- Учителю
- Урок на теме 'Үркер'
Урок на теме 'Үркер'
Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында дүниеге келген.
Ол - көрнекті қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы жарық көрді. Содан бері проза, әдеби сын саласында көптеген жинақтар шығарды. Шығармаларының негізгі арқауы- белгілі бір тарихи жағдай, халық ахуалы, тағдыры, олардың бір-біріне ықпалы, бүгінгі күн тұрғысының берер бағасы.
Негізгі шығармаларының қатарында «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Тырау-тырау тырналар», «Бір уыс топырақ » т.б. бар.
Әйтеке жарып айтады. Қазыбек қазып айтады. Төле тауып айтады. Үш арыс қазақ оларды сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау! Тіпті қаралар дау қаралып, шешілер түйін шешіліп біткесін де, тарағылары келмей үш бидің аузына қарап тамсанып бағар-ды.
Осы жолы да әз Тәукені күллі қазаққа ортақ хан сайлап, сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, жеті жарғының жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталғасын да жиылған жұрт.
-
Жұрт: «Ертең елге барғанда айта баралық. Үш би бізге не дейді екен? Соны естіп кеткіміз келеді».
-
Тәуке хан: Сонда үш биден не сұрайсыздар?
-
Жұрт:
-
Үш би бізге ең әуелі заман құлқынан үш ауыз сөз айтсын!
Сонда төбенің басына қамшысын ұстап Төле би:
-
О, әлеумет, қалай осы, жылқы біткен көп кісінесіп кеткен жоқ па, әйел біткен көп кісімсініп кеткен жоқ па?
Одан кейін төбеге Қазыбек би көтеріліп, сонау мұнарытқан көкжиекке қарап тұрып:
-
Жылқы біткен көп кісінесе, ел шетіне бір дүбір жетейін деп жүргені болмасын, әйелдер көп кісімсінсе, қадірлерінің өтейін деп жүргені болмасын! - дейді.
Әйтеке би қамшысын көкке көтеріп:
-
Ел шетіне дүбір жетсе, атыңның жалы панаң болар, көк сауытың - қатын, көк найзаң балаң болар !
Қарақұрым халық үн-түнсіз бастарын шұлғыған-ды.
-
Тәуке хан:
-
Енді не сұрайсыңдар?
-
Жұрт:
-
Енді үш биге бізге кәрілік пен жастық қақында не мәслихат қосады екен? - деген жиылған көп.
-
Төле би:
-
Үй сыртында төбең болса - ерттеулі тұрған атың ғой, ел ішінде қарияң болса - жазулы тұрған хатың ғой.
-
Қазыбек би:
-
Жалтылдайды екен деп жастықты сөкпе - бәріңнің шыққан тегің сол; қалтылдайды екен деп қарттықты сөкпе - ертеңгі жетер шегің сол!
-
Әйтеке би:
-
Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық, сақалын тосқан кәріден еңбегін тосқан бала артық!
-
Тәуке хан:
-
Тағы не білгілерің келеді?
-
Жұрт:
-
Енді бізге үш би: жомарттықтың қандайы жаман, сараңдықтың қандайы жақсы- соны айтсын.
-
Төле би:
-
Жомарттықта суайттың куәге жомарттығы , молданың дуаға жомарттығы жаман.
-
Қазыбек би :
-
Жомарттықтың және бір жаман түрі: еркектің жетекке көңілшектігі.
Әйтеке би:
-
Дуаға жомарт молда малынан қағылар, куәге жомарт суайт абырой-арынан қағылар, жігіттің көңілшектігі - атының соры, ең жаман жомарттық - уәдеге жомарттық.
-
Төле би қамшысын қолына қайта алып.
-
Ең жақсы сараңдық: қасын сұрағанда «барға» сараңдық, досың сұрағанда «жоққа сараңдық»
-
Қазыбек көп алдына қайта шығып :
-
Көрсе қызардың алдында - жарына сараңдық, айналдырған аурудың алдында жаныңа сараңдық лазым.
-
Әйтеке би :
-
Тамыр мен тамырдың арасында боқшаға сараңдық, дос пен достың арасында бопсаға сараңдық.
Жұрт бұл жолы бір-біріне бас изесіп желпінісіп қалысты.
- Тәуке хан:
- Тағы қояр сұрақтарың бар ма?
-
Жұрт:
-
Енді үш би бізге ұл мен қыз қақында не айтар екен?
-
Төле би :
-
Ұл өссе - ұрпақ, қыз өссе - өріс.
-
Қазыбек би:
-
Ұл бала аптыққаннан өлсін, қыз бала тұншыққаннан өлсін.
-
Әйтеке би:
-
Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің.
-
Жұрт:
-
Енді үш жорға ерлі-зайыпты екеу туралы бірдеңе айтсын.
-
Төле би:
-
Жарақтыдан құтқарса - атың мұра, жалғыздықтан құтқарса - қатын мұра.
-
Әйтеке би:
-
Азынаған айғырды үйірінде көр, аңқылдаған жігітті үйінде көр .
Қарақұрым халық тағы да гу-гулей жөнелді.
-
Тәуке хан:
-
Енді де сұрақтарың бар ма? .
-
Жұрт:
-
Үш би бізге енді бізге адам құлқынан үш ауыз сөз айтсын!
Қамшысын алып Төле би қайта ортаға шығып:
-
Биікке шықсаң - көңілің ашылар, жақсымен тілдессең - зейінің ашылар.
Қазыбек қамшысын ұстап тұрып:
-
Аты жаманның арманы кетер, баласы жаманның дәрмені кетер.
Әйтеке жұртқа қарап:
-
Ниеті жаманның иманы кетер, әйелі жаманның мейманы кетер, алланың сүйгені - азан, халықтың сүйгені - қазан. Күлтөбеге жақын ауыл біздікі екен. Жиналған көп әлеумет, жүріп дәм татыңдар!
Бұл жолы жұрт гуілдесіп ала жөнелді.
Жұрт:
-
Оу, жамағат, не байқадыңдар? Қазақтың игі жақсысын жиып, батасын алып, исі Алаштың ырыс-несібесін Жанарысқа қалдырп кетсін деп тұр ғой бұл сығыр!
-
Қазыбек би:
-
Төке, жол үлкеннен, қызмет кішіден деген ғой. Жолымыздан қалмайық! - деп төбе басынан түсе берді.
Өтес орта мектебі ММ
«Үркер»
Әбіш Кекілбайұлы - 75 жыл!
«Тығырық» әңгімесінен үзінді
2014-2015 оқу жылы
Көріністі қойғандар:
-
Тәуке хан - Бердімұрат Сұлтан
-
Төле би - Төреғалиұлы Расул
-
Қазыбек би - Нұрланұлы Жандос
-
Әйтеке би - Жанайс Ербұлан
-
Ауыл адамдары: 1.Бердібек Мадияр
2.Қыстаубайқызы Аяжан
3. Біржанұлы Жангелді