- Учителю
- Сабақ жоспары' Өзін -өзі тану және өмірді тану
Сабақ жоспары' Өзін -өзі тану және өмірді тану
Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі: Қанатова А.С
Сыныбы: 4-сынып
Күні:-08.09.2014.ж
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану, өмірді тану
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын
арттыру; сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық, «алтын сақа»(асық)
. Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады,А.Асылбековтың «Шұғылалы әлем»атты өлеңін мұғалім айтып,оқушылар қайталайды
. Әңгімелесу Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі: Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер? Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
Мәтінмен жұмыс «Мақтай неге мақталар?»өлеңіндеде аталған жақсы қасиеттерді атап,оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқиды. Ойын Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығуы үшін ойын ұйымдастырылады. Мәтінмен жұмыс «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып шығу.
Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Дәйексөз «Өзін-өзі танудың»кіріспе сабағы болғандықтан өзін-өзі танудың қажеттілігін білу мақсатында дәйексөз түсіндіріледі.
Жаңа ақпарат Балаларды жаңа ақпаратпен таныстыру,өзін-өзі тану туралы ой түйіндеу. Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазу.
Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,сабақты қорытындылау.
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрып,қол ұстасып бәрі бірге «Өзін- өзі тану арқылы өмірді танимыз»деп екі рет қайталайды. «Керек»өлеңін оқиды