданушыны іздеу, оларды сұрыптау алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезіндегі жұмыстардың ерекшеліктер.

  • Химиялық зақым ошағында жеке қорғану құралдарымен жұмыс жүргізу

  • Барлық зақымданушыларды УЗ әсер етуінен қорғау

  • Ең алдымен, көмек балаларға, әйелдерге көрсетіледі.

  • Химиялық зақым ошағы ауданында қауіпсіздік ережелерін сақтау


Жеке қорғаныс құралдарымен таныстыру және киіп көрсету, кию тәсілін үйрету.


Жаңа сабақты қорыту 5 минут

  1. Химиялық қаруды қолдану мақсаттары

  2. УЗ адам ағзасына әсері


Үйге тапсырма , оқушыларды бағалау 3 минут


Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Үйге параграфф 4 246-250 бет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал